10-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Туындының физика мен техникада қолданылуы

Сыныбы: 10 «А» сыныбы Күні: 05. 03. 2013ж.
Пәні:Алгебра және анализ бастамалары + физика
Сабақтың тақырыбы:
«Туындының физика мен техникада қолданылуы »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Туындының математикалық механикалық, электромагниттік, оптикалық, жылулық және басқа табиғи құбылыстардың есептерін шығаруға қолдануды үйрену . ҰБТ есептерін тиімді тәсілдермен шығару. Туынды бойынша алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру Ойлау қабілетін арттыру арқылы өз ойын жүйелеу арқылы белгілі байланыстарды талдау негізінде логикалық қорытынды жасай алуды қалыптастыру, ұқсастықты байқауға дағдыландыру, математикалық, физикалық ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуде әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерінің дамуына жол ашып, пән аралық байланысты көрсету.
Сабақтың түрі : Шығармашылық-ізденіс сабағы
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыларын бекіту сабағы
Сабақтың оқыту әдістері: жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары .
Интерективтік тақта, интернет математикалық, физикалық энциклопедия, электронық оқулытар, тест материалдары, «Шың»оқулық-тест. Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
II Тереңірек ойлануға мүмкіндік беретін шығармашылық жұмыс. а) Үйге берілген шығармашылық жұмыс қорытындысын шығару.
ә) Тарихи деректер.
III. Практикалық ізденіс жұмыстары . (Бағытталған негізді іс-әрекеттер құру)
IV. . Рефлексия
V. Үйге тапсырма. ЭО Шың50бет)
Қорытындылау
Неміс ақыны Гете: «Біліп қана қоюаз, сол білгенді өмірде қолдана білу керек. Ниеттену ғанааз, сол ниетіңді іске асыруың керек»