Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Молекулалар арасындағы тартылыс күші

Абай атындағы №4 мектеп лицейі

Физика пәнінен БИС технологиясы бойынша
<<Ауызша сабақ 1>>-нің технологиялық картасымен
7 сыныпқа арналған <<Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін тартылыс құбылысы.Ауырлық күші.Үйкеліс күші>> тақырыбына арналған сабак жоспары


Физика пәнінің мұғалімі:Сулайманова М.А.

Сабақтың тақырыбы:. Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін тартылыс құбылысы.Ауырлық күші.Үйкеліс күші

Сабақтың мақсаты:
1Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін тартылыс құбылысы.Ауырлық күші.Үйкеліс күші туралы түсіндіре білу.
2. Материалды меңгеру деңгейінің жоғары жылдамдығын арттырып, сапасын көтеру, есте сақтау, зейінді жаттықтыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру.

Сабақтың технологиялық картасы

І кезең. Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа дайындау және ынталандыру жаттығуларының бір түрі:
1. Бірге қайталау: Дене
Денелердің өзара
Денелердің өзара әрекеттесуі
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама күш.

2. Алдыңғы << Күш.Деформация.Динамометр.Масса.Тығыздық.>>тақырыптарына сөздік қор жазу.
Мысалы: Ауырлық күші, серпіпділік күші, үйкеліс күші, тартылыс құбылысы, Гук заңы, денелердің әрекеті, физикалық шамалар, инерция, қозғалыс, салыстырмалылық, денелердің қатынасы, жылдамдық, векторлық шама, сандық мәндер, бағыттар, 1 Ньютон, деформация, пластикалық деформация, серпімді деформация, пішіні, қаттылық, динамометр, күштердің қосындысы, тең әсерлі күштер, масса, тұрақты шама 9,8Н/кг, серіппенің ұзаруы, жүктер, салмақ, салмақсыздық, тыныштықтағы үйкеліс күші, дөңгелегендегі үйкеліс күші, кедергі, тартылыс күші, жазық бет, тығыздық, көлем, ұзындық, молекула, пропорцианольдық, килограмм, құлау, шкала, серіппе, жіп, қасиет, алғашқы түрі.
3.
Тақтадағы ООМ-сына әр оқушының сөз қорының көрсеткіштерін көрсету. (1 бағалау)

ІІ кезең. Жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе.

Зат күйінің қасиеттерін түсіндіру үшін, <<Неге?>> деген сұраққа жауап беру үшін үш мәселеге басты назар аударамыз:

1. Зат молекулалары арасындағы тартылыс күшіне.
2. Молекулалардың орналасуына.
3. Молекулаларының қозғалысына (Молекулалар тербелмелі және ілгерілемелі қозғалады).

ІІІ кезең. Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс.

§ 16 ( 3,5 бет)- Оқу және МКТ негізінде зат күйінің қасиеттерін түсіндіру үшін қажет трек сөздерді табу. (9мин.)

Трек сөздерді тақтаға жазу. Тақтадағы ООМ-сына әр оқушының тұсына белгі қою. (2 бағалау)

Мысалы:
Қатты Сұйық
Газ Молекула
Тартылу күші Күшті
Әлсіз Кристалдық тор
Тығыз Алыс
Тербелмелі Ілгерілемелі

Тақтадағы трек сөздерді оқушылар есте сақтайды. (1 мин) Уақыт біткен соң блок жабылып, балалар есте қалғанын жазады. Тақтадағы ООМ-сына әр оқушы тұсына қанша сөз есіне сақтағаны жазылады. (3 бағалау)
Блок ашылып, балалар есінен шығарғанын дәптерлеріне жазады.
ІV кезең. Білімді өз бетінше қолдану.
Трек сөздердің мағынасын ашу. Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады. Жауап беруіне қарай ООМ белгі қойылады. (4 бағалау)
V кезең. Бақылау және өзін-өзі бақылау.
Оқушылар өтілген тақырып бойынша тест дайындайды және ООМ бойынша сұрақтарын басқа оқушыларға өз таңдауымен қояды. Қасында отырған жолдасына қоюға болмайды. І нұсқада отырғандар ІІ нұсқны тестілейді. Келесі сабақта керсінше болады. ООМ бойынша сұрақ құрастырған және оған жауап берген оқушы бағаланады. (5 бағалау)
Мысалы:
1. Көлемін де, пішінін де сақтайтын зат күйі ?
А. Қатты В. Сұйық С. Газ
2. Көлемін де, пішінін де сақтамайтын зат күйі?
А. Қатты В. Сұйық С. Газ
3. Көлемін де, пішінінде сақтамайтын зат күйі?
А. Қатты В. Сұйық С. Газ
4. Неге қатты денелер көлемін де, пішінін де сақтайды?
А. Молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
В. Молекулалар арасындағы тартылыс күші күшті.
С. Жақын молекулалар арасындағы тартылыс күшті, алыс молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
5. Неге газдар көлемінде, пішінінде сақтамайды?
А. Молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
В. Молекулалар арасындағы тартылыс күші күшті.
С. Жақын молекулалар арасындағы тартылыс күшті, алыс молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
6. Неге сұйықтар көлемін сақтап, пішінін сақтамайды?
А. Молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
В. Молекулалар арасындағы тартылыс күші күшті.
С. Жақын молекулалар арасындағы тартылыс күшті, алыс молекулалар арасындағы тартылыс күші әлсіз.
7. Қатты дене молекулалары қалай орналасқан?
А. Тығыз В. Кристалдық тор құрып С. Алыс
8. Сұйық молекулалары қалай орналасқан?
А. Ретпен В. Ретсіз С. Алыстары ретсіз, жақындары ретпен
VІ кезең. Түзету
VІІ кезең. Жинақтау. ООМ бойынша жалпы баға қойылады. ( Соңғы қортынды баға шығарылады)
VІІІ кезең. Рефлексия. Барлық оқушы мадақталады.
ІX кезең. Үй тапсырмасы : Кесте толтыру.

Зат
күйлері

Қасиеттері
Молекулалар арасындағы тартылыс күші
Молекулалардың орналасуы
Молекулалардың қозғалысы
Қатты

Сұйық

Газ

Ұқсас жұмыстар
Денелер арасындағы гравитациялық күштер
Командалардың амандасуы
Бүкіләлімдік тартылыс күші
«ХХі ғасыр көшбасшысы» атты сайыс
Ньютонның екінші заңына сєйкес үдеу күшке пропорционал
Цифр қай елдің сөзі
Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы
Инерция күшінің көздері
Жанды сұрақ
Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі
Пәндер