Алгоритмнің бұйрығы

Сынып 6. Мерзімі Сабақ №8.

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға алгоритм және алгоритмнің атқарушылары туралы түсінік беріп, алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту.

Тәрбиелік: өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: электрондық оқулық, слайд, жұмыс дәптері, оқулық, таратпа карточкалар.

«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле».

Жүсіп Баласағұн

Сабақтың кезеңдері:

  • Үй жұмысын тексеру. “Кім жылдам?” ойыны (тест жұмысын орындау) .
  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
  • Сергіту сәті.
  • Ашық тест жұмысы сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару. Әр оқушыға бағалау парағы және смайлик сонымен қатар түрлі түсті парақшалар таратылады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Тест жұмысы бойынша үй жұмысын тексеру.

  1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
  1. Шоттар
  2. Арифмометр
  3. Калькулятор
  4. Соробан
  1. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:
  1. Арифмометр
  2. Холлерит машинасы
  3. Шоттар
  4. Беббидж машинасы
  1. Бірінші программалаушы кім?
  1. Чарльз Беббидж
  2. Герман Холлерит
  3. Ада АвгустаЛавлейс
  4. Блез Паскаль
  1. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?
  1. 3
  2. 4
  3. 5
  4. Анықталмаған
  1. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?
  1. Екінші
  2. Үшінші
  3. Төртінші
  4. Бесінші
  1. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
  1. 1946 ж.
  2. 1949 ж.
  3. 1980 ж.
  4. 1956 ж.
  1. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы - ол:
  1. Транзистор
  2. Интегралдық сызба
  3. Электрондық лампа
  4. Үлкен интегралдық сызба
  1. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:
  1. Транзисторлар
  2. Интегралдық сызба
  3. Электрондық лампа
  4. Үлкен интегралдық сызба.

Тест жауаптары

1
2
3
4
5
6
7
8
1: b
2: d
3: c
4: c
5: c
6: a
7: c
8: a

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенін және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар. Әртүрлі алгоритм түрлерін құрып, ақпаратты модельдерді жасауды үйренесіңдер.

Жаңа түсініктер тақтада көрсетіліп тұрады.

Слайдпен жұмыс.

Алгоритм - берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің қарапайым етіліп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритм кез келген іс-әрекет бұйрық деп аталады.

Алгоритм тек қана адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.

Мысалы:

Шайды дәмдеу алгоритмі:

  • Басы
  • Ыстық сумен шәйнекті шаю
  • Шәйнекке шай салу
  • Қайнаған су құю
  • 3-5 минут күту
  • Шайды шыныаяққа құю
  • Соңы

Бұл мысалдан байқағанымыздай кез келген алгоритмнің «Соңы» болады екен.

Алгоритм анықтамасын электрондық оқулықта көрсету.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Алгоритмнің орындалу кестесі.

«Сөз жазу» алгоритмі.

Бұйрық нөмірі
Алгоритмнің бұйрығы
Бұйрықтың орындалу нәтижесі
Бұйрық нөмірі: 1
Алгоритмнің бұйрығы: Қаламды ал
Бұйрықтың орындалу нәтижесі: Қалам қолда тұр
Бұйрық нөмірі: 2
Алгоритмнің бұйрығы: «Ана» сөзін жаз
Бұйрықтың орындалу нәтижесі: «Ана» сөзі жазылды
Бұйрық нөмірі: 3
Алгоритмнің бұйрығы: Қаламды орнына қой
Бұйрықтың орындалу нәтижесі: Қалам үстелге қойылады
Бұйрық нөмірі: 4
Алгоритмнің бұйрығы: Соңы
Бұйрықтың орындалу нәтижесі: Алгоритм орындалды

Электрондық оқулық, алгоритм ұғымы, 4 тапсырма орындау.

Блок-сызбалар тақтада көрсетіледі.

Енді, алгоритмнің жазылу формаларымен танысайық. Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмнің мынадай формалары ұсынылады:

  • Сөздік формада
  • Графикалық
  • Алгоритмдік тілде
  • Программалау тілінде.

Жаңа біз алгоритмдер қарастырған болатынбыз. Осы қарастырған алгоримдер қай формаға жатады деп ойлайсындар?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блоксызба деп атайды.

Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.

Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады
Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады: Іс - әрекет тіктөртбұрышөа жазылады
:
Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады: Барлық элементтер бір-бірімен нұсқалармен байланысады, яғни алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
:
Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады: Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға алынады.
:

Екі санды қосу алгоритмі.

Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және в деп белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с деп белгілейміз.

IV. Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс.

І деңгейлік тапсырма.

Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды жазыңыздар.

  • Аяқ киім жөндеу
  • Тісті пломбалау
  • Көлікті жүргізу.

ІІ деңгейлік тапсырма. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.

Бұйрық нөмірі
Алгоритмнің бұйрығы
Бұйрықтың орындалу нәтижесі
Бұйрық нөмірі: 1
Алгоритмнің бұйрығы: Көк қарындашты ал
Бұйрықтың орындалу нәтижесі:
Бұйрық нөмірі: 2
Алгоритмнің бұйрығы: Шардың суретін сал
Бұйрықтың орындалу нәтижесі:
Бұйрық нөмірі: 3
Алгоритмнің бұйрығы: Шарды боя
Бұйрықтың орындалу нәтижесі:
Бұйрық нөмірі: 4
Алгоритмнің бұйрығы: Қарындашты орнына қой
Бұйрықтың орындалу нәтижесі:
Бұйрық нөмірі: 5
Алгоритмнің бұйрығы: Соңы
Бұйрықтың орындалу нәтижесі:

Сергіту сәті.

  1. Көзжаттығуынорындайық.
  2. .
  3. , солғақарау.
  4. , төменқарау.
  5. .

ІІІ деңгейлік тапсырма. (тақтамен жұмыс)

Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Қарындашты ал

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2С 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С

Алынған суретті аяқта.

Қарындашты орнына қой

Соңы.


Ұқсас жұмыстар
Алгоритм және оның қасиеттері
Түйіндерді редакциялау
Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм
Алгоритмнің орындалуы
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмнің өрнектелу жолдары
Алгоритм және оның қасиеттері жайлы ақпарат
Алгоритм және визуалды программалау технологиясы
Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту
Алгоритм түрлері. 9-сынып
Алгоритм қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz