Сызықтық алгоритмдер. Циклдік алгоритмдер

Пән Информатика сынып 6 Күні 29 . 10. 13 ж.

сабақ № : 17

Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік - оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері
Бөлінген уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

Сабақ кезеңдері: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бөлінген уақыт: 2 мин
Мұғалімнің іс - әрекеттері: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылардыңіс - әрекеттері: Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.
Сабақ кезеңдері: ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Бөлінген уақыт: 10 мин
Мұғалімнің іс - әрекеттері:

Сұрақ-жауап.

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
  3. Программа дегеніміз не?
  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
  5. Алгоритм тілі дегеніміз не?
Оқушылардыңіс - әрекеттері:

Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі - бұл

алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

Сабақ кезеңдері: ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бөлінген уақыт: 10 мин
Мұғалімнің іс - әрекеттері:

Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

Сызықтық алгоритмдер . Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмі . Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.

Циклдік алгоритмдер . Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Сабақ кезеңдері: IV. Сергіту сәті.
Бөлінген уақыт: 2 мин
Мұғалімнің іс - әрекеттері:

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
Оқушылардыңіс - әрекеттері:

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

Сабақ кезеңдері: V. Бекіту.
Бөлінген уақыт: 16 мин.
Мұғалімнің іс - әрекеттері:

Тапсырма №1. Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді) . Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.

Тапсырма №2. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм «Судың қайнауы»:

  • Шәйнекке су құю.
  • Газдың кранын ашу.
  • Шәйнекті плитаға қою.
  • Судың қайнауын күту.
  • Шырпыны газға апару.
  • Шырпыны жағу.
  • Газды өшіру.

Тапсырма №3 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

:
:
:
:
:

Тапсырма№4. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

Газды жақ

Газға табаны қой

Жұмыртқа мен майды дайында


Ұқсас жұмыстар
Тармақталу алгоритмдері
Циклдік алгоритмдер. циклдік алгоритмді құруды
Циклдік алгоритмдер
Бүтін тип
Шартсыз көшу операторы
Алгоритм түрлері
Алгоритм типтері
Асықты іздеу алгоритмі
Алгоритм командалары
Алгоритмнің орындалу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz