Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мақтаншақ бұлақ

№3 мектеп - лицей

Бастауыш сыныптар апталығында
өткізілген ашық сабақ

Әдебиеттік оқу
<<Мақтаншақ бұлақ>>
Қ. Омарұлы

Сыныбы: 2 <<Б>>
Сынып жетекшісі: Шағырбаева С.Д.

Қызылорда қаласы
Бастауыш сыныптар апталағы
2-сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Мақтаншақ бұлақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: <<Мақтаншақ бұлақ>> ертегісін түсініп оқып, мазмұнын ашу, ертегідегі негізгі ойды ұғындыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытып, шығармашылық ой-өрістерін арттыру
3. Тәрбиелік: балаларды жаман қасиеттерден аулақ болуға, ақылдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: репродуктивті, мақсатты, эвристикалық, көрнекілік әдіс-тәсілдері
Сабақтың формасы: жан-жақтылы, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі: автор суреті, презентациялық слайдтар, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аударып құралдарын түгелдеу.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың ережесімен танысып алайық.
Ереже:
> Өзіңді еркін ұстау
> Ойыңды ашық айту
> Досыңды тыңдау
> Сабақта тәртіп сақтау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
* <<Жазғытұрым>> өлеңін жатқа сұрау
* Оқушылар өткен тақырыптар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
* Ауыл мен қаладағы көктемді салыстыру
* Үй тапсырмасын бекіту
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жыл мезгілдері туралы әңгімелеу
2. Көктем мезгілі туралы әңгімелеу
3. Сергіту сәті
Орманның біз емшісіміз тоқ-тоқ-тоқ
Құрт біткенді жоқ етеміз жоқ-жоқ-жоқ
Тоқ-тоқ-тоқ
Жоқ-жоқ-жоқ
4. Адасқан әріптерден сөз құрастыру (құбал)
5. Бұлақ туралы не білеміз?
Бұлақ көбіне жаңбыр суларынан пайда болады немес жиналған жер асты суларының жер бетіне шығуынан пайда болады. Ол өзенге немесе көлге барып құяды.
* Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қаржаубай Омарұлының шығармасы <<Мақтаншақ бұлақ>>
* Автор туралы мәлімет
12 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, <<Айдарлы>> кеңшарының №2 <<Құмшығанақ>> ауылында туған.
Алғашқы өлеңдері 1964 - 1965 жж. газет-журналдарда жарияланды. 1969 және 1973 жылдары Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты болды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық бәйгелерінде 1976 жылы <<Қоңыраулы бесік>>, 1981 жылы <<Әке>>, 1987 жылы <<Бала-балапандар>> повестері үшін үшінші, екінші жүлде алды.

* Оқулықпен жұмыс
* Мәтінді оқып беру
* Тізбектей оқыту
* Рөлге бөліп оқыту
* Мәтінді талдау
+ Шығарманың қай түріне жатады? Неліктен?
+ Кейіпкерлерін ата
+ Неліктен мәтін <<мақтаншақ бұлақ>> деп аталған?
+ Мақтаншақ бұлақ қай мезгілден жеңілді?
+ Шығармада автор бізге қандай ой тастағысы келді?
+ Мақтаншақтық жақсы қасиет пе? Мақтаншақ бала туралы не айта аламыз?
+ Адамның бойында тағы да қандай жақсы, жаман қасиеттер болуы мүмкін?
+ Адамның қасиеттері туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
Бес жақсы Бес жаман
Талап, еңбек, терең ой өтірік, өсек, мақтаншақ,
Қанағат, рақым еріншек, бекер мал шашпақ
* Жаңылтпаш жаттау
Ақ қыс, қағаз, аққу ақ
Ақ тіс, аққу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін,
Ақ емес бірақ, ақ тиін. (жаңылтпашты 3 түрлі шапшаңдықта айту)
* Дәптермен жұмыс
* Күннің реті Тақырыпты жазу
Оқушылардың алдарына қабілеттеріне қарай, тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды орындау.
1. Бес жолды өлең құрау Бұлақ
2. Мәтіндегі ұнаған кейіпкердің суретін салу
3. Бұлаққа мінездеме бер
4. Көктем белгілері
IV.Сабақты қорытындылау
> Шығарманың аты
> Шығарманың авторы
> Жанры
> Кейіпкерлері
> Түйін сөз
* Адамның бойындағы жақсы жаман қасиеттерді жіктеу. Оларды бойымызға сіңіру үшін жасалатын іс-әрекеттерді айту.
* Әрбір адамның бойында жақсы, жаман қасиеттер болады, бірақ сол жаман қасиеттерімізді дер кезінде жойып, жақсылыққа ұмтылсақ онда келешекте бізден жақсы адам шығады. Ал жамандыты бойымыздан қуатын не нарсе? Ой еңбегі оқу және дене еңбегі.
* Ойын <<Ыстық орындық>> ортаға бір оқушыны шығарып, бірінші өзін мақтату, одан кейін сол оқушыны оқушыларға мақтату.
* <<Аяқталмаған сөйлем>>
Мына сөйлемді аяқтаңдар.
> Менің ойымша, мен ...
> Өзгелер мені ...
> Мен келешекте ...

* Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен санақ бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады?, Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Кімді бағалаған қиын, өзіңді ме, өзгелерді ме? Себебі не?
V. Үйге тапсырма
Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. <<Менің портретім>> эссе жазу.
* Парақ бетіне <<Мен күн сәулесінің астындамын>> сурет салу. Күннің суретін салып, ортасына <<Мен>> деп жазыңдар. Ал сәулелері сендердің қасиеттерің. Оң қасиетіңді қызыл, теріс қасиеттеріңді көк қарындашпен сызуларың керек.

Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады.

Мақтаншақты мақтасаң, басыңа секіреді.

Өзіңді-өзің мақтама, біреу мақтасын.

Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.

<<Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз...>>

Ұқсас жұмыстар
Кәусар бұлақ МДГ тәрбиешісі
Жер-мекен
Абай ауылы Ыбырай ауылы
Есентай ерботин «даңғой»
7-ші сыныптың қазақ әдебиеті пәнініе арналған жұмыс дәптері
Аталар сөзі - ақылдың көзі
Күй тартыстағы әзіл
Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен Бақа А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
Ғылым таппай мақтанба Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу,
Ш.смаханұлы "тәкаппар"
Пәндер