Паскаль тіліне аудару

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдерге есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм тарауы бойынша алған білімдерін тексеру

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интертақта, үлестірме материалдар

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

ІІ. Сыныпты екі топқа бөліп отырғызу:

1-топ - «Алгоритм» тобы

2- топ - «Бағдарлама» тобы

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Информатикалық диктант
  2. «Кім бағдарламашы» Есептерге бағдарлама құру
  3. «Ретін тап» ойыны. Бағдарламаның ретін тауып қою.
  4. Сергіту сәті. «Ақпаратты өңдеу» Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіріп өңдейді.
  5. Тестке жауап беру.

1. Информатикалық диктант

1 . . . берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. 2. Алгоритимнің . . . түрі бар. 3 . . . - іс-әрекеттердің тізбектей орындалуы. 4. Іс-әрекеттердің логикалық шартын тексере отырып, тармақтала орындалуын . . . дейді. 5. Циклдік алгоритмде . . . түйінді сөздері қолданылады. 6. Тармақталу алгоритмінде . . . түйінді сөздері қолданылады. 7 . . . - бүтін бөлу, ал қалдықты табу - . . . 8. Логикалық көбейту - . . .

2. «Кім бағдарламашы» Есептерге бағдарлама құру

І деңгей:Төмендегі өрнектерді Паскаль тіліне аудару.

А. Х 3 =

В. √1+х =

С. Sin 2 x - cos 2 x =

D. a x 2 + 5 2 a \frac{ax^{2} + 5}{\sqrt{}2a} =

Е. 36 div 7 =

F. 10 mod 3 =

ІІ деңгей. Сызықты, тармақталу алгоритмдеріне бағдарлама құру.

1. 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын шығаратын бағдарлама құру

2.

3. y= sin x 2 , x=0

Cos x 2 , x>0

ІІІ деңгей.

  1. Апта күндерінің реттік номері бойынша олардың аттарын анықтайтын бағдарлама құру.

3. «Ретін тап» ойыны. Бағдарламаның ретін тауып қою.

1-топқа:

2-топқа:

4. Сергіту сәті. «Ақпаратты өңдеу» Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіріп өңдейді.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарсада)

5. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды)

6. күлсең ескірген компьютерге күл ( Күлсең кәріге күл)

7. Компьютердің жұмысы операторға мәлім (Аттың сыры иесіне мәлім)

Тест 1-нұсқа

1. Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсетіңіз.

А. aлгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программа түрінде

В. aлгоритмдік тілде, программа түрінде, математикалық тілде

С. блок-схема түрінде, графикалық түрде, программа түрінде

2. Паскаль программалау тілінің авторы кім?

А. Блез Паскаль В. Никлаус Вирт С. Чарльз Беббидж

3. 14 div 5 -

А. 2, 8 В. 2 С. 5

4. Паскаль тілінде нәтиже алу операторын көрсет.

А. Begin В. read С. Write

5. Блок-схемада қандай геометриялық фигураларды қолданбайды?

А. Шеңбер, үшбұрыш В. Ромб, параллелограм С. Тік төртбұрыш, эллипс

6. Sqrt операторының қызметі -

А. Санның квадраты В. Санның квадрат түбірі С. Санның абсолют шамасы

7. := қандай белгі?

А. теңдік В. Бөлу С. Меншіктеу

2-нұсқа

1. Паскаль тілінде айнымалыларды сипаттау бөлімі:

А. Var В. Write С. Read

2. Түбір астындағы х-ті Паскаль тілінде қалай жазады?

А. Sqr(x) В. Sqrt(x) С. Abs (x)

3. Блок-схемада қандай геометриялық фигураларды қолданбайды?

А. Шеңбер, үшбұрыш В. Ромб, параллелограм С. Тік төртбұрыш, эллипс

4. Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет.

А. Begin В. read С. Write

5. блок-схемада шартты тексеру үшін қандай фигура қолданылады?

А. Эллипс В. Тіктөртбұрыш С. ромб

6. Логикалық терістеу

А. Not B. and C. or

7. Sqr операторының қызметі -

А. Санның квадраты В. Санның квадрат түбірі С. Санның абсолют шамасы

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Ү. Үйге тапсырма беру: Қайталау

ҮІ. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Тармақталу алгоритмінің түйінді сөздері
Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу
Файл және оны баптау
Тармақталу алгоритмі түйінді сөзі
Сызықтық алгоритмді бағдарламалау
Графиктік процедуралар. 8 сынып
Сызықтық алгоритмді програмалау
Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Функциясының паскаль тілінде жазылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz