Жүйке жасушасының өсіндісі

Сабақтың тақырыбы:

ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс - тәсілдер Анатомия курсы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың тәнтану курсы бойынша алған білімдерін қайталау, жүйелеу, жинақтау

Дамытушылық:

Оқушылардың ой -өрісін білімін тиянақтау. Ойлау қабілеттерімен танымдық ерекшелігін арттыру.

Тәрбиелік:

Ұрпақ тазалығының ұлт болашағы екендігін ұғындыру, жаман әдеттен жиренуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

І. Бәйге

ІІ. Ғалымдар

ІІІ. Тірек сызбамен жұмыс (Тірек - қимыл жүйесі)

ІV. Биологиялық диктант (Ағзаның ішкі ортасы)

V. Сәйкестендіру тесті (Ішкі секреция бездері)

VІ. Сізден сұрақ - бізден жауап

VІІ. Сандар сөйлейді (Асқорыту жүйесі)

VІІІ . Сөзжұмбақ (Жүйке жүйесі)

ІХ. Жорға

Х. Тест

І. Бәйге

  • Адам ағзасын зерттейтін ғылым?
  • Цитология нені зерттейді?
  • Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы?
  • Маңдай сүйегінің саны?
  • Омыртқа жотасының бөлімдері?
  • Адам қанша жасқа дейін өседі?
  • Сегізкөз омыртқаларының байланысы?
  • Адамдағы бұлшықеттердің саны?
  • Денедегі барлық сүйектердің саны?
  • Кеуде қуысының алдыңғы жағындағы сүйек?
  • Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады?
  • Адреналин гормоны жүректің жиырылуын?
  • Гипотониялық ауруларда қан қысымы ?
  • Тез ашуланғыш, терлегіш ауру
  • Гуморальдық реттелуде негізгі роль атқаратын заттар?
  • Төбе сүйегінің саны?
  • Арқа мен сегізкөз омыртқаларының иілімінің бағыты?
  • Құйымшақ омыртқаларының саны?
  • Адамдағы сүйектердің қозғалмалы байланысы?
  • Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшық ет?
  • Арқа омыртқаларының саны?
  • Толарсақтағы ең үлкен сүйек?
  • Мойын омыртқасының саны?
  • Адам денесіндегі буындар саны?
  • Тірек қимыл жүйесін зерттейтін ғылым және дәрігер
  • Гипофиздің зәрдің түзілу жылдамдығын бәсеңдетіп, су алмасуды өзгертетін бөлімі
  • Адиссон ауруының екінші аты
  • Оттегіге қаныққан қан алдымен жүректің қай бөлігіне жеткізіледі?
  • Қарыншаның жиырылу уақыты?
  • Қанайналудың орталық мүшесі?

ІІ. Ғалымдар:

  1. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген ғалым- Клавдий Гален
  2. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» - Әл -Фараби
  3. Тәжiк дәрiгерi әрi философы «Анатомия мен физиологяға кiрiспе», «дәрiгерлiк ғылымның ережелерi» («Канон врачебной науки») еңбектерi өте кұнды - Ибн Сина
  4. Ғылыми анатомияның негiзiн салған ғалым, Италиядағы Падуан университетiнiң профессоры. Мәйiттермен жеке бакылаулар жүргiзiп, 7 кiтаптан тұратын «Адам денесiнiң құрылысы туралы» (1543) еңбек жазған. Сондыктан да оны анатомия ғылымының негiзiн салушы ғалым деп орынды атайды. - Андреас Везалии
  5. Ағылшын дәрiгерi, анатом. Қанайналымның тұйық екендiгiн алғаш рет дұрыс түсiндiрген. Үлкен қанайналым шеңберiнiң болатынын ашқан. Ол физиология ғылымының негiзiн салушы ғалым. - Ульям Гарвей
  6. Физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды. - Сеченов
  7. Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым. - Мечников
  8. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген. Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғылымның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті. - Павлов
  9. Ұрпағының болашағы үшінкүрескен қазақтың біртуар ұлы. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Оның негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент) ; «Табиғаттану» (1924, Ташкент) ; «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент) ; «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) - Х. Досмұхамедов

ІІІ. Тірек сызба

ІV. Шәкерім

Жатырда қанды емізген,

Ауызсыз қорек жегізген,

Туғызып, түзеп, өсіріп,

Өзіңді өзім дегізген

Тіршілік сүйтіп таралған. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

V. Сәйкестендіру тесті

VІ. Сізден сұрақ - бізден жауап

Топтар өздері дайындап келген сұрақтарын қарсыластарына қояды.

VІІ. Асқорыту жүйесі

VІІІ. Сөзжұмбақ (Жүйке жүйесі)

Сөзжұмбақ

1.

2.

3.

4.

5.

6

7.

1. Жүйке жасушасы

2. Жүйке жасушасының өсіндісі

3. Ішкі секреция безі

4. Ас қорыту физиологиясын зерттеген ғалым

5. Тітіркендіруді қабыдлдайтын жүйке ұштары

6. Лейкоцит жасушаларын зерттеген ғалым

7. Жүйке жасушасының өсіндісі

Осы сөзжұмбақты дұрыс шешкенде жүйке жүйесінің басты қызметі шығады.

ІХ. Жорға

Х. Тест.

“Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар”

Ж. Баласұғын

Қорытындылау


Ұқсас жұмыстар
Тірек ұлпа
Бұлшықет және жүйке ұлпасы. қалқанша безі. 8-сынып
Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің типтері
Бұлшықет сүйекке
Аралас жұлын жүйкелері
Жүйке жүйесі. 8-сынып
Білім алушыларды топқа бөлу
Қаназдық ауруы
Жануар жасушасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz