Шаруа және ешкі

Қысқа мерзімдік жоспары

28. 10. 2014
Информатика
6-сынып
28. 10. 2014: Сабақ тақырыбы:
Информатика: Алгоритмнің жазылу формалары
28. 10. 2014: Жалпы мақсат:
Информатика:
  • Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
  • Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
28. 10. 2014: Сілтеме:
Информатика:
  1. 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық
  2. 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
  3. Портал материалдары
  4. 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптері
28. 10. 2014: Оқу нәтижесі:
Информатика: Оқушылар алгоритм ұғымын, алгоритмнің жазылу формаларын біледі, алгоритмді блок схема түрінде көрсете алады.
28. 10. 2014:

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

Информатика: ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, доп.
28. 10. 2014: Оқыту әдістері:
Информатика:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.

Жұмыс түрлері: жеке

28. 10. 2014: Дерек көздері:
Информатика:
  • Информатикаға арналған жұмыс дәптері.
  • Оқулық
  • Сілтемелер
  • Электронды оқулықтар
28. 10. 2014: Тапсырмалар:
Информатика: Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Көршінің суреті» тренингі мұғалімдер бір-бірімен танысу және жайлы атмосфера орнату мақсатында жүріледі.

Оқушының іс-әрекеті:

Амандасады, тренингке қатысады.

Бір-біріне қарама қарсы отырады. Дәптерлерді төбесіне қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, қысқа уақытта /1, 5 минут/ оның суретін сауға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Сурет салынған парақтарды қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.

Тапсырмалар:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

( 10 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сұрақ-жауап.

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
  3. Программа дегеніміз не?
  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
  5. Алгоритм тілі дегеніміз не?

Тапсырмаларды орындау.

1- тапсырма. Оқушы математика сабағында 9-(2+6) :4+5 есепті шығара отырып, оны мынадай реттілікпен орындады:

1) 2+6=8

2) 8:4=2

3) 2+5=7

4) 9 - 7=2

Сенін ойынша оқушы есеп шығару реттілігін дұрыс орындады ма?

Өз жауабыңды жаз:

2- тапсырма. Арман есімді оқушы информатика пәнінен баяндама жазғысы келді. Ол былай істеді:

  1. компьютерді қосты
  2. мәтіндік редакторды іске қосты
  3. керекті мәтінді терді
  4. мәтіндік редакторды жапты
  5. компьютерді сөндірді

Арманның орындаған іс - әрекеттерінің реттілігі дұрыс па? Арман қай жерде қателік жіберді?

3- тапсырма. Әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.

C:\Users\6\Desktop\загруженное (1).jpg

- табаныңды жуу.

- шүмекті аш.

- үстел басына отыр.

- шүмекті жап.

-табаныңды орамалмен сүрт.

- балды же.

C:\Users\6\Desktop\images (1).jpg -қасықты ал.

Оқушының іс-әрекеті:

Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына

Тапсырмалар:

ІІІ. Жаңа тақырып

(7 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:

  • Сөздік формада;
  • Графикалық;
  • Алгоритмдік тілде;
  • Программалау тілінде.

Блок-сызба

Блок-сызбада әр іс-әрекеттер фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс-әрекеттер тіктөртбұрышқа жазылады. Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.

Мысалы, екі санды қосу алгоритмі

!Түйін

  • Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі.
  • Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі.
  • Іс-әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады.
  • Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады.
  • Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
Тапсырмалар:

IV. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

(Оқулықпен жұмыс. 60-61 б. б. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау) .

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Алгоритмнің берілу

формаларын атаңдар.

  1. Неліктен графикалық әдіс

сөздік алгоритмге қарағанда ыңғайлы?

  1. Блок-сызбаның элементтерін

сипаттаңдар.

  1. Тарқатылатын түзуді

спираль немесе спиральді түзу деп атайды. Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, спираль суреті алгоритмін құрыңдар. Спиральдің орам санын көбейту үшін алгоритмді қалай толықтыру керек?

  1. Алгоритмді орындағандане

болатының анықтаңдар.

Басы

Қарындашты ал.

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С

Алынған суретті аяқта.

Қарындашты орнына қой.

Соңы.

  1. РОБОТ ПОРТРЕТІ

алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта.

Басы

5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О

7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О . . .

Соңы.

  1. Келесі алгоритмдерге блок

сызба құрыңдар:

  • Үй тапсырмасын орындау
  • Жұмыртқа қуыру
  • Екі санды көбейту
  1. Мына есепке алгоритм

құрыңдар. Есеп: Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және орамжапырақ тұр. Шаруа екінші жағалауға қасқырды, ешкіні, орамжапырақты алып өтуі қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек ешк, не тек орамжапырақ сияды. Барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құрыңдар.

Оқушының іс-әрекеті:

1. Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:

  • Сөздік формада;
  • Графикалық;
  • Алгоритмдік тілде;
  • Программалау тілінде.

10. Кесте құрайық!

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Шешуі: Шаруа төмендегі екі алгоритмнің біреуі бойынша әрекет ете алады.

Алгоритм1:

  1. Шару және ешкі
  2. Шаруа
  3. Шаруа және қасқыр
  4. Шаруа және ешкі
  5. Шаруа және орамжапырақ
  6. Шаруа
  7. Шаруа және ешкі

Алгоритм 2:

  1. Шару және ешкі
  2. Шаруа
  3. Шаруа және орамжапырақ
  4. Шаруа және ешкі
  5. Шаруа және қасқыр
  6. Шаруа
  7. Шаруа және ешкі

Ұқсас жұмыстар
Төрт түлік
Тәрбиешінің әрекеті
Ауылдың демографиялық ахуалы
Қасым аманжолов. көктем
Қазақ және төрт түлік
Түйенің сүті шұбат
Үй құстары мен үй жануарлары
Жануарлардың топтарын ата
Дәнді дақыл
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz