Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Денім сау болсын десең жайлы ақпарат
Бекітемін:
Күні
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Денің сау болсын десең...»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру
қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр
да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі
болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту,
сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
• Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім
беру.
• Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
• Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
• Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер,
қанатты сөздер, буклет.
• Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
1.1. Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/
1.2 Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне
жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық
туралы тілектер айтады) Шаттық шеңберінде үнтаспадан «Әрқашан күн
сөнбесін» әнін тыңдап, бірге қосылып айтады.
«Әрқашан күн сөнбесін»
Сөзі: Л. Ошаниндікі
Әні: А. Островскийдікі
Аударғандар: І. Мәмбетов; Қ. Ыдырысов
Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған ізі,
Қалдырған бұл сөзі:
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі -дені сау ұрпақ. Адам
баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығының
1.3 Ой шақыру. Тапсырма. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не?
(Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)
[pic]
(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)
1.4 Түйіндеме: Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау
ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның
жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы,
рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану-
салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам
бақытының бірінші байлығы.
1.5 Дәйексөз:
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.
Халық
даналығы.
(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып
айтады.)
2.Ойланайық, пікірлесейік.
• “Салауаттылық-саулық негізі” деудің мәні неде?
• “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
• Салауатты өмір салты не үшін керек?
• “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
/Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқыылы өз ойларын ортаға салып,
өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды
сөзі:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат
сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын.
Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты.
Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге
болады.
2.1 Тапсырма:
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
/Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды/
[pic]
(Слайд бойынша оқушылардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек-схема
көрсетіледі.)
2.2 Назар аударайық!
• Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті
басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі
және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне
қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.
• Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
• Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
• Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
2.3 Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі
дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-
өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды.
Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян
келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан
зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді
болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары
өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың
жолы, шешілмей қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.
• Зиянды әдеттерге нелер жатады?
• Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
• Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
• Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд
бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.
[pic]
2.4 Сергіту сәті:
Домбырам күмбірлеп,(сол қолын жанына көтеріп домбыра тартады)
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп, (екі қолын кезекпен көтеріп, би қимылдарын жасайды)
Сурет те саламын, (қылқалам ұстаған қимылын көрсетеді)
Ұқсатып кілемге,(ауада төртбұрышты сызады)
Кесте де тігемін (ине ұстап, тігін тіккен қимыл жасайды)
Актерше рөлде (күліп, қабағын шытып, әдемілеп, киімін қолы мен шашын
түзейді)
Ойнай да білемін,
Жалықпай талай күн
Жасаймын еңбек те.(гүлге су құю, су әкелу қимылын көрсетеді)
Өнер көп бойымда (екі қолын жаяды)
Мақтану маған жат.(өзін көрсетеді)
2.5 Назар аударайық!
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
[pic]
Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
[pic]
Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы
[pic]
2.6 Сахналау. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында
сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш
пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)
Бала:/ «арақтың» жанына келіп/
-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Арақ»:
-Мен арақпын, арақпын,
Жер жүзіне тараппын.
Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.
Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Темекі»:
-Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Есірткі»:
-Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап турғанда,
Алшаңдап аяқ басамын.
/Сахнаға ересек бала шығады/
Ересек бала:
-О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
-О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де үлкен жау,
Бүкіл әлем алаңдар!
/Екі бала бірігіп/:
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
2.6 Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:
Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр
уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе
білу.
Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп
ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де,
сезінбейді.
Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән
мен музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді.
Сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе,
скрипка мен Фортепионо адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады,
ал домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы
қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Қытай мен Грекияда музыканың емдік
қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол біздің дәуірімізге музыка
терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына
ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады, сондықтан оны
кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында
пайдаланатыны белгілі.
2.7 Дәйексөз.
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т. Карлейль.
/Оқушылар адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдей отырып, өз
түсініктерін айтып көз жеткізеді./
2.8 Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін
тиянақтап бекіту мақсатында/
«Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына эссе, шығарма жазу.
2.9 Жүректен жүрекке.
Бала тілегі.
Сөзі: С. Молдасынұлыныкі
Әні: Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)
2.10 Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
1-топ Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
2-топ. Сөзжұмбақ құрастыру
3-топ. Денсаулық туралы нақыл сөздерді жинақтап жазу, мағынасын
түсіндіру.
[pic]
-----------------------
Темекі
Есірткі
Зиянды әдеттер
Ішімдік
Темекі
Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды,ұмытшақ,есте сақтау қабілеті
төмендейді, ұйқысы бұзылады.
Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.
Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады
никотин, шайыр, күйе.
ҚР темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңдары 4-5 бап
-Қоғамдық орындарда -Қоғамдық көліктерде-Жасы
18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға -Бұқаралық
ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады
Ауыз ашиды, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, басы аурп жүрегі айниды.
Есірткі
Гашиш, героин, анаша, кокайн, апиын, марихуана.
-Отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарына зардабын тигізеді
Емделу үшін 3-6 айдан 2 жылға дейін уақыт керек
Иіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астына, тамырға енгізу.
Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан
қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғыс жиілейді
Ішімдік
Өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауы
-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі;
Тұқымқуалаушылық;
-Өзін өзі бағаламау
Денсаулығы нашарайды,ағзаның әрбір мүшесі зақымданады.
Қылмысқа ұрынады.
-Зорлық-зомбылық;
-Ұрлық, қарақшылық;
-Жол апат т.б.
-Қызметінен, отбасынан алшақтайды,жақн адамдармен қарым-қатынасы бұзлады.
Кекшіл, қатгез адамға айналады.
Зиянды заттардың алдын алу
Спортпен шұғылдану
Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау
Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
Салауатты өмір салтын ұстану
Өзін өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы;
Тиімді, құнарлы тамақтану
Байлық
Машина
Табиғат
ақша
Мал
Саябақ
білім
денсаулық
Салауатты өмір салты
Зиянды әдеттерден аулақ болу
Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау
Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау
Денсаулықты сақтау, нығайту, спорпен шұғылдану
Бос уақытты тиімді пайдалану
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz