Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Еңбек бәрін жеңбек

Мақсаты
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, өзінің және өзгенің еңбегін құрметтеуге еңбекті сүюге баулу;
-еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке тәрбиелеу;
- зейінін, есте сақтау, саусақ қозғалысының икемділігін дамыту, ауызша сөйлеу, көру қабілеттерін және ұстаздардың айтқандарын орындау дағдысын қалыптастыру;
Көрнекіліктері: Слайдтар, түймелер, жіп, аяқ киімдер, карточкалар, доп.
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп отырмын. Біздің бүгін тәрбие сағатымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шаттық шеңберіне шақырамын. Слайд
- Бәріміз шеңбер бойлай алдымен оң жағымыздағы, содан кейін сол жағымыздағы тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық. - Келші, досым, айналайын - Құшақтайын аймалайын. Бәрі осылайша амандасып шығады. - Отыра қойыңдар. Енді менің сұрағыма жауап беріңдер. - Біздің бір қолымызда неше саусақ бар? - Екі қолда неше саусақ бар? - Біз қолымызбен не істейміз? Сонымен қол біздің көмекшіміз. Тағы қандай көмекшілерің бар? Қол, көз, мұрын, аяқ. - Тәнертең тұрғаннан кейін не істейсіндер? Жаттығу. - Одан кейін не істейсіндер? Жуынамыз - Жуынып болғаннан соң тістеріңді тазалайсындар. - Қәзір балалар мына екі баланың тістерін қалай тазалағанын көреміз. Қайсысы дұрыс тазалағанын қадағалап отырыңдар. Слайд - Жақсы балалар жуынып болғаннан кейін не істейсіңдер? Төсегімізді жинаймыз.
- Мына суретте төсектердің қайсысы дұрыс жиналған? Слайд. Төсектеріңді жинап болғаннан соң киінеміз. - Балалар сендерге мынадай тапсырма (саусақ моторикасын дамыту) 1. Түймелердің үлкенін бір бөлек, кішісін бір бөлек қылып жіпке тізу. 2. Аяқ киімдерді реттеп, оң-терісін ажыратып орындарына қою. 3. Мына қағаздан бәтеңкенің және түрлі түсті баулар суреті қойылған. Бәтеңкеге сәйкес келетін бауды тыңдап дұрыс қою керек. Ойын <<Мен еңбекқор баламын.>> Балалар дөңгелене тұрып ойын бастаушы бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істегені жайлы айтып береді, допты басқа балаға лақтырады. - Мен төсегімді жинадым . - Мен тісімді тазаладым. - Мен киімдерімді реттедім. - Мен ойын бөлмесін сыпырдым. - Мен ойыншықтарды жинадым. - Мен досыма көмектестім. - Мен шаң сүрттім. т. б. Жақсы енді орындарыңа отыра беріңдер. Тақтаға қараймыз. Слайд. Ойын <<Не жоқ.>> (Зейінін дамыту) - Ненің суретін көріп отырмыз? Жаңағы айтылып жатқан еңбектердің бәрін қолымызбен істейміз. - Қолымыз тағы не үшін қажет? Сурет салу, жазуға. - Енді балалардың жаттап келген тақпақтарын тыңдайық
*

Жүректен жүрекке. Сабақ сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан <<сәрсенбі сәтті күн>> деген мақалмен басталса енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір-біріне бата береді. - Ерхан еңбегің жемісті болсын. - Еңбек етсең емерсің деген осыны ұмытпа - Сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. - Өмірдегі тірегің еңбек болсын. - Ешқашан жалқау болма.

Қарағанды облысы Балқаш қаласының
дамуы шектелген балаларға арналған облыстық
№4 арнайы мектеп-интернаты

Еңбек бәрін жеңбек

Тәрбиеші:Кенжебаева А.М.

Қорытынды.
Ертенгі жаттығу, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындаған баланы еңбекқор, тіл алғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тіл алғыш, ұқыпты болса ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие
болады, алғысқа ие болады. Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды. Рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Соңғы тыныштық
Құмырсқа еңбекқор жәндік
Сабақтың татақырыбы
Дүниетану 1-сынып "адам еңбегі"
Желкенді қайық дайындау
Дүкенге келдің қай жақтан
Сабақ соңында білімдерін тексеру
Сабақтың өту барысы
Отбасындағы балаңыздың еңбегі
Еңбекке үйренем десең, ерінбе
Пәндер