Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Гигиеналық факторлар
<<Өрлеу>> біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы
<<Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты>>
Дәріс - диалог
тақырыбы
<<Мектепте денсаулықты сақтау ортасын
қалыптастырудың факторы - денсаулық мәдениеті>>
Баяндама
тақырыбы
<<Денсаулық сақтау ортасын қалыптастырудың факторлары>>
Дайындағандар: Аубакирова Ж.Т.,
Май ауданы, Малайсары ОМ
Павлодар
2014
Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған <<Қазақстан -2030>> жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттілігі туралы айтып өткен болатын. Әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, <<Білім туралы>> заңы, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған <<Саламатты Қазақстан>> мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген.
Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы <<Салауатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс>> екендiгiн атап көрсеттi.
Жоғарыда көрсетiлгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған <<Саламатты Қазақстан>> мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.
Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады.
Денсаулық дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.
Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.
Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.
Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.
Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.
Теория мен практиканың байланыс принципі практика жүзінде денсаулық сақтау мен дене шынықтыруда өз білімін қолдануды оқушыларға үйретуге шақырады. Оқушыға өзін қоршаған ортаны білім көзі ретінде ғана емес, білімді қолдану ортасы ретінде үйретуіміз қажет.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:
1. Қозғалысқа бағытталған құралдар;
2. Табиғаттың сауықтыру күштері;
3. Гигиеналық факторлар.
Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:
қозғалыс;
физикалық жаттығулар;
сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;
эмоцияны басу мен <<тыныштық минуттары>>;
гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирациялық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);
емдік дене шынықтыру;
қозғалысты ойындар;
массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.
Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.
Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану).
Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:
СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)
Оқу өтілетін орынды желдету және дымқыл тазарту;
Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;
Оқушыларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.
Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.
Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді.
Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.
Олар:
- алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;
- функционалдық музыкаларды қолдану;
- сабақты аудио сүйемелдеу;
- жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою
арқылы;
- қайта оралту іс-шаралары түрінде;
- жаппай спорттық - сауықтыру іс - шаралары арқылы;
- денсаулық мерекесі;
- табиғатқа серуендеу;
- экскурсия;
- оқушының ата - анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық
сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру - теориялық, практикалық сабақтарды
өткізу;
- педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін.
Денсаулық сақтау технологиясы әдістеріне сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады. Оқыту әдісі (грек сөзі <<бір нәрсеге барар жол>>) дегеніміз мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін жүйеленген іс-әрекеті.
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, <<денсаулық сақтау технологиясы>> ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.
Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.
Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қалыптасыру төмендегідей жүргізіледі:
мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;
оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;
қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;
игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.
Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да - мұғалім сабағы - оның негізін құрайды.
Баланың сабақты жақсы оқуы, оның 1-сыныпқа келгендегі денсаулық жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан оның денсаулығын анықтай отырып, одан кейінгі мектептегі оқу кезінде олардың оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Оқушының мектепте алған білімдері оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймауы қажет. Мектептегі оқытуды қалыптастыру, оқу үрдісіне талапты күшейту сынып оқушыларына жаңа оқыту технологияларын қолдануды талап етеді.
Қазіргі уақытта қолданыстағы оқушы денсаулығын сақтауға әртүрлі әдістер мен оқыту формаларын ұсталатын денсаулық сақтау технологияларын бірнеше топқа бөлуге болады. Оларды өзара жинақтай отырып 2 типін бөліп көрсетуге болады: ұйымдастырушылық және педагогикалық.
Бірінші типке оқыту барысында денсаулық сақтау жағдайы жасалған технологиялар жатады, ал педагогикалық технологияларға оқушыға ақпараттық, психологиялық және биоэнергетикалық деңгейде мұғалім ықпалы бар технологиялар жатқызылады.
<<Денсаулық сақтаушы>> ұғымы кез - келген оқыту технологияларына олардағы педагогикалық үрдістің қаншалықты оқушы мен мұғалім денсаулығын сақтау мен нығайту міндеті шешілгеніне орай сапалық сипат ретінде беріледі. Сондай-ақ, ол білім беру жүйесінің басты мақсатына жетуге, педагогикалық әрекеттің идеясы мен принциптерін ұстануға қаншалықты бағытталғандығын анықтайды. Бұл білім берудің оқушының келісімінсіз денсаулығына зиян келмейтіндігі туралы <<өтем>> екендігін көрсетеді
<<Салауатты өмір салты>> ұғымы адамның қызметін өз деңгейінде жүргізуге қажетті өмір, еңбек, демалыс, тұрмыс жағдайларын сауықтыру үшін жасалатын әрекеттері екендігін көрсетеді. Денсаулық сақтау технологиялары барлық оқу сатыларында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтереді, әрі тұлғаны дамытады, оның әртүрлі бағыттағы талабын жүзеге асырады.
Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді "бала-қоршаған орта" жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің әсері анықталған.
Мұнда оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі факторлар анықталды: жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп сиымдылығының жоғарылауы, екі ауысымда сабақ оқу, оқу бөлмелерінің ауданының жеткіліксіздігі т.с.с.); жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы; анасының жұмыс бастылығы; мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы, бастауыш сыныпта ұзартылған күн тәртібінде болуы; әкесінің маскүнемдігі; мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы; күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы;
Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:
1. Қолайлы факторлар:
* а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
* б) шынығу;
* в) дұрыс, балансты тамақтану;
* г) рационалды күн тәртібі;
* д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
* е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
2. Қолайсыз факторлар ("қауіптілік" факторлары):
* а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
* б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
* в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
* г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
* д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
* е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
Қорыта келгенде, мектептің денсаулық сақтау ортасы дегеніміз - әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың, оқушының адаптациялық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті физиологиялық компоненттердің, денсаулықты сақтау мен дамытуға әсер ететін факторлар жиынтығы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан- 2030 Алматы: Білім, 1997.-96с
2. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған <<Саламатты Қазақстан>> мемлекеттік бағдарламасы 2010 ж 29 қарашадағы №1113 жарлығы.
3. Интернет желісі google.kz.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz