Ацетиленнің құрылысы

Аманова Гүлбақша Ғинаятқызы,
БҚО, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы
Алғабас жалпы орта білім беретін мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен
Білімділік мақсаты: оқушыларға ацетиленнің шығу тарихы, құрылысы, қасиеттері, алынуы мен қолданылуы жөнінде жан-жақты білім беру.
Дамытушылық мақсаты :Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, жігерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: қарым -қатынасқа, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы : тарих, математика, физика
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын ауызша сұрақтар қою арқылы сұрау:
1. Алкендерден алкадиендердің айырмашылығы неде? (еселі байланыстарынының санында)
2. Диендер деп қандай көмірсутектерді атайды? (құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы - С n Н 2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер)
3. Диендерге қандай реакциялар тән? Мысал келтір. (қосылу, полимерлену)
4. Алкадиендерді ашқан кім? (С. В. Лебедев 1932 жылы)
5. Алкендерді қайда қолданамыз? (синтездік каучук алуда, резеңке бұйымдарын жасауда)
6. Каучукқа қандай физикалық қасиеттер тән? (каты зат, майысып, созылады, суды, газды, электр тогын өткізбейді, суда ерімейді. )
7. Резеңкені каучуктан тәжірибе жүзінде қалай алуға болады? (каучукті күкірт қосып, вулканизациялап )
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ацетиленді нің ашылу тарихын таныстыра отырып, проблемалық сұрақ беремін. Оқушылар сұрақты 9- сыныпта өткен материалдарына еске түсіріп, табады.
«Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық»
Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций карбидін неміс химиигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер калцийді әктен көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды.
Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді? Жауаптарынызды реакция теңдеулері арқылы дәлелдеңіз.
Жауабы: Талдау ол газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен екенін көрсетті. Осылайша кальций карбиді нің СаС 2 сумен әрекеттесіп, ацетилен бөлетін анықталып, ашылды:
СаО+3С→СаС 2 + СО
СаС 2 + 2Н 2 О→С 2 Н 2 ↑ + Са(ОН) 2
Ацетилен
ІІ Яғни, бүгінгі сабағымыз алкиндер және оңың маңызды өкілі ацетилен жөнінде болмақ.
Алкиндер - құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы С n H 2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек - этин немесе ацетилен С 2 H 2 . Оның химиялық формуласын ұсынған - П. Бертло. (1860 жылы) Бірінші мүшесі ацетиленнен С 2 H 2 басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектері деп те аталады.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp -гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp- гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°С бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады.
«Қанағат» тапсырмасы: Салыстыру кестесін толтыр:
σ-байланыс,
π-байланыс
Ацетиленнің құрылысы:
Электрондық формуласы :
Ацетиленнің изомерлері:
Көміртегі қаңқасы бойынша: НС≡С-СН 2 -СН 2 -СН 3 пентин - 1
НС≡С-СН(СН 3 ) -СН 3 3-метилбутин - 1
Еселі байланыс орны бойынша: НС≡С-СН 2 -СН 3 бутин - 1
Н 3 С -С ≡ С-СН 3 бутин - 2
Класаралық : НС≡С-СН 2 -СН 3 бутин - 1 Н 2 С=СН-СН=СН 2 бутадиен - 1, 3
Оқулықпен жұмыс
Физикалық қасиеттері: 15- кесте
«Талап» тапсырмасы: Алкиндердің формуласын таңда
Ацетиленді алу:
Алканданды дегидрлеп: CH 3 -CH 3 → 2H 2 + CH≡CH
Табиғи газдан (метаннан) : 2CH 4 → 3H 2 + CH≡CH
Кальций карбидінен: CаС 2 +H 2 O → Ca(OH) 2 + С 2 H 2 ↑
Галогентуыдылардан: CH 3 -CHCІ-CH 2 CІ + 2КОH → CH 3 - С≡СН + 2КСІ + 2H 2 O
Химиялық қасиеттері.
Алкиндерге:
а) қосылу (гидрленуі, галогенденуі, галогенсутектерді қосып алуы, гидротация реакциялары)
Марковников ережесі бойынша сутек атомы сутек атомы көбірек көміртек атомына, ал галоген атомы сутек атомы азырақ көміртек атомына қарай тартылады.
В. В. Марковников - орыс органик-химигі. Ол еңбектерін мұнай химиясына, органикалық синтезге арнады. Нафтендерді зерттеді.
Гидратация реакциясы сынап (II) сульфатының қатысында жүреді. Оны 1881 жылы М. Г. Кучеров ашқан. Өнеркәсіпте осы жолмен алынады. Аралық тұрақсыз өнім - винил спирті түзіліп, ол изомерленіп, ацетальдегидке айналады:
НС≡СН + H - OH→ [H 2 С = CH - OH] → H 2 C - C= O
H
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz