7-сынып қазақ тілі сабағы: Ас атасы - нан тақырыбы бойынша қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.

Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға

арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей

интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Зейнешева Мариятта Әлімжанқызы

Сыныбы: 7 (орыс сыныбы)

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін кеңейту, біріккен сөз бен қос сөз туралы алған білімдерін бекіту

Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, Тілдік талдау дағдыларын, сөйлеу мәнерлерін дамыту меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы - жас ұрпақты Басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. тәрбиелеу. Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар, ақ қағаздар /постер/, смайликтер, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы:

І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең

  • оқушылармен сәлемдесу;
  • сабаққа қатысымын тексеру;
  • топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

1. Ойқозғау

- Бүгін аптаның қай күні?

-Ендеше ЖҰМА күні қазақ халқында қандай күн болып саналады?

/оқушы жауабы, мұғалім толықтырады/

2. Топтастыру.

Оқушыларды ортаға шақырып, кіші және үлкен сөздері жазылған парақшаларды таңдау ұсынылады. Таңдап болған соң, сұрақ қойылады.

-Осы үлкен және кіші сөздерінің жұма күніне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

-Үлкен жұма, кіші жұма /оқушылар білгендерін айтады/

Үлкен сөзін таңдағандар 1-топқа, кіші сөзін таңдағандар 2-топқа топтасады.

-Жұма күні дастарханға бірінші не қойылады?

/Оқушылар өз ойларын айтады. Одан соң бауырсақ таратылады/

-Бауырсақтан басқа күнделікті ас ішер алдында үстелге бірінші не әкелінеді?

-Ендеше бүгінгі сабақтың лексикалық тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады. Нан туралы білгенімізді ортаға салайық . . . /оқушылар сөйлейді/

ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең

( Мәтін бойынша тапсырмалар берілместен бұрын әр топқа «Бағалау парағын» беріп, бағалаудың жолдарын түсіндіріп өту )

  1. Мәтінмен жұмыс. «Тауық, тышқан және құрбақа»

Ерте заманда тауық, тышқан, құрбақа - үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:

- Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.

- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.

- Мен апара алмаймын, - депті тышқан.

- Мен де апара алмаймын, - депті құрбақа.

Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.

Тауық:

- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.

- Мен апара алмаймын, - депті тышқан

- Мен де апара алмаймын, - депті құрбақа.

Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.

Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.

- Мен илей алмаймын, - депті тышқан.

- Мен де илей алмаймын, - депті құрбақа.

Қамырды тауықтың өзі илепті. Тауық:

- Кім от жағады?- деп сұрапты.

- Мен жаға алмаймын, - депті тышқан.

- Мен де жаға алмаймын, - депті құрбақа.

Отты да тауық өзі жағыпты.

- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.

- Мен сала алмаймын, - депті тышқан.

- Мен де сала алмаймын., - депті құрбақа.

Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.

Тауық нанды алып қойыпты да:

- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.

- Мен, - деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.

- Мен де жеймін, - деп, құр да үстел қасына келіп отырыпты.

1-тапсырма

  • 1. Топпен оқу
  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемнің астын сызу
  • Қиын және таныс емес сөздердің астын сызу, мағынасын ашу.

диірмен-

Тарттырыпты-

Иледі-

2-тапсырма

І топ:

  • Мәтінді қалай аяқтар едіңдер? Өз ойларыңды жинақтап, мағыналы әрі тәрбиелі ой түйетіндей етіп аяқтап көріңдер.

ІІ топ:

  • Мәтіннен қандай қорытынды шығады? Нақыл сөзбен немесе мақал-мәтелмен қорытуға болады. Ы. Алтынсариинің «Егіннің бастары» шығармасын еске түсіру.

3-тапсырма (грамматикалық тапсырма)

І топ:

Күрделі сөздер туралы не білеміз? (жоба қорғау)

ІІ топ:

Күрделі сөздердің жазылу емлесі (жоба қорғау)

/ақ қағазға өз ойларын жинақтап түсіреді де, тақтаға шығып қорғайды/

4-тапсырма

І топ:

Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазу, талдау.

ІІ топ:

Мәтіннен қос сөздерді тауып, талдау.

5 -тапсырма Мәтінге байланысты берілген мақал-мәтел мен тыйым сөздің мағынасын ашу үшін диалог құру, көрініс көрсету.

І топ:

  • Нан бар жерде әнде бар.

ІІ топ:

  • Дәнді шашпа, нанды баспа.

ІІІ кезең. Бекіту кезеңі

Рефлексия

Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды

  • “Ас атасы - нан” тақырыбына ойтолғау жазу.
  • Қазақтың ұлттық тағамдары туралы қосымша материал қарау.

ІҮ кезең. Бағалау

Әр топқа берілген «Бағалау парағындағы» критерийге сәйкес әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалім өзі қорытады.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі: Қос сөздер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілінен Біріккен сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сынып: Нан - тамақтың атасы тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Біріккен сөздер
Ашық сабақ: 4-сынып, Қазақ тілі - Қос сөздер
6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Қос сөздер және қайталама қос сөздер (Қазақтың ұлттық ойындары)
Қос сөздер мен қайталама қос сөздер: қазақ тілінен сабақ жоспары
Ас атасы - нан: дәннен дастарханға дейінгі өндірістік процесс және еңбекке тәрбиелеу
Қос сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары және әдістемелік нұсқаулық
4а сыныптың қазақ тілі ашық сабағы: Қос сөздер (54-59 жаттығулар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz