Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ертедегі адамдар

Сабақтың тақырыбы: §36. Антропосоциогенез сатылары. Адамның
бейімделгіштігі. Антропогенез сатылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды адамның шығу тегі эволюциясымен
таныстыру.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық, ойлау
қабілетін арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік. Адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, география
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының, қолының моделдері,
сызба-нұсқа, сурет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Антропосоциогенез деген не?
2. Адамның маймылдардан дамығандығы жөніндегі дәлелдердің қайсысы шындыққа жақын? Неліктен?
3. Осы заманғы маймылдардың қайсысы адамға жақынырақ?
4. Туыстық жағынан адам қандай дәрежеде?
5. Понгид және гоминидке бөліну қашан өтті?
6. Олардың қайсысы ортақ ата-тек бола алады?

Homo sapiens
ІІІ. Жаңа сабақ.
Приматтар (маймылдар) эволюциясы. Антропологиялык деректер бойынша, осыдан 30 -- 35 млн жыл бұрын өте ертедегі жәндікқоректі сүткоректілерден жануарлардың бір тобы бөлініп, приматтарга бастама берген. Приматтар жоғары сатыдағы сүткоректілер болғандыктан, құрылыс ерекшеліктері едәуір күрделі, миы жаксы жетілген, көздері катар орналасып, алға карай бағытталған, аяқ башпайларында тырнақтары бар жөне емшектері екеу болған. Приматтардың бір тармағынан адам төрізді маймылдардың ата тегі -- парапитектер шыққан. Олар ағаш және жөндіктермен қоректенген.
1. Адамнын жануарлар дүниесіндегі орнын көрсетіп, оны ғылыми түрғыдан дәлелдендер. 2. Антропогенездің кандай биологиялык факторларын білесіндер? Біздің ата тегімізге олардың қандай әсері болды? Мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер. 3. Әлеуметтік факторлар деген не? 4. Маймылдан адамға өтудегі еңбектін рөлі кдндай? 5. Қоғамдасып тіршілік етудің мөні неде? 6. Сөз жөне ойлау аса маңызды әлеуметтік факторлар екендігін түсіндіріндер.

1-сурет. Дриопитек (З.Буриан бойынша)
Дриопитек сүйектері мен тістерінің құрылысы адам төрізді маймылдарға ұксаған. Кейінірек парапитектерден казіргі гиббондар мен орангутан жене ертеректе жойылып кеткен дриопитектер тараган (1-сурет). Дриопитектер осыдан 25 млн жыл бүрын Азия мен Еуропаның оңтүстік аймактарында, Африкада тіршілі кеткен деген деректер бар. Олар алдыңғы аяктарының көмегімен ағаштарға өрмелеп шығып, бұтактан-бұтакка секіріп, қоректерін тауып жеп күн көрген. Ауа райының салқындап, ормандардың онтүстікке қарай ығысуына байланысты ашык далалы жерлер пайда болған.
Маймылдардың кейбір топтары ағаштан түсіп, жерде тіршілік етуге көшкен. Түрлі мекен ету орталарына бейімделу барысында дриопитектерден 3 тармак бөлініп шьғады. Олардың біреуінен казіргі горилла, екіншісінен шимпанзе, ал үшіншісінен адамның арғы ата тегі -- австралопитектер пайда болған (2-сурет). Австралопитектер екі аяғымен тік жүрген, бойының биіктігі -- 100 -- 120 см, дене салмағы 20 -- 50 кг шамасында болған. Олар біздің ежелгі арғы ата-тегіміз болып есептеледі. Австралопитектер ашық далалы жерлерде тіршілік етіп, өсімдіктектес жөне жануартектес азықтармен коректенген. Тістерінің құрылысы адамның тістеріне үқсас болған. Еңбек кұралы ретінде малтатастарды (галечник) және ірі тұяқты жануарлардың ұзын сүйектерін өндеп пайдаланған. Миының массасы 550г жуык болған. Ғылыми мөліметтерге қарағанда, кейінрек, шамамен, осыдан 2 -- 3 млн.жыл бүрын австралопитектерге карағанда адамға жакындау тұрған ата-тек өкілдері өмір сүрген. Олардьщ миы біршама жаксы жетілген, массасы -- 650г. Малтатастардан алуан түрл қүралдар жасай білген, аяк-колсаусактарынын орналасуы өзгеріп, адамдарға көбірек ұксаған. Мүны ғылымда епті адам (Homo habUis) деп атайды.

2-сурет. Австралопитек (З.Буриан бойынша)

3-сурет. Питекантроп (З.Буриан бойынша)

4-сурет. Неандертальдық адам (З.Буриан бойынша)

Адам эволюциясының кезеңдері.
Адамның даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар және қазіргі адам - дар. Антропологиялық деректер бойынша, ежелгі адамдар осыдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Олардың қатарына қаңка қалдықтары Ява аралынан табылған питекантропты, Қытай жерінен табылған синантропты және қалдыктары Германиядан табылған гейделъберг адамын жаткызады. Бұлардың жалпы сырткы бейнесі адамға ұқсағанымен, маймылдарга тән белгілері басымы байқалады. Мысалы, қас үсті доғасы қалың әрі алға карай шығыңқы, мандайы тайкы, жак сүйектері ірі, ал иегі шығыңқы емес. Миының массасы 800 -- 1000 г шамасьшда, бойларыньщ биіктігі -- 160 -- 170 см (3-сурет). Олар үңгірлерде түрьш, отты пайдаланған. Топтасып аң аулап, тастан және сүйектен үшкірлеп, кашап кұралдар жасаған. Ұстап өлтірген жануарлардың етін жеп, терісін сыпырып, киім ретінде пайдаланған.
Ежелгі адамдардың пайдаланған еңбек кұралдары Қазакстан жерінен де табылған. Осы аталған ежелгі адамдарды бір топқа біріктіріп, тік жүретін адамдар (Homo erectus) деп атайды.
Ертедегі адамдардың бірнеше тобын ажыратады. Олардың ішінде жаксы зерттелгені -- неандертальдық адамдар Бүлар осыдан 200 мын жыл бүрын Еуропа, Африка және Азияның оңтүстік аймактарында емір сүр-ген. Неандертальдық адамдардың бойларының биіктігі -- 160 -- 165 см, аяк-кол бүлшык еттері жақсы жетіл-ген, миының келемі үлгайып, 1400 см3 шамасында болды. Олар бір-бірімен сөз аркылы қарьш-катынас жасап, казіргі адамдарга кебірек үксаған. Еңбек күралдары күрделеніп өзгерген. Топтасып емір сүрген, Еркектері бірігіп аң аулап, әйелдері мен балалары әсімдіктердің жемісін, тамыръш жинап, тамак пісірген, аң терілерінен киім тігіп киген. Қол өнерімен аиналыскан.Ендеше, адамның даму тарихындагы осы кезеңде биологиялык факторлармен катар әлеуметтік факторлардың әсері де айкын байкала бастаған.
Ертедегі адамдар мен казіргі адамдардын, ягни біздердің арамыз-дағы байланыстырушы буын -- кроманъон адамы (43-сурет). Кроманьон адамын осы замангы алгашцы адамдар деп атайды. Олардың канка калдьщтары Франциядағы Кро-Маньон үнгірінен табылган. Кроманьон адамдары осыдан 40 мың жыл бүрын емір сүрген. Олардың сүйектері кейін Еуропа, Азия, Африка, Аус-тралия және Қазақстанның да кептеген жерлерінен табылған. Бүлардың денесі ірі, бойлары биік -- 170 -- 180 см, миьшың көлемі казіргі адамдардың миымен шамалас -- 1600 см3. Маңдай сүйегі тайкы емес, алға шығыңкы, кас үстіндегі калың доға жойылған, көздері үлкен. Иегі алға карай шығыңкьі, бүл айкын сөз сөйлеудің жаксы жетілгенін көрсетеді. Еңбек күралдары алуан түрлі, өте жетілдірілген, үңгірлерде немесе оздері жасаған баспаналарда түрған. Үңгір кабырғаларына салған түрлі түсті суреттер, колдан жасалған ыдыстар, үй бүйымдары кол өнерінің жаксы дамығанын көрсетеді. Адам эволюциясының осы кезеңінде биологиялык факторлар өз күшін жойып, бүл кезенде өлеуметтік факторлар негізгі рел атқарып, саналы адам (Homo sapiens) калыптасты.
ІV. Бекіту
1. Приматтар эволюциясы. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдар.
? 1. Приматтар эволюциясы туралы не білесіңдер?
2. Ежелгі адамдарға кімдер жатады? Олардын ерекшеліктері қандай? Осы кезенде кандай факторлар шешуші рөл атңарды?
3. Ертедегі адамдар деп кімді айта-ды?
4. Осы заманғы алгашкы адам деп кімді айтады? Бұл кезеңдегі негізгі өсер етуші факторларды атап, мысал келтіріңдер.
5. Берілген кестені толтырып, адам эволюциясының кезендеріне сипаттама беріңдер.

93Адам эволюциясының кезеңдері
Өзгеріске көбірек ұшыраған
мүшелер
Әзгеру
сипаты
Өзгерудін себептері
Австралопитектер
Ежелгі адамдар (синантроп, питекантроп, гейдельберг адамы)
Неандертальдыктар
Кроманьондықтар мен қазіргі адамдар

V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Тік жүретін адам
Мұзды мұхит
Қиял - ғажайып ертегілер
Антропосоциогенез
Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам
Ежелгі Қазақстан тарихы
Адамның шығу тегі
Ежелгі адамдар
Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау
Пәндер