№23 жалпы білім беру орта мектебінің 6 а сыныбына арналған биологиядан сыныптан тыс сайыс-сабақ Бақытты сәт (24 қазан 2013)

«№23 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Бақытты сәт

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс

Өткізген:Еңсегенова К. Ө.

Ақтау - 2013 жыл

24 қазан 2013 жыл Биологиядан сыныптан тыс жұмыс: «Бақытты сәт»

6 а сыныбы

Тақырыбы :Бақытты сәт

Мақсаты : Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бірін-бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс, сайыс-сабақ.

Көрнекілігі: Ғалымдар суреттері, слайд.

Сайыстың өту кезеңдері:

  1. Таныстыру
  2. Бәйге
  3. Ғажайып жетілік
  4. «Ойлан тап!»
  5. Шешендік өнер

Сайысқа 6 а сыныбынан екі топ қатысты: І топ - Білімділер

ІІ топ - Зерделілер

Бәйге кезеңінде екі топқа он сұрақтан қойылды. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланды.

І топ сұрақтары:

  1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым
  2. Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты?
  3. Жасушаны ашқан ғалым
  4. Өсімдіктің вегетативті мүшелері
  5. Өсімдік ұлпаларын атаңыз
  6. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі
  7. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр
  8. Микроскоптың негізгі бөлігі
  9. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі -

10) Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа -

ІІ топ сұрақтары:

1. Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым

2. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “Қызыл кітабы” қай жылы шықты?

3. Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа

4. Өсімдіктің генеративті мүшесі

5. Жасушаның тығыз, сыртында екі қабат қабықшасы бар бөлімі

6. Жасушасына су жинаушы ұлпа

7. Негізгі тамырдың жан-жағына шығатын тамыр

8. Дара жарнақты өсімдіктер тұқымында ғана болады

9. Жасуша ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық

10. Тек өсімдік жасушасына тән органоид

ІІІ. «Ғажайып жетілік»

Бұл тур бойынша ұпай санын (5, 10, 15) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi

Терминдер 5 10 15

Өлең-жырлар 5 10 15

Мақалдар 5 10 15

Жұмбақтар 5 10 15

Сандар 5 10 15

Өсімдіктер 5 10 15

Жануарлар 5 10 15

ІҮ. «Ойлан тап»

Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарларға қатысты сөздерді құрастырып жазу керек.

1- топ: ж, ұ, а, т, л, п, ұ, ы, п, а, р, л, к, і, а, қ. (ұлпа, жапырақ, түлкі)

2 - топ: г, ж, қ, а, ү, а, с, қ, с, у, л, ы, р, ш, а. (гүл, қасқыр, жасуша)

Ү. Шешендік өнер

Бұл бөлімде екі топқа берілген «Өсімдіктің пайдасы» және «Жануардың пайдасы» тақырыбында топ басшылары сөз сөйлейді.

ҮІ. Қорытындылау

Сайыс нәтижесінде ІІ топ 72 ұпай жинаса, І топ 87 ұпай жинап І орынды иемденді.


Ұқсас жұмыстар
№25 жалпы орта білім беру мектебінің 1 В сыныбына арналған Тапқырлар тартысы интеллектуалды жарысының сыныптан тыс сабақ жоспары (2021-2022 оқу жылы)
№7 жалпы білім беру орта мектебінің 9 А сыныбына арналған ағылшын тілі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары: A Part-Time Job
Өтес орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларына арналған Жұлдызды сәт математикалық сайыс бағдарламасы, 2013
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің 6-10 сыныптарына арналған сыныптан тыс сайыс сабағы Білгір биологтар (Айгожин А.Б., 2015)
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика әлемінде сыныптан тыс шарасының сценарийі (2014-2015 оқу жылы)
№54 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныптарына арналған Бақытты сәт ойынының дидактикалық сценарийі
Бақытты сәт: 5-сынып оқушыларына арналған Тіл мерекесіне орай интеллектуалдық сыныптан тыс шара (оқыту орыс тілінде)
Тараз қаласы №9 орта мектебінің 2 А сыныбына арналған Ең ақылды оқушы интеллектуалды ойынының сыныптан тыс жұмыс жоспары
Ақтау қаласы №8 жалпы білім беру мектебінің 2 а сыныбына арналған сабақ жоспарлары: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Жұлдызды сәт - Чапаев ауылы №1 ОЖЖМ ашық сыныптан тыс музыкалық сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz