Ақпарат алатын көздерді атап айт

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және информатика

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру. Арналуы, сиапты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Бейнелік және таңбалы ақпарат түрлерін ажырата білуге үйрету. Оқушыларға тақырып бойынша терең білім беру, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  2. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
  3. Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге, өз денсаулығына көңіл бөлуге дағдыландыру, сыныптасын тыңдап жауаптарын толықтыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пікірлесіп -түсіндіру аукцион сабағы

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

Пәнаралық байланыс: география, биология, өзін-өзі тану, тарих, математика, орыс тілі, экономика.

Оқыту әдістері: ұлттық педагогика, ақпараттық-коммуникативтік технология, саралап-деңгейлеп оқыту, ойын элементтері.

Жабдықтау: таратпа материалдар, презентация,

Көкейкестілігі:

А) Негізгі ұғымдар: ақпарат (түрі, қасиеттері т. б. ) информатика

Ә) Оқушы қызығушылығын қалыптастырушы: ойын, бизнес

Б) Бақылау формалары: тест, зерттеушілік тапсырма

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
  2. Жаңа тақырыпқа кіріспе сөз
  3. Жаңа тақырыпты баяндау, пікірлесіп -түсіндіру.
  4. Сергіту сәті
  5. Қабылдаған білімдерін тексеру. /кері байланыс:Биржа ойыны
  6. Жаңа тақырыпты бекіту. ТЕСТ
  7. «Аукцион» ойыны
  8. Бағалау, үй тапсырмасын беру.

Барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу.
  • Психологиялық дайындық /сынып болып қайталау/

Болашақтың ұрпағымыз білімді

Информатикадан алған ілімді

Өмірде пайдаланамыз тиімді.

І. Жаңа тақырыпқа кіріспе сөз: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше сіздерді бүгінгі сабағымыздың білім - білікке қойылатын талаптармен тансытырып өтейін. /Қызығушылықтарын ояту/

Білім - білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - ақпарат ұғымын;

  • ақпарат формаларын;
  • ақпарат көздерін;
  • ақпарат типтері мен қасиеттерін;
  • ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
  • ақпаратты кодтау тәсілдерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру.

ІІ. Миға шабуыл. . Ақпарат деген сөзге сен қандай мағына бересің

Оқушыларға берілген тақырып бойынша өз пікірін дәптерге жазу ұсынылады.

Пікірлесу.

  • Тапсырма.Ақпарат алатын көздерді атап айт.

«Біз ақпаратты қайдан аламыз» деген сұрақты дискуссия барысында талдау. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма. Кестеге өзің ақпарат алған мысалдары мен олар алынған ақпарат көздерін жаз.
Ақпарат
Ақпарат көзі
Ақпарат: 1. Internet бүкіл әлемнен байланысты.
Ақпарат көзі: Инфоматика сабағы
Ақпарат: 2. Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың суммасы өзгермейді
Ақпарат көзі: Математика сабағы
Ақпарат: 3. Амеба бір клеткадан тұрады
Ақпарат көзі: Биология оқулығы
Ақпарат: 4. Токқа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті
Ақпарат көзі: Апаңның ескертуі
Ақпарат: 5. Тұратын уақыт болды
Ақпарат көзі: Қоңырау сағат

Жаттығуда біраз көмек берілген. Кестенің қатары толығымен толтырылған. Екіншіден бастап бесіншіні қоса қатарлар жартылай толтырылған. Қалған қатарларды оқушылар өз бетімен толтыруы керек. Жауаптардың айырмашылығы түрлі болуы мүмкін.

Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т. б. Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік т. б.

Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтасы, журнал, аууа бөлшектері, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқырамының жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.

Ақпарат қабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайлар да кездеседі.

  • Тапсырма.Берілген мысалдарда ақпарат көзін Қабылдаушы мен Ортасын белгілеңдер.

1. Есікке қоңырау соғу.

2. Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.

(ақпаратты бір жаққа беру)

3. Екі достың телефонмен сөйлесуі

(ақпарат алмасу)

Ұсынылады :

  • Бірінші үш мысалды бірге талқылау.
  • Ақпарат көзі де, қабылдағышы да бірнеше болуы мүмкін екенін түсіндіріп, тапсырманың басқа пункттерін өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.
  • Егер тапсырманы сыныпта орындауға сабақ уақыты жетпесе, онда оны үйге беру.
  • Тапсырма.Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма.Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.

Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Тапсырма.Сенің ойыңша берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле.
Процесс
Беру
Сақтау
Өңдеу
Процесс: 1. Кітап оқы
Беру: +
Сақтау:
Өңдеу:
Процесс: 2. Күнделікке баға қою
Беру:
Сақтау:
Өңдеу: +
Процесс: 3. Математикадан есеп шығару
Беру:
Сақтау:
Өңдеу: +
Процесс: 4. Есікке қоңырау соғу
Беру: +
Сақтау:
Өңдеу:
Процесс: 5. Компьютерде ойнау
Беру: +
Сақтау:
Өңдеу: +
Процесс: 6. Диктант жазу
Беру: +
Сақтау:
Өңдеу: +
Процесс: 7. Тақпақ жаттау
Беру:
Сақтау: +
Өңдеу:
Процесс: 8. Суретке түсу
Беру: +
Сақтау: +
Өңдеу:
Процесс: 9. Балмұздақ сатып алу
Беру: +
Сақтау:
Өңдеу: +

Ұқсас жұмыстар
Алтын қақпа
Тік төрбұрыш
Ақпарат қасиеттері
Жаңа стандартқа байланысты 5 сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Әдебиетті модульдік технология бойынша оқыту
Сіздердің бала
Сабақ мақсаттары. Кейбір оқушылар
Электролиттік диссоциациялану теориясы
Мұсылман құқығыны неізгі мектептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz