Технология пәні: кеме үлгісін құрастыру бойынша практикалық сабақ

Аменов Алмас Какимович, технология пәні мұғалімі,

А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп-балабақшасы.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Кеме

Сабақтың мақсаты: «Кеме үлгісі» үйірмесінен алған білімдерін қорыту, бекіту; оқушыларды бірлесіп әрекет жасауға ұйымдастыру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс орнын дайындау

Теңіз қашанда өзінің шексіздігі мен құпияға толылығымен адамдарды қатты қызықтырады. Сол қызығушылықпен адамдар ашық теңіздердегі қауіптерге қарамастан саяхатқа шығып жатады. Ол үшін су бетінде еркін жүзуге арналған кеменің неше түрін ойлап тауып жатыр.

Түсіндірме сөздік:

Лайнер - жолаушы және жүк тасымалдайтын үлкен жүрдек кеме

Палуба - кеменің үсті

Каюта - кемедегі жеке бөлме

Акватеатр - су астында өнер көрсететін театр

Миль - әр елде әртүрлі қолданылатын метрлік емес ұзындық өлшемі

Яхта - кішірек кеме

Катер - яхтадан да кіші кеме

Скутер - жылдам жүретін бір орындық қайық

ІІ. Жаңа сабақ

Практикалық жұмыс

Кеме құрылысы:

1. «Титан» желімі

2. Ватман

3. Желімді түрлі-түсті қағаз

4. Декор материалы

5. Фольга

6. Сары сым

Модель мына материалдардан жасалды:

ПВХ, ватман, желім, скотч, декор

Пайдаланылған құралдар:

Қайшы, пышақ, қалам, қарындаш, сым

Жасалу технологиясы:

Ватманға кеме үлгісін түсіру, декор материалынан үлгі корпусын дайындау, сыртын фольгамен қаптау, әшекейлеу, ойыншық құрылғыларын т. б құрылғыларды тиісті жеріне орналастыру, су сызығын желімдеу.

Танымдық ақпарат:

Теңіз кітапханасы бар ең үлкен лайнер

Кеме ішінде орналасқан кітапханасының үлкендігімен мақтана алатын кеме - «Куэн Мэри ІІ» деп аталады. Ол қызметін 2003 жылдан бері жалғастырып келеді. Кеменің «Куэн Мэри ІІ» деп аталуының себебі бар. Оның есімі 1934 жылғы «Куэн Мэри» атты ағылшындық серуенге арналған бумен жүретін кеменің құрметіне қойылған.

Сондай-ақ, кемеде салтанат сарайы да бар. Ол өзінің көлемі жағынан «Теңіз ортасындағы оазистен» сәл ғана артта қалады. Кеменің 2600 жолаушыға арналған 1310 каютасы бар. Оларға 1245 кеме қызметкерлері қызмет көрсетеді.

«Куэн Мэри ІІ-де» ең алғашқы және әлемдегі жалғыз теңізден ғарыш денелерін бақылайтын аспап орналасқан.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Жұмысты бағалау және талдау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып: Технология пәні бойынша киіз үйді құрастыру және практикалық макет жасау
Ілмекті иықағаш жасау: 6-сынып технология пәні бойынша практикалық сабақ жоспары
Тігін бұйымдарын құрастыру және алжапқыш тігу: технология пәні сабақ жоспары
5-7 сыныптарға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Роботтың негізгі үлгісін құрастыру
Полиэтилен пакеттен аққу жасау: технология пәні бойынша сарамандық сабақ
6-сынып Технология пәні: бисерден көбелек тоқу бойынша сабақ жоспары
Ағаштан қар күрек жасау: технология пәні бойынша сабақ жоспары
Текстильдік аппликация: технология пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Технология пәні бойынша сабақ жоспары: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Құрақ құрау мозаикасы: технология пәні бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz