Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өнер көрсету Ана мен баласы

Солтүстік Қазақстан облысы
Сергеевка қаласы
<<Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі>> КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаркинова Зубида Азаматқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Ана - өмір тірегі>>

Мақсаты:
1. Аналарды, қыздарды және ұстаз-аналарды мереке күнімен құттықтау
2. Ата - бабадан келе жатқан салтымыз ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлауға үйрету
3. Оқушылар бойында мейірімділік, инабаттылық, сыпайылық және басқа да адамгершіліктің жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Мерекелік зал сәйкес безендіріледі, слайд-шоу жүріп тұрады, шарлар, гүлдер, ана туралы жазылған қанатты сөздер:
Ақ шашты ана: "жастығым -- балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім -- анам" дейді.
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
Сайыстың жоспары:
І. Аналар өздерін таныстыруы
ІІ. Жағдайаттардыды шешу жолдары
ІІІ. Өнер көрсету Ана мен баласы
VI. Дастархан мәзірі
1 - жүргізуші:
<<Ана>> дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын <<ана>> сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана -- әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де - <<ана>>. Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл - ана. Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді өмір тірегі - АНА деген ардақты жанның құрметтеріне арналады.
2 - жүргізуші:
Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.

Құрметті аналар, ұстаз-аналар және ару қыздарымыз, қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған <<Ана-өмір тірегі>> атты аналар сайысына қатысушы аналарымызды балаларымен ортаға шақырамыз.
(Музыка ойналып ортаға аналар шығады)

1 - жүргізуші:
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қарсы алайық бүгінгі аналарды,
Ұстаған қазағымның ата - салтын.

2 - жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Қазылар алқасы таныстырылады )

1 - жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейсіз.
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз!
Сіз білесіз бе,таныстыра білу де - өнер. Бұл <<өнердің>> қыр-сырын меңгеріп үлгермеген болсаңыз, "ештен кеш жақсы". Сонымен, таныстыру кезегі аналарда.
2- жүргізуші:
Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем, - деп аналарымыздың өнеріне кезек береміз;

1 - жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, (Аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді)

Ситуациялық сұрақтар:
1. Балаңыз спорттық жаттығудан келіп сабаққа дайындалмай ұйықтаймын деді, Сіздің ісіңіз....
2. Сіздің сүйікті фильміңіз бен баланың жақсы көретін мультфильмі бір уақытта болатын болды,
Сіздің әрекетіңіз... теледидарды кім көреді?
3. Дүкенде сүтке жететін ғана ақшаңыз қалды, ал балаңыз алма әперуіңізді сұрады, Сіз не аласыз? Неге?
4. Сіздің балаңыз бір баламен төбелеске түскен екен, себебін қалай анықтайсыз?
2 - жүргізуші:
Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз - алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
1- жүргізуші:
Ас адамның арқауы - деп аналарымыз әзірлеп әкелген дастархан мәзіріне назар салайық.
(Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарады. Марапаттау рәсімі.)
2 - жүргізуші:
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз - сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла,барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жасаңдар.
1 - жүргізуші:
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам - анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! деп мерекемізді аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
(Сайыстар арасында музыкалық өнер көрсетіледі)

Ұқсас жұмыстар
Анашым ақылшым жайлы ақпарат
Асыл әжем-ақ әжем
Әжеммен өмір ажарлы сыныптан тыс іс-шара
Оқушы. Ұстаз.Ата-ана. (ата-ана, оқушы, ұстаздарға арналған танымдық кеш сценарийі)
Ана - біздің күніміз жайлы ақпарат
Зұлқарнай кім
Бар білімге бас болған - әліппе ғылым анасы
Ғажайып отбасы
XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
Отбасы - бақыт мекені
Пәндер