Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жеті ата Жеті септік Жеті жұт
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: <<Ата- баба дәстүрі - асыл мұра>>
Сабақтың мақсаты:
- Жеті санының киелі сан екендігін түсіндіру.
Балаға қазақтың салт- дәстүрін айтып, ұлттық дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Өз халқымыздың дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдеп- ғұрпын құрметтей білуге үйрету.
Халқымыздың мақал- мәтелдерін, қазақша тілек айта білу арқылы тілін дамытып, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс- тәсілдері: СТО, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ- жауап, мақал- мәтелдер, топпен жұмыс.
Құрал- жабдықтар:
Салт- дәстүрге байланысты суреттер, слайд, қанатты сөздер, үнтаспа.
Шаттық шеңбері
<<Білер қазақ баласы, сәлем сөздің анасы>>- демекші, балалар әуелі амандасып алайық. (ер балалар қол алысып, қыз балалар құшақтасып амандасады)
Балалар, <<Мейірім шаңырағының>> астында жиналып қалыппыз. Мына тақтада не көріп тұрсыңдар?
Иа, күнді. Бірақ, күніміз қандай? Оған не жеткілісіз деп ойлайсыңдар әдемі болуына? Онда әрқайсысымыз бір- бір күн сәулесіне өздеріңнің тілектеріңді жазып, іле қойыңдар. (оқушылар өз тілектерін оқып іледі)
Енді күніміз қандай болды?
Күннің көзі баршамызға нұрлы сәулесін шашып, көңіл-күйімізді көтеріп тастады. (оқушылардың жүректен шыққан жылы тілектері)
* Жер бетінде гүлдер солмасын!
* Ата- анамыз ауырмасын!
* Достарымыз көп болсын!
* Еліміз тыныш болсын!
* Ұстаздарымыз қартаймай, жасара берсін!
* Отанымызда мейірімді адамдар көбейе берсін!
* Мектебіміз биіктерден көріне берсін!
* Келген қонақтарымыздың отбасына бақыт тілеймін!
* Егініміз көбейе берсін!
* Барлығымыз тату- тәтті болайық!
* Еліміз көркейе берсін!
* Денсаулығымыз мықты болсын!
* Аспанымыз ашық болсын!
* Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
* Айтқан тілектеріміз қабыл болсын!
Балалар, қазақта <<жеті>> саны киелі- деп есептелген: Ата-баба аруағы риза болсын- деп 7 шелпек пісіріп, таратқан. Аптада 7 күн болады, оны өздерің де білесіңдер. Осы жеті санына байланысты кім қандай өлең шумақтарын біледі? (оқушылар өлеңдерін айтады) Ал, енді осы жеті санына байланысты тағыда қандай әдет-ғұрыптарды білесіңдер? (оқушылар өз білетіндерін айтып береді, мен толықтырамын)
Жеті ата Жеті септік Жеті жұт
Жеті саны
Жеті саны
Жеті шелпек Жеті жоқ
Жеті күн Жеті керемет
Жеті қазына
Балалар кішкентай күнінен <<7 атасын>> біліп өскен. Қане, кім жеті атасын айтып береді? (балалар жеті атасын айтады)
Қазақта <<жеті қазына>> ұғымы бар. Олар: Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл, білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Ит (жүйрік тазы)
Жеті жұт: Құрғақшылық. Жұт (мал қырылу). Өрт. Оба (ауру). Соғыс. Топан су. Зілзала.
Жеті жоқ: Жерде өлшеуші жоқ. Аспанда тіреуші жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Жылқыда өт жоқ. Таста тамыр жоқ. Құста сүт жоқ.
Мәтінмен жұмыс
Енді сіздерге осы <<жеті>> санына байланысты адам өмірінде 7 жасқа дейін болатын әдет- ғұрыптарға байланысты аңыз әңгіме оқып берейін.
Баяғы өткен заманда, бір ауылда дүниеге сәби келіпті. Ауыл- аймақ, тума- туыстар қуанып, <<шілдехана>> тойын жасапты. Шілдеханаға келген қонақтар баланың бауы берік болсын, құтты болсын- деген тілектер айтыпты. Таң атқанша өлең айтып, көңіл көтеріп, ойын ойнап, баланы және баланың анасын <<қарақұс>> алып кетпесін- деп күзетіпті.
Жаңа туған балаға көз тимесін деген ниетпен <<жеті шаңырақтың>> <<жеті үлкен кісінің>> бұтының арасынан өткізіпті. Үш күн өткен соң жаңа туған балаға ауылдың қадірлі адамына <<Азамат>>- деп <<ат қойғызған>>. Балам атыңа затың сай болсын деп Азамат қойдым атыңды.(Осы кезде балалардан атын неліктен солай қойғандығын сұрау) Содан соң 5 күн өткеннен кейін әжесі, ауылдың үлкен әже- апаларын шақырып, сәбиді ауылдың үлкен ақсақалдарының көне жейдесіне орап, атаңдай бақытты бол!, Атаңдай батыр бол!- деп <<бесікке>> бөлеген. Бесіктің үстіне 7 киім жауып, ұйқың тыныш болсын!, Ақылды бол!- депті.
Азамат ауырмай өсіп келеді. Азаматты 40 күн өткен соң әжесі ауыл әйелдерін жинап, тегешке теңге, сақина салып, <<30 омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын>> деп баланың үстіне 4О қасық су құйып шомылдырады. Сақина, теңгелерді баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөлісіп алады. Әжесі немерем берекелі болып, бай болсын, дене бітімі сау, әдемі болсын- деген тілек айтыпты. Атасы немересіне 40-нан шыққанына құлыншақ атапты.
Азамат ата- анасының қуанышы болып өсіп жатады. Енді Азамат тәй- тәй басып, алғашқы қадам жүре бастағанда, әжесі тағы ауыл- аймақты жинап <<тұсау кесер>> тойын жасапты. Баланың аяғына 2 түрлі жіптен есіп, ала- жіп байлап қадамың құтты болсын, желдей ұшып- ердей бол!, Адал бол!- деп тілек білдіріпті.
(Осы кезде балалардан тұсау кесер өлеңін сұрау)
Азамат 5 жасқа толғанда, мұсылмандық жоралғы- деп <<сүндет>> тойын жасайды. Немерем мейірімді болсын!, Сезімді болсын!, Иманжүзді болсын!- деп тілек айтыпты. Азамат ауыл- аймақтың сүйкімді, сүйікті сәбиі болып, өсіп жатады. Енді Азамат 7 жасқа толады. Атасы 40-нан шыққандағы тайды алып келіп, балам енді сен атқа мінер азамат болдың- деп <<ашамайға>> мінгізеді. Немересіне батыр бол!, еліңді қорғай біл! Ата- анаңа, халқыңа адал бол!- деп тілектер айтады. Ашамай деген ер балаға арналған аттың үстіндегі <<ері>>.
Сонымен Азамат еліне елеулі, халқына қалаулы, денсаулығы мықты, ақылды жігіт болып, ата- анасының қуанышы болып, ер жетеді.
Сұрақ- жауап
* Балалар аңызда сәби 7 жасқа дейін неше сатыдан өтті?
* Қандай жақсы тілектер естідіңдер?
* Қандай әдеп- ғұрыпты білдіңдер?
* 7 санының киелі екенін түсіндіңдер ме?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Сергіту сәті
Балалар, шаршаған боларсыңдар. Денемізді аздап шынықтырып алайық. Негізінде адам баласында 7 мүше болады. Сол мүшелерімізге рахмет айтайық.
Басым саған рахмет- мені саналы еткеніңе!
Екі қолым саған рахмет- жылылық сездіргеніңе!
Жүрегім саған рахмет- мейірімділік, сүйіспеншілік себкеніңе!
Екі аяғым саған рахмет- жер бетінде жүргеніме!
Екі көзім саған рахмет-жарық дүниені көрсеткеніңе!
Екі құлағым саған рахмет-ата-баба өсиетін тыңдатқаныңа!
Ішім саған рахмет- бойыма нәр бергеніңе!
Шығармашылық тапсырма
Топпен жұмыс
Балалар, енді осы әдеп-ғұрып жөнінде мен сіздерді 2 топқа бөліп, І топ <<Актёрлер>> тобы <<Балаға ат>> қою рәсімі бойынша көрініс көрсету;
ІІ топ <<Сөз тапқыштар>> тобы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты 7 мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
Қорытындылау
Балалар бүгінгі сабақты қорыта келе сендер инсерт кестесін толтырып беріңдер.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
(оқушыларға оқыту)
Жүректен жүрекке
Қоштасу рәсімі
Ата -дәстүр салтын,
Құрмет тұтып сақтайық.
Ата- ананың борышын,
Қадірлейік, ақтайық - дей келе, қазақ халқының <<Ата дәстүрлері-ай>> өлеңін айтайық.
Ата дәстүрлері-ай
Қайта оралды қазағымның,
Бүгін дәстүрлері-ай.
Көптен күткен халқымыздың,
Асылы барма еді-ай.
Берекелі, қазақ елі-ел, мерекелі
Дәстүрлерін нұрға салған,
Қазағымның бұл ежелгі.
Қ-сы
Шілдехана бесік той,
Тұсау кесер, сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсу, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында
Сұлу бойжеткен,
Қыз, бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен.
Келесі кездескенше күн жақсы болсын. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz