Өгіз бен бақа

Сабақтың тақырыбы: "Өгіз бен бақа"
Сыныбы: 5-сынып
Мақсаты: Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру;
Мысалдағы айтпақ ойды анықтауға жетелеу;
Көрсеқызарлықтан, көре алмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу;
Адам атына лайықты азамат болуға баулу;
Күтілетін нәтиже: 1. Мысалдың мәнін жете ұғынады;
2. Ізденеді. Әр түрлі жайттардан сабақ алуға талпынады. .
3. Пікірлерін ұтымды жеткізе біледі.
Түйінді идеялар: "Әлін білмес әлек"
Сабақтың формасы: топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау
Ұйымдастыру кезеңі: І. Оқушылармен амандасу
Аманбысың, айналайын шырақтарым,
Көздің қарашығындай құрақтарым.
Тағы да өздерің сүйетін әдебиет қой,
Бармысыңдар жүзден жүйрік, пырақтарым
Бірің айтып, бірің қалып қоймаңыздар
Әдебиеттің қызығына тоймаңыздар
Ахметтей сыршыл, ойшыл ақынның
Поэзиясына тереңірек бойлаңыздар.
ІІ. Психологиялық дайындық. Оқушылардың бойында өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында психологиялық дайындық жасап, балалардың сабаққа деген құлшыныстарын арттыру. Ол үшін оқушылардың барлығы "Шаттық шеңберіне" тұрып, көздерін жұмып, қолдарын кеуделеріне қойып мына сөйлемдерді іштерінен қайталауы тиіс. "Мен бүгінгі сабақта өз-өзімді көрсете аламын", "Мен өзіме сенімдімін", "Мен шын ынталансам көздеген мақсатыма жете аламын". Іштерінен қайталап болғаннан кейін қолдарын төмен түсіріп, терең дем алуы керек.
ІІІ. Оқушыларды топқа бөле отырып сабақтың тақырыбын айқындау. Ол үшін өгіз, бақа, А. Байтұрсынұлының суреттері таңдап алынады. Оқушы өзі қалаған суретті ала отырып топқа бөлінеді. Өгіздің суретін алған оқушылар мүйіздің сұлбасын көрсетсе, бақаның суреті түскен оқушылар аузын қимылдатады. Ал А. Байтұрсынұлының суретін алған оқушылар "Әдебиет - асыл сөз" деген сөйлемді айта жүріп бір-бірін іздеп табады. Осылайша сыныптан үш топ жасақталып шығады. Осыдан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға түрткі болатындай сұрақтар бересіз.
- Демек бүгінгі сабағымыздың авторы - . . . /оқушы жауабы/
- А. Байтұрсынұлының мысалының аты- . . . /оқушы жауабы/
Сабақ Блум жүйесі бойынша құрылды.
Білу деңгейінде алдын ала оқушыларға үй жұмысы ретінде А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинстыруға тапсырма бересіз. Қалай орындайтындығы оқушының еркіне беріледі, дегенмен таныстырылым түрінде дайындап келуге де болатындығын баса айтып өтесіз. Таныстырылымда мына жайттар ескерілуі тиіс:
Осы арқылы оқушы Ахметтің сан қырлы талант иесі екендігін түсініп, аударма саласында көп еңбек сіңіргендігін байқауы тиіс. Айтылмай қалған тың мәліметтерді қалған оқушылар толықтырып, жан-жақты мәлімет алмасады. Аудармалары адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыратындығын оқушылар түйсінуі тиіс. Бір-біріне қошемет көрсету арқылы бағаланады.
Түсіну деңгейінде электронды оқулықтан А. Байтұрсынұлының "Өгіз бен бақа" мысалы көрсетілімімен қоса тыңдатылады. Тыңдап болған соң топ мүшелерімен бірлесе отырып талқылауға 3 минут уақыт беріледі. Оқулықтағы 127-беттегі мысал туралы түсінікті оқуға қоса ұсынасыз. Жетекші сұрақтар арқылы нені түсінгендігін білуге болады.
- Мысал дегеніміз не?
- Аллегория дегеніміз не?
- "Өгіз бен бақа" мысалынан қандай адамның бейнесін көруге болады?
- Бақа бойынан қандай жағымсыз мінездерді байқадың?
Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстануына қарай критериалды бағалауды жүзеге асырып отырады. Бағалау парақшалары таратылып беріледі.
Қолдану деңгейінде мысал жанрына жататындығын дәлелдетесіз: /топ ішінде жеке жұмыстану/
Талдау деңгейінде шығарманың композициялық құрылымын сәйкестендіреді. Топ басшылары критериалды бағалап отырады. Дискрипторы: Барлығы дұрыс болса - 5 ұпай, 1 қате болса - 4 ұпай, 2 қате болса - 0 ұпай беріледі.
Оқиғаның басталуы: Бақаның өгіз сияқты болуға тырысуы
Байланысуы: Бақаның ісініп-қабынуы
Дамуы: Өгіздің көлге келуі
Шиеленісуі: Бақаның өгізді күндеуі
Шарықтау шегі: Бақаның жарылып өлуі
Шешімі: Мақтаншақ бақаның жолдасымен пікірлесуі
Автордың түйіні: "Әлін білмес әлек"
Жинақтау деңгейінде үш топқа үш түрлі тапсырма ұсынылады. Топ басшылары бағалап отырады.
І топ: Мысалға сатылай кешенді талдау жасау.
Үлгі:
Авторы:
Тақырып:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ
Тармақ
Бунақ
Буын
Ұйқас
Әдеби теориялық ұғымдар
Түсіндірме сөздік
Тәрбиелік мәні
ІІ топ: “Мысал кейіпкерлерінің бейнесі . . . ” /ойтолғау жазу/
ІІІ топ: “Мысалдағы айтылмақ ой . . . ” /плакатқа бейнелеу және қорғау/
Бағалау деңгейінде үш топқа мынадай тапсырмалар беріледі:
І топ: Сен бақа секілді адамдарға қандай кеңес берер едің? Топтың әр мүшесінің пікірін тыңдау.
ІІ топ: "Синкуэн" әдісі
Зат есім: Бақа
Сын есім: өзімшіл, көрсеқызар
Етістік: күндеді
Сөз тіркесі: әлін білмеді
Сөйлем: Әлін білмеген әлек /оқушы жауабы қоса ұсынылды/
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz