Кітап пен мектеп кітапханасының білім, тәрбие және рухани-мәдени дамудағы рөлі

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуда жетекші роль атқарады. Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары ілім теориясы деп аталады. Танымдық әрекет -шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілілктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділігінен ізденімпаздық қалыптасады. Сократ өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсетті. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкіртіне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ойын тұжырымдарын жасай білуге үйретеді.

Кітап-адам баласының бойына жақсы қасиеттерін қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып, жетілуіне үлкен әсер етеді. Сондықтан да баланы кішкентай кезінен кітап оқуға дағдыландырып, оған ынтасын арттырудың мәні зор. Қарапайымдылық, кішіпейілдік, адалдық, шындық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. 4-5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады. Кейбір ата-аналар баласының басын қатырып қайтеміз, мектепке барғанда да оқыса болады деген ұғыммен, кітаппен достастыруға еш мән бермейді. Бұл дұрыс емес.

Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейтіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін алдын-ала белгілеп, оны ата-анасы өздері ұсынуға да болады. Баланы жас кезінен кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауға баулыған жөн. Кітап оқудың өзі еңбек екенін, кітаптардың бәрі де еңбекпен жазылып, қиындықпен жасалатынын түсіндіру қажет.

Балаларға, өмірде кітаптың мәні өлшеусіз екенін ескертіп, оны қадағалап отыру ата-ана мен ұстаздардың парызы.

«Балдырған», «Ақ желкен» журналдары мен «Ұлан» газетіне тұрақты жаздырып отырса, оны оқыған баланың білімі мен танымы талабына сай болады. Баланың ой-өрісін ғана емес қоғамдық белсенділігін арттырады, рухани әлемін кеңейтеді.

Қоғамымыздың дамуы ақпараттың кең таралуымен мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі. Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жарқыраған жарық сәуледей жол нұсқайтын-мектеп кітапханасы. Рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан-теңіз. Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар»деп алдағыны көрегендікпен болжаған. Мұндағы «шамы»тұңғиық терең білім, ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері-кітапхананың қашанда тұғыр биік болуы тиіс.

«Жақсы кітап оқу-жақсы адаммен сырласқанмен бірдей»деп Толстой атамыз айтқандай оқырмандар саны көбейіп, жас жеткіншектердің көзі ашық, көкірегі ояу, заманының ұлы тұлғасы болуына кітапханашының тигізер үлесі өте көп. Күш-кітапта, оқу-білімсіз, рухани демеусіз, ешкімге де алысқа ұзай алмайды. Бала-болашағымыз, өсер ұрпақ өнегені өзгеден емес, өз ішімізден іздесе, мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ.

Кітапхананың қазіргі кезде, жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы қабілетін, ой-өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.

Кітапханамыз-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өйткені, өткен замандардың өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз.

Кітапханамыз-қашанда ғажайып қазына.


Ұқсас жұмыстар
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп кітапханасының білім беру, тәрбие және ақпараттандырудағы рөлі
Оқушыларды кітапханалық-библиографиялық білім негіздеріне оқыту: мектеп кітапханасының рөлі мен әдістемесі
Кітап - сарқылмас рухани әлем: тарихы, тәрбиелік және білім беру рөлі
Сынып сағаты: Кітап - рухани қазына және білім-тәрбие көзі
Мектеп кітапханасының оқушылардың білімін, шығармашылығын және ақпараттық мәдениетін дамытудағы рөлі
Кітап - рухани қазына: білім мен тәрбие көздері және оқулыққа құрмет
Мектеп оқушыларына арналған Кітап - рухани қазына таңдау курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
Тәрбие сағаты жоспары: Кітап - білім бұлағы
3-А сыныбына арналған тәрбие сағаты: Рухани жаңғыру және кітап мәдениеті
Білім мен тәрбие: мектеп, отбасы және қоғамның тұлға тәрбиесіндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz