7-сынып физикасы: Деформация - түсінігі мен түрлері

Пәні:Физика

Сынып 7

Сабақтың тақырыбы : Деформация .

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жаңа физикалық шама -

деформация туралы түсіндіру,

мағлұмат беру.

Білімділік : Оқушылардың жаңа ”деформация” ұғымы туралы

білімдерін жетілдіру және қалыптастыру.

Дамытушылық : Оқушылардың білім сапасын, ойлау қабілетін, өз

ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік : Оқушылардың деформация ұғымын күнделікті

өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы

жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі, демонстрациялық, сұрақ-

жауап, есептермен жатықтыру.

Пәнаралық байланыс : математика, еңбек, дене тәрбиесі,

Сабақтың көрнекілігі: резинка, шар, Исаак Ньютонның портреті,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мазмұндама

2. Бәріміз біріміз үшін! (сұрақ - жауап)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Сабақты бекіту

1. Кім көп біледі. ( сөзжұмбақ шешу)

2. Сәйкестендіру тесті.

3. Формуланы еске түсірейік

4. Есептер шығару

V. Үйге тапсырма.

VI. Бағалау.

І. Амандасу, түгендеу.

ІІ.

1. Үйге берілген тақырыптың мазмұнын сұраймын. (2 оқушыдан)

2. Бәріміз біріміз үшін! (сұрақ - жауап)

1. Күш дегеніміз не?

2. Күшті қандай әріппен белгілейміз?

3. Күш дегеніміз қандай физикалық шама?

4. Күштің өлшем бірлігі ретінде қандай бірлік қабылданған?

5. Ньютон кім болған?Қай елдің физигі?

6. Күштің бағытын сызып көрсетуге болама?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Денеге әрекет ететін күш дененің жеке бөлшектерінің жылдамдығы өзгереді.

Мысалы: серіппе денеге әрекет ете отырып созылады, жұқа таяқша иіледі, қолдың бұлшық еттері қатаяды.

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды.

Деформация сөзі латынша бүліну, бұзылу дегенді білдіреді.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады.

Деформация пластикалық және серпімді болып екіге бөлінеді.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Мысалы:пластилинге көп күш түсірмей-ақ қандай да бір пішіндегі дене жасауға болады. Ал қолымыздың пластилинге әрекет етуі тоқтағаннан кейін ол өзінің жаңа пішінін сақтайды.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

Мысалы: серіппе, ауа шары, доп

Деформацияланған денені қалпына келтіретін қандай күш? Деген сұрақ туады.

Тәжірибелерде деформациялаушы күшке қарама - қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.

IV. Сабақты бекіту

  1. Кім көп біледі. сөзжұмбақ шешу.

Сұрақтар:

1. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін не деп атаймыз?

2. Ұзындықтың ХБЖ өлшем бірлігі

3. Күш өлшем бірлігі кімнің құрметіне берілген

4. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация не деп аталады?

5. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация не деп аталады?

6. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі қалай аталады?

7. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады.

2. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен белгіленулерін сәйкестендіріңдер.

Жол м/с ρ

Уақыт м 3 m

Жылдамдық кг/м 3 F

Масса Н t

Тығыздық с S

Көлем кг V

Күш м ϑ

  1. Формуланы еске түсірейік (біз қандай физикалық шаманы анықтайтын формула өттік.

ϑ = S t \vartheta = \frac{S}{t}

ρ = m V \frac{m}{V}

4. Есептер шығару?

1есеп.

Поезд 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты 20 с бойына қозғалады. Осы уақыт ішінде ол қандай жол жүреді?

2 есеп.

Тығыздығы 2, 6*10 3 кг/м 3 болатын, көлемі 10 м 3 граниттің массасын анықта.

3 есеп.

3сағатта 20 км жол жүрген шаңғышының жылдамдығын табыңдар.

V. Үйге тапсырма.

Мазмұнына дайындалу. бүліну бұзылу туралы мақал-мәтел, жұмбақ жазып келу.

VI. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Деформация түрлері мен Гук заңы: теориялық және тәжірибелік сабақ жоспары
Деформация және Гук заңы: 7-сынып физика сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар: 8-сынып физика - Қатты денелердің деформациясы және деформация түрлері
7-сынып физикасы: Манометрлер мен сорғылар - түрлері, жұмыс істеу принциптері және есептер
Информатика және ақпарат: түсінігі, түрлері мен қасиеттері
7-сынып физикасы: §43 Қысым - сабақ жоспары
7-сынып физикасы: Манометрлер мен сорғылар (§53-§54)
Бас киім түрлері мен қазақ ою-өрнектерінің жалпы түсінігі
7-сынып физикасы сабақ жоспары: Денелердің өзара әрекеттесуі тарауын қайталау
8-сынып психология сабағы: келіспеушіліктің түсінігі, түрлері және шешу жолдары - сабақ жоспары мен рефлексия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz