3-сынып: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту - саяхат сабақ жоспары

Математика. 3-сынып

Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту.

Мақсаты: Білімділік: тақырыпты меңгерту барысында екі таңбалы сандарды разрядтарға жіктей отырып, бір таңбалы санға ауызша көбейте білуге машықтандыру.

Дамытушылық: тез есептеуге дағдыландыру. Ой - өрістерін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, ойын элементтері.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман. (әннің 4 жолын хормен орындату)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . (үй жұмысы дәптерлерін жинап алу)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

- «Күн көзін бұлт баспасын!» атты ойын ойнату.

Шарты: күн көзін бұлттардан арылту. Ол үшін тапсырмалар орындау.

  1. «Сен маған, мен саған» ойыны. Бір-біріне көбейту кестесінен тапсырмалар беру.
  2. Сұрақ-жауап:

- Көбейту амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)

- Бөлу амалындағы сандар мен нәтиженің атауы (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

- Көбейтудің қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік, қосуға қатысты үлестірімділік)

- Көбейтуге кері амал (бөлу)

3) Тест. Оқушылар қолдарындағы тиісті жауап жазылған (а, ә) көрсеткішті көрсетеді.

1. Санды нөлге көбейтсе, неше шығады?

а) 0 ә) сан

2. Санды 1-ге көбейтсе, неше шығады?

а) сол санның өзі ә) 1

3. 9 жүздік 9 ондық 0 бірліктен тұратын сан.

а) 909 ә) 990

4. Саны - 5, құны - 50тг, бағасы қанша?

а) 250тг ә) 10тг

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Күн көзі ашылды,

Жерге шуақ шашылды.

Ендеше қалам алайық,

Әдемілеп жазайық!

  1. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып)
  2. Ойын: «Пойыз құрастыру».

Шарты: мұғалім үн-түнсіз вагондарды біртіндеп жалғастыра, пойыз құрастырады. Оқушылар вагондарға жазылған жазуларды түсіндіріп беруі тиіс.

  • Екі таңбалы санды разрядтық бірліктерге жіктеп, жеке-жеке бір таңбалы санға көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосамыз.
  1. Шығармашылық тапсырма:

Шыққан саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтыңдар. Сосын ең үлкен бір таңбалы санға бөліңдер. Неше шықты? (8)

  1. Әңгімелесу:

- 8 саны туралы не айтуға болады, жақын арада қандай мерекені атап өтпекшіміз?

- 8-наурыз мерекесіне анамызға қандай сыйлық әзірлеп жатырмыз?

- Аналарымызды алыс шетелге қыдыртқыларың келе ме?

Олай болса, бүгінгі сабағымызда соған мүмкіндік туып тұр. Армандап, ойын ретінде аналарымызды қыдыртып қайтайық. Пойызымыз дайын.

  1. Пойызға билет сатып алу. №3 тапсырма.

1-қатар 2-қатар 3-қатар

98 90 63

12 11 12

5 3 7

  1. Аялдама: «Кипр аквапаркі»

№6 есеп. (1)

1 билет - 15 фунт Шешуі: 90 : 15 = 6

? билет - 90 фунт Жауабы: 6 билет.

  1. Аялдама: «Болғар дәмханасы»

№6 есеп. (2)

5 коктейль - 60 лев Шешуі: 60 : 5 = 12

1 коктейль - ? лев Жауабы: 12 лев.

  1. Тік ұшаққа билет алу. №4 Теңдеуді шешу.

1-қатар 2-қатар 3-қатар

  1. Аялдама: «Англия дукені»

№7 есеп.

Бағасы
Саны
Құны
Бағасы: ? бірдей
Саны: 4
Құны: 48 пенс
Бағасы: 10
Саны: ?

Шешуі: 48 : 4 ∙10 = 120

Жауабы: 120 пенс.

  1. Кемеге билет алу. №5 (ауызша)

482 см * 49 дм (‹) 1 ц 35 кг * 200 кг (‹) 5 м 6 дм * 506 дм (=)

  1. Аялдама: «Израиль дүкені»

№9есеп.

1 торт - ?, 6-дан 1 бөлігі - 15 шекель Шешуі: 15∙6 = 90 90∙2 = 180

2 торт - ? Жауабы: 180 шекель

  1. Ұшақпен қайту. Шығармашылық есеп. (Графикалық түрде шығарылатын есеп)

Қобдиша Құмыра

  1. Автобусқа билет алу. Перфокартамен жұмыс.

Өз бетімен жұмыс. №12

ІҮ. Қорытындылау.

  1. Автобус бетіндегі жазуды оқыту. Мағынасын сұрау:

- Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың . . .

(«Анашым» әні орындалып тұрады. )

Ү. Бағалау.

- Бүгінгі сабағымызда әр түрлі елдердің ақшасымен таныстық. Ал өз еліміздің төл ақшамыз, валютамыз қалай аталады?

- Ендеше қолымыздағы теңгені есептейік. Кім көп жинаса, жақсы бағалар алады.

ҮІ. Үйге тапсырма:

  • Теңге жөнінде берілген №8 есепті және № 3 мысалды үйге орындауға аламыз. (223- бет)

Ұқсас жұмыстар
3-сынып математика: екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разряд бойынша аттамай жазбаша көбейту
3-сынып математика: екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу сабақ жоспары
3-сынып математика сабағы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту - саяхат түріндегі сабақ жоспары
3-сынып математика: разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу: аралас сабақтың әдістемелік жоспары
4-сынып математикасы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу - қайталау сабағының жоспары
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы көбейту әдісі
3-сынып математикасы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері (ашық сабақ)
4-сынып: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу - сабақ жоспары
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу (204×2, 408÷2)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz