6 А сыныптың ұлдарымен жұмыс: 2011-2012 оқу жылы тәрбие жоспары

Ұлдарымен жұмыс

6 «А» сынып

Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi - бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi - ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан. “Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi”, “Әке - бәйтерек, бала - жапырақ”, “Жас - кәрiнiң көзi, кәрi - жастың тезi”, “Ата - балаға сыншы” мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.

Ұлдар тізімі

Аты-жөні
Туған күні, айы, жылы
Мекен-жайы
№:
Аты-жөні: Батырбеков Ануар
Туған күні, айы, жылы: 30. 11. 99
Мекен-жайы: Қаратал көшесі, 143-үй, 2-пәтер
№:
Аты-жөні: Зиядан Рахат
Туған күні, айы, жылы: 31. 01. 99
Мекен-жайы: Кивилев көшесі, 4-үй, 6-пәтер
№:
Аты-жөні: Марат Әділ
Туған күні, айы, жылы: 03. 04. 00
Мекен-жайы: Кивилев көшесі, 7-үй, 21-пәтер
№:
Аты-жөні: Рахимжанов Ержан
Туған күні, айы, жылы: 16. 02. 99
Мекен-жайы: Пушкин көшесі, 228-үй
№:
Аты-жөні: Саулетов Сайын
Туған күні, айы, жылы: 05. 12. 99
Мекен-жайы: О-Шығыс тұрғын ауданы, 28-үй
№:
Аты-жөні: Сейтнұр Бауыржан
Туған күні, айы, жылы: 18. 12. 99
Мекен-жайы: Рылеев кшесі, 27-үй, 1-пәтер
№:
Аты-жөні: Сейтал Досжан
Туған күні, айы, жылы: 10. 07. 00
Мекен-жайы: Пушкин көшесі, 241 «А»

Ұлдармен жұмыс жоспары

2011-2012 оқу жылы

Мерзімі
Жұмыстың мазмұны
Жұмыс түрі
Жауапты
№: 1
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыстың мазмұны:
  • «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»

Жұмыс түрі: Сынып сағаты
Жауапты: Сынып жетекшісі
№: 2
Мерзімі: Қазан
Жұмыстың мазмұны:
  • Ұлдарға өсиет
  • «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін»
Жұмыс түрі: Қарттармен кездесу Сынып сағаты
Жауапты:

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

№: 3
Мерзімі: Қараша
Жұмыстың мазмұны:
  • Мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат) .
Жұмыс түрі: Өндіріске саяхат
Жауапты: Сынып жетекшісі
№: 4
Мерзімі: Желтоқсан
Жұмыстың мазмұны:
  • «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»
Жұмыс түрі: Интеллект. ойын
Жауапты: Сынып жетекшісі
№: 5
Мерзімі: Қаңтар
Жұмыстың мазмұны:
  • «Толағай»
Жұмыс түрі:

Отбасылар сайысы

Жауапты: Сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
№: 6
Мерзімі: Ақпан
Жұмыстың мазмұны:
  • «Ұлдарға кеңес»
Жұмыс түрі: Пікір алмасу
Жауапты:

Медбике, психолог,

сынып жетекшісі

№: 7
Мерзімі: Наурыз
Жұмыстың мазмұны:
  • «Ұл бала» туралы мақал -мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер жинау
Жұмыс түрі: Кітапша жасау
Жауапты: Сынып жетекшісі, сынып ұлдары
№: 8
Мерзімі: Сәуір
Жұмыстың мазмұны:
  • Дене шынықтыру пәніне, спорттық үйірмелерге қатысуларын, аула клубтарында футбол ойнауларын бақылау
Жұмыс түрі:

Бақылау

Жауапты: Сынып жетекшісі
№: 9
Мерзімі: Мамыр
Жұмыстың мазмұны:
  • Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау

Жұмыс түрі:

Пікір алмасу

Жауапты:

Сынып жетекшісі,

әскери жетекші

Сынып жетекшісі: Ж. К. Акмолдаева


Ұқсас жұмыстар
6А сыныптың 2011-2012 оқу жылына арналған ата-аналармен жұмыс жоспары
6 А сынып қыздарына арналған тәрбие жұмысының мақсаттары мен 2011-2012 оқу жылына арналған жоспары
Ана - тіршілік тірегі: 5 «А» сыныптың ашық тәрбие сағаты, сынып жетекшісі З. Хисметова, Индербор, 2010-2011 оқу жылы
11 А сыныптың оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары және сынып жетекшісінің міндеттері (2015-2016 оқу жылы)
№3 орта мектептің Көңілді информатика сайыс сабағының жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Географиялық алаң интеллектуалды ойынына арналған 11-сынып сабақ-жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тәрбие сағаты (Бестобе орта мектебі, 2011-2012 оқу жылы)
Тіл білімінің салаларын оқыту: 11-сыныпқа арналған таңдау курсының күнтізбелік жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Қарабұтақ орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы 10-сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
Қ.И. Сәтбаев атындағы №216 мектеп 6А сыныбының 2011-2012 оқу жылына арналған тәрбие жұмыстарының жылдық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz