Ситуациялық тапсырма

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектеп педагог - психологі

Баймуратова Баян Бахиевна

Психология - 8 сынып
Психология - 8 сынып: Сабақтың тақырыбы:
«Мен неге келіспеушілікке барамын?»
Психология - 8 сынып: Сілтеме:

1. Қазақстан Республикасы Жастар жетістігі орталығында жасақталған бағдарлама және әдістемелік көмекші құралы. Т. П. Стекольниковой., Кошкербаева С. М., Кудайбергенова С. К., Ким Е. Т. - Алматы 2003ж.

2. «Психология» Ф. Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы - 1976ж.

3. «Жантануға кіріспе» Қ. Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.

4. «Игры обучение тренинг досуг» М - 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.

5. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал) . Ақтау - 2008ж.

6. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі» Маңғыстау - 2010ж. Баймуратова Б.

Психология - 8 сынып: Сабақтың мақсаты:
Мектеп оқушылары келіспеушілік себебі ретіндегі қарым - қатынастағы тосқауыл ұғымымен танысады.
Психология - 8 сынып: Міндеті:
Өзіне деген және айналасындағыларға деген қарым- қатынасты бағалау арқылы дағдыларын қалыптастырады.
Психология - 8 сынып: Оқыту нәтижелері:
  1. Оқушылар келіспеушілік себебі ретіндегі қарым - қатынастағы тосқауылды тани алады.
  2. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Психология - 8 сынып: Жаттығулар:
Ситуациялық тапсырма, топтық жұмыс: «Мен неге келіспеушілікке барамын?», презентация: «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар», тренинг: « Тілек », тренинг: «Жеке тұлғалық ерекшелік»
Психология - 8 сынып: Тапсырмалар:
Шығарма жазу: «Тиімді қарым - қатынас»
Блум таксаномиясы
Жұмыстың атауы
Мазмұны
Блум таксаномиясы: Білім
Жұмыстың атауы:

Үй тапсырмасы:

Ситуация: «Келіспеушілік»

Топтық жұмыс: Келіспеушіліктің түрлері: (Презентация)

Мазмұны:

Оқушылар үй тапсырмасына берілген ситуацияны «Келіспеушілік» тақырыбында орындап келіп жұптық және топтық жұмыс арқылы талдайды. Ең жақсы ситуацияны ортаға салып талдайды. Өзге топтың оқушылары өз пікірлерін білдіреді.

Оқушыларға үй тапсырмасында талқыланған келіспеушілік ситуациялармен қоса өмірден алынған ситуацияларды ортада талқылау арқылы түрлерін анықтайды.

Блум таксаномиясы: Түсіну
Жұмыстың атауы:

Топтық жұмыс:

Ситуациялық тапсырма : «Мен неге келіспеушілікке барамын?»,

Мазмұны: Оқушылар енді сұрақты өздеріне қою арқылы өз - өздеріне сыни тұрғыда қарай отырып, өздеріне талдау жасайды. Бірінші сабақта жасалған диагностикалық жұмыстағы талдамаларын басшылыққа ала отырып, шынайы өмірмен байланыстырыды. Қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысады. Өз - өзін реттейді. Орта мерзімдегі тақырыптар арқылы қалай өзгергенін түсіндіреді.
Блум таксаномиясы: Қолдану
Жұмыстың атауы: Презентация : «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар»,
Мазмұны: Оқушылар өздерінің келіспеушілікке бару себептерін түсіндіру арқылы, оған әсер етуші факторлар бар екенін дәлелдей алады. Себепсізден - себепсіз келіспеушілік болмайтынына көздері жетеді.
Блум таксаномиясы: Талдау
Жұмыстың атауы: Тренинг: «Жеке тұлғалық ерекшелік»
Мазмұны: Тренинг арқылы оқушылар қай уақытта да өмірде бірінші жеке тұлғалық роль алатынын түсіне алады және талдайды, зерделейді.
Блум таксаномиясы: Жинақтау
Жұмыстың атауы: Тренинг: « Тілек »,
Мазмұны: Тренинг кезінде оқушылар жалпы келіспеушілікке бармау үшін күнделікті өмірде бір - біріне жағымды сөздерді қолдануға болатынын тұжырымдайды және бір - біріне жағымды сөзді ұсынады.
Блум таксаномиясы: Бағалау
Жұмыстың атауы:

Көшбасшы:

Үй тапсырмасы:

Слайд: «Іскерлік қарым - қатынас»

(әдеп және имиджге байланысты)

Мазмұны: Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз

Рефлективтік есеп

16. 05. 2012ж орта мерзімді үшінші сабағымды жүргіздім. Тақырыбы: «Мен неге келіспеушілікке барамын?». Мақсаты: Мектеп оқушылары келіспеушілік себебі ретіндегі қарым - қатынастағы тосқауыл ұғымымен танысу. Міндеті: Өзіне деген және айналасындағыларға деген қарым - қатынасты бағалау арқылы дағдыларын қалыптастырады. Осы мақсат міндеттердің негізінде оқушылар келіспеушілік себебі ретіндегі қарым - қатынастағы тосқауылды тани алады және салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланды деген нәтижеге жетті. Осындай нақты нәтижеге жету үшін жұптық және топтық тапсырмаларды ұйымдастырдым. Сабақтың білім кезеңінде оқушылар үйге берілген тапсырмаларды бірінші жұптық, сосын топтық жұмыс арқылы талдап, қорғауға дайындалды.

Қорғау кезінде оқушылар өздерінің жеке өмірінде болған ситуацияларды ортаға салып, келіспеушіліктің қай түріне жататынын, болу себебін анықтай алды. Тіпте кейбір оқушылар сыныпта болған оқушылар арасындағы келіспеушілікті мысалға алып талдап та жатты. Кейбіреулері дұрыс жасамаған әрекеттеріне күліп мойындап отырды. Топтық жұмыс кезінде талқыланған ситуацияларға байланысты оқушылар өздерінің бұрын соңды жасаған әрекеттерін келіспеушіліктің қай түріне жататынын анықтай отырып, себебін түсіне алды. Бұл тапсырма бойынша ортаға шығып өзін ерекше көрсеткен оқушыларды 3 топта көшбасшы етіп сайладым. Көшбасшылар өздерінің орындайтын міндеттерімен танысып, критерилері берілген бағалау бетшелерін қолдарына алды. Келесі тапсырма бойынша топтық жұмыс презентация ұйымдастыру берілді. Презентация: «Келіспеушіліктің түрлері» (дәлелдемелер арқылы) . Әр бір топ өздерінің түсініктері бойынша келіспеушіліктің түрлерін сараптап, дәлелдеуге жұмыстанды. Келіспеушілктің түрлеріне тоқталған кезде оқушылар тіпті жергілікті жерімізде болып өткен көтерілістерді мысалға алып, оның ашық және жабық түрлерін дәлелдеп, жабық болса да, ел естиді деген сөздерді айтып өтті. Сыни тұрғыда ойлай отырып ересектерше қарсы пікірлерін айтып, сонымен қатар «Егер мен болсам . . . » - деген пікірлерді де білдіріп отырды. Келесі тапсырма түсіну кезеңінде әр топқа ситуациялық «Мен неге келіспеушілікке барамын?» деген сұрақ берілді. Оқушылар енді сұрақты өздеріне қою арқылы өз - өздеріне сыни тұрғыда қарай отырып, өздеріне талдау жасады. Бірінші сабақта жасалған диагностикалық жұмыстағы талдамаларын басшылыққа ала отырып, шынайы өмірмен байланыстырды. Қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысты. Өз - өздерін реттеді. Орта мерзімдегі тақырыптар арқылы қалай өзгергенін түсінді. Сынып ішінде көбінесе айқай тудырып отырған Фарида есімді оқушым өзінің келешектегі әрекетінде бірінші кезекте өз - өзін өзгертуді қолға алатындығын айтты. Сабақ барысында оқушылар өздеріне керекті көп мағлұматты алды. Топ ішінде болған өзгерісті мен осы соңгы сабағымда байқадым. Оқушылар әр бір ситуацияға байсалдықпен, сабырлықпен қарауға тырысты. Мен неге келіспеушілікке барамын? сұрағы арқылы өздеріне деген жауапкершілікті міндет етіп алды.

Қолдану кезеңінде АКТ - қолдану арқылы сыни тұрғыды ойлана отырып, «Келіспеушілікке әсер етуші факторлар» презентациясында оқушылар өздерінің келіспеушілікке бару себептерін түсіндіріп, оған әсер етуші факторлар бар екенін дәлелдей алды. Себепсізден - себепсіз келіспеушілік болмайтынына көздері жетеді. Сонымен қатар оқушылар көбінесе қоғамды кінәлап, қазір іліп алатындай жағымды әсер жоқ деп оны дәлелдеуге тырысты. Әсер етуші фактордың адамға әсері мол, әрі зияны да бар деп түсіндірді. Осы мәселені көбінесе Нұржігіт есімді оқушым өз ойында айтып білдірді. Өйткені ол топ ішінде салмақты, табиғи өзінің мінезімен нақты сөйлегенді ұнататын оқушы болатын. Сондықтан оның айтқан ойларынан өзінің қандай оқушы екендігі көрініп отырды.

Талдау кезеңінде «Жеке тұлғалық ерекшелік» тренингі арқылы оқушылар қай уақытта да өмірде бірінші жеке тұлғалық роль ерекше орын алатынын түсіне алды және талдай білді. Бұл тренинг арқылы оқушылар жалпы АКТ - ны қолдануды жүзеге асырды. АКТ негізінде қажетті ақпартта алып отырды. Тренингке көп пайдасы тиді. Сонымен қатар жаңа тәсілдің диалогтік әдістерін қолдану арқылы оқушыларға бағыт - бағдар беріліп отырды. Жалпы АКТ - ны қолдану кезінде ерекше сауаттылықпен көзге түсіп отырған оқушылардың бірі Дәурен болатын. Дәуреннің ақпаратпен жұмыс жасауы айналасындағы оқушыларды таң қалдырды. Ол тез арада тіпті қажет болған программаны да компьютерге құйып үлгерді. Дәуреннің компьютерлік сауаттылығы тобындағы оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауларына септігін тигізді. Топта белсенділік ерекше көзге көрінді. Менің ойымша бұл дарындылықтың белгілі бір нышандары.

Ал жинақтау кезеңінде барлық топ оқушыларына «Тілек» тренингі ұйымдастырылды


Ұқсас жұмыстар
Өзіңді тереңірек тани біл!
Отбасы - шағын мемлекет
"берекелі отбасы" тақырыбындағы тәрбие сағаты
Қмж. булану және конденсация
Түсіну ойлау деңгейі
Жабайы құстар. Аралас сабақ
Қонақтарға сөз беру
О.әубәкіров «ара мен шыбын». ана тілі. 4 сынып
«қамқорлық» б.соқпақбаев
Кеуде жарақаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz