Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Бастауыш білім беру деңгейінің
<<Адам және қоғам>> білім саласы бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(1 - 4-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған <<Өзін-өзі тану>> оқу бағдарламасы - Астана, 2013. - 24 б.
(C) Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
<<Өзін-өзі тану>> пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
2. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
4. <<Өзін-өзі тану>> рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
1) оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
2) өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
3) өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
4) адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
5) әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
6) белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
7) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:
1) рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
2) өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
3) күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.
8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;
өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;
адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;
әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.
адамның өзін-өзі тануы
адам және қоғам
адам және қоршаған орта
9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы <<Шаттық шеңбері>> және <<Жүректен жүрекке>> әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға (<<Оқу>>, <<Сабақтың дәйексөзі>>, <<Әңгімелесу>>, <<Жағдаяттар кезінде ойлану>>, <<Шығармашылық жұмыс>> және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін (<<Тыныштық сәті>>, <<Өзіммен өзім>>, <<Сергіту сәті>>) әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
2. Базалық білім мазмұны
17. Мектептің бастауыш сатысы (1-4-сыныптар). Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
1) Өзін-өзі тану бақыты;
2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
3) Адам болам десеңіз...;
4) Әсемдік әлемінде.
18. <<Өзін-өзі тану бақыты>> атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.
19. Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы - іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас элементтерін пайдалану қажет.
20. Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.
21. Бағдарламаның <<Адами қарым-қатынасқа үйренейік>> атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
22. <<Адами қарым-қатынасқа үйренейік>> атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.
23. Оқыту үдерісінде баланың адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы ережелерін меңгеруі маңызды болып табылады. Бұл үшін оларды қарым-қатынас білігін, ынтымақтастық пен ұжымшылдық рухын дамытуға, басқалардың сезімін түсінуге, топпен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттестікке, басқа балалармен достасуға, жетістіктері мен сәтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-құлқын бақылап, оны саналы түрде басқаруға, түрлі өмірлік жағдаяттарда батыл және өзіне сенімді болуға үйрету керек. Балаларды жаттығуларға, ойындарға, шығармашылыққа, экспериментке, іс-әрекетке практикалық кірістірудің түрлі формалары жас жеткіншекті тәрбиелеу нормаларына тартуға, өзіне, айналасындағыларға, құрбыластарына және үлкен адамдарға қатынасында эмоционалдық-мотивациялық нұсқаулар қалыптастыруға, коммуникативтік және әлеуметтік дағдылар, біліктер және қарым-қатынас тәжірибелерін дамытуға, қоғамдағы дұрыс мінез-құлық және жеке даралық дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер туғызу қажет.
24. Осы тарау сабақтарында алған өзара адами қарым-қатынастың сыпайы тәсілдері, құралдары мен әдістері туралы білім балаларға қатынас жасау өнері жөнінде түсінік береді. Олардың жақын адамдарына, сыныптастарына, таныстарына мейірлі болып, шынайы сезімге тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Бұл сабақтар балаларды әңгімелесушінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз ойлары мен сезімдерін дұрыс жеткізе білуге, жақсы қатынасты бағалай білуге және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қуанышқа бөлене алуына, оларға қамқорлық көрсетуге және шамасына қарай көмек көрсетуге үйретеді.
25. <<Адам болам десеңіз...>> атты үшінші тарау баланың жас ерекшелігіне қарай олардың психологиялық дамуын, яғни өспелі мінез-құлықты түйсінуін, әсерленгіштікті, сезімнің қарқынды дамуын, жалпы эмоционалдық тонусын (шаттық, сергектік), жігерлілік сапаларын ескере отырып жасалған. Тарауда баланың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларын дамытуға септігін тигізетін материалдар бар. Осы арқылы оқушылар мейірімділік, борыш, адалдық, ұят, намыс, батылдық сияқты және т.б. адамгершілік ұғымдармен танысады. Баланың қайырымдылық, достық, ұстамдылық, мақсаткерлік, батылдық, өз-өзін құрметтеу, абырой, көңіл күйге ортақтаса білу, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық көрсетуін дамытуға ықпал ететін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға айырықша көңіл бөлінеді. Бағдарлама мазмұнында өзінің және басқалардың қылықтарын жинақтап қорыту, салыстыру, талдау, оның этикалық мәнін көре білу және бағалау қарастырылған.
26. Оқытудың мазмұны мен әдістері балалардың сезімталдығын, елгезектігін, өзін-өзі құрметтеуін, өз қадір-қасиетін сезінуін, эмпатиялық сезімін көрсетуін тәрбиелеу үшін жағдай жасауға бағытталған. Білім үдерісі баланың өз ұстанымына, оның өмірлік тәжірибесіне құрылуы қажет, сондықтан да оқушыларға оқу мен тәрбие үдерісінде берілетін ақпарат баланың жай назар аударуына ғана емес, оны эмоционалды түрде бастан кешіретіндей болуы тиіс. Онда балаларды өмірлік жағдаяттарды адамгершілік амалдармен шешуге үйрететін негіздегі тәжірибені қолдану қажет.
27. Тарауды оқытуда этикалық әңгімені жетекші әдіс ретінде қолдану мақсатқа сәйкес болады. Адамгершілік көрініс беретін оқиғаларды талқылау үдерісінде мұғалімнің балалар бойында жағымды эмоциялар оятуы, өз қадір-қасиетін сезінуін дамытуы қажет. Этикалық әңгіме мазмұны балалар әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты туындайтын қоғамдық құбылыстарды бағдарлай алатындай, өз мінез-құлықтарын сезінетіндей, өз қылықтарының адамгершілік нәтижелерін алдын ала болжай алатындай болуы керек. Адамгершілік тәрбиенің ұтымды тәсілі мен құралы арнайы құрылған танымдық міндеттер болып табылады. Оларды шешу барысында кіші жастағы оқушылар қылықтарын қарастыруды, жағдаяттарды талдауды, оларға өздерінің жеке қатынасын білдіруде өздеріне таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Сабақта болашақ туралы ойлану, армандау үшін уақыт бөлінуі қажет, бұл - тыныштық сәті, онда түрлі мәселелер: өзің, жақындарың мен туыстарың туралы, жақсылық пен жамандық туралы, адамдардың өмірін жақсарту жөнінде ойлану үдерістері орын алады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған адамдардың тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлықтарының жетістік және кемшілік тұстарын көруге; әділеттік танытуға, өз қалауын ортақ мүдделерге бағындыруға; өз бетінше әрекет етуге және қойылған міндеттердің шешімін өз бетінше табуға үйренеді. Адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы алынған мәліметтер кіші жастағы оқушыларға мінез-құлықтың әлеуметтік мәні бар жағымды мотивтерін орнықтыруға, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Білім мен тәрбиенің қаланған негіздері баланың бойында өз қылықтары үшін жауапкершілік сезімін және өзіне қатысты талап қоя білуді орнықтыруға көмектеседі, жеке тұлғаның басты келбетін дамытуға көмектесетін өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
28. <<Әсемдік әлемінде>> атты төртінші тараудың мазмұны кіші жастағы оқушылардың бойында қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады. Балалардың табиғатқа эстетикалық қатынасын қалыптастыру және денсаулықтарын нығайту мақсатында экологиялық, шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастырылады. Сабақтың эмоционалдық тартымды болуы кіші жастағы оқушылар үшін іс-шаралардың: танымдық, сюжетті-рөлдік ойындар, мерекелер, табиғи материалдармен практикалық жұмыстар, жобалық іс-әрекеттер, топтық саяхаттар, осы жастағылар үшін шамасы келетін табиғатты қорғау іс-әрекеттерін қолдану сияқты түрлері қамтамасыз етіледі.
29. <<Әсемдік әлемінде>> атты тараудың құрылымы этикалық, эстетикалық, валеологиялық, құқықтық білімдер арасындағы байланысты орнықтыруға жағдай жасайды. Тарау мазмұнына енгізілген осы білімдердің құрамдастары мағыналық жағынан ізгіліктік адамгершілік құндылықтармен байланысады. Өмір және салауаттылық құндылықтарын ашуға арналған сабақтарда оқушылар әрбір адамның өмір сүруге, өз денсаулығын қорғауға, баланың тіршілік етуге құқығын және өздерінің денсаулықтарына мемлекеттің ерекше қамқорлығын сезініп, басқа адамның өмір сүру құқығын әркімнің сыйлауға міндетті екенін ұғынады, экологиялық мәселелермен танысады.
30. Адамгершілік және экологиялық бағдарлы қалыптасқан тәжірибе арқылы кіші жастағы оқушылардың өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға, өзінің еңбек, демалыс, тамақтану сияқты өмірлік іс-әрекеті.
31. Кіші жастағы оқушылардың рухани-адамгершілік білімінің тиімділігі көбінесе мұғалім мен отбасының ынтымақтастығына байланысты болады. Мұғалімнің қандай адамгершілік ережелерді ұсынып отырғанын, балалардың мінез-құлықтарына қандай талаптар қойылатынын, адамгершілік категориясы бойынша олардың әрекеттері қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікір қандай екенін ата-аналардың білуі шарт. Ата-аналар мен педагогтердің тәрбиелік ықпалының бірлігі тәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін бір бағытта түсінуінен, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүзеге асыру білігінен көрінеді. Пәннің мақсат-міндеттері мен әдістерін ашатын бірлескен үй жұмысы (балалар мен олардың ата-аналары үшін), әдебиеттерді ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер өткізу тәжірибеге кеңінен енгізіледі. Мұның өзі мектепте де, үйде де балаларды үздіксіз тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
32. Төменде осы айтылған мазмұнға сәйкес құрастырылған <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша бастауыш мектептің әрбір сыныбына арналған тақырыптық жоспар ұсынылады.
33. 1-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.)
І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты
№
Сабақтың
тақырыбы
Сабақтың мазмұны
Сағат саны
1-2
Шаттыққа толы жүрекпен
<<Өзін-өзі тану>> пәні нені үйрететінін ұғыну <<Өзін-өзі тану>> пәнін оқып-үйренуге қызығушылық.
2
3-4
Арайлап атсын әр таңым
Әрбір атқан таңға, бейбіт күнге қуану, ризашылық білдіру, айналасындағы адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауы.
2
5-6
Бәрін білгім келеді
Білім, еңбек құндылықтары, оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру; ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, оқушы мәртебесі, жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.
2
7-8
Достық қымбат өмірде
Достары (балабақша, аула, ауыл, сынып), достық қарым-қатынастың өмірде алатын орны, достыққа негіз болатын адами қасиеттер туралы жалпы түсінік беру.
2
ІІ-тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік
9-10
Сәлем берем ізетпен
Үлкендермен амандасуға, бір-бірімен сәлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу; әдептілік, сыпайылық, ізеттілік ұғымдарын түсіну, әдеп талаптарын орындай білу, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға үйрену.
2
11-12
Тіл табыса білейік
Бір-бірін түсіне білуге, тыңдауға үйрену, кешірімді болу, өзара сыйластық, өзара түсіністік пен татулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
2
13-14
Көмектесе білейік
Айналасындағы адамдарға көмек көрсету, өзара көмек жасауға үйрену; өзіне жақын, ниеттес адамға сенім білдіру, өзара жауапкершілікті түсіну, қамқорлық жасай білу, бір-біріне адал болуға үйрену.
2
15-16
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, жақын, туыс адамдармен өзара сыйластық, адамдарға ақ ниетпен құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
2
ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
17-18
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсы мен жаманды ажырата білу, жақсыны бойға сіңіру, жаманнан аулақ болу; жақсылық жасауға үйрену, жақсылықты өнеге ету, жақсылықты риясыз жасауға үйрету.
2
19-20
Қамқор болып өсемін
Сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті сезіне білу, айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамдарды жақсы көру, қайырымды, мейірімді болу; қамқорлық сезімдерін дамыту, адамға, табиғатқа, жан-жануарларға қамқорлық жасай білуге баулу.
2
21-22
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шындық пен өтірікті айыра білу, шындықты айта білу, өтірік айтпау, шыншыл, турашыл болуға үйрену.
2
23-24
Жауапкершілік пен жауапсыздық
Жауапкершілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу; жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту, балалардың жауапкершілігін арттыру; өз сөзіне, ісіне жауапкершілікті сезіндіру.
25-26
Адам болу арманым
Адам құндылығының маңызы; адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейту; әр адамның ерекшелігін көрсететін табиғи дарыны, қабілеттері туралы түсінік беру; өзін-өзі танудың: өмір, қарым-қатынас, ата-ана, бауырмалдық және т.б. негізгі ұғымдарын меңгерту.
2
ІV-тарау. Әсемдік әлемінде
27-28
Табиғатқа құштарлық
Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін сезіне білу, табиғаттан үйлесімділік, жарасымдылық табу, әсемдікке, сұлулықққа талпыну; табиғатқа қамқорлық жасау, аяушылық, жанашырлық таныту, күтіп-баптау, өсіп-өнуіне көмектесуге баулу.
2
29-30
Денсаулық құпиялары
Денсаулықтың маңызын түсіну, денсаулық құпияларын білу, денсаулықты күту, бағалау, нығайтуға үйрену.
2
31-32
Отанымды сүйемін
Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту, қызмет етуге үйрену. Туған өлкенің табиғаты, байлығын сақтауға, қамқор болуға баулу.
2
33-34
<<Өзін-өзі тану>> пәнінен үйренгенім
1-сыныпта <<Өзін-өзі тану>> пәнінен үйренгендерін жинақтап, қорыту
2
34. 1-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша білім сапасын бағалау 1-сынып бағдарламасында белгіленген <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар>> негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда <<сынақ>> деген баға қойылады.
35. Оқушы 1-сынып бағдарламасындағы <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың>> жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда <<сынақ>> деген баға қойылады.
36. Оқушыға <<сынақ/сынақ емес>> деген баға қойыларда оның <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
37. 2-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.).
№
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мазмұны
Сағат саны
І тарау. Өзін-өзі тану бақыты
1-2
Біз осындай баламыз
1-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан үйренгендерін еске түсіру. Өзін және айналасын тануға қызығушылық. Оқуға, білім алуға деген құштарлық.
2
3-4
Көңіл күйімізді басқара білейік
Жағымды қарым-қатынас туралы түсінік. Ұстамдылық іскерліктерін дамыту. Әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
2
5-6
Оқуға құштарлық
Білім, махаббат адамгершілік құндылықтары; оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту; кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
2
7-8
Менің ұстаздарым
Білім, сыйластық адамгершілік құндылықтары туралы түсініктер. Ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі <<ұстаздары>> екендігін түсіндіру; мұғалім еңбегі туралы түсінік, оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігі; ұстаздарды бағалау, сыйлау.

Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Құрмет, ізет, сыйластық туралы түсінік беру. Қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
2
11-12
Кешірімді бала - кішіпейіл бала
Кешірім ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Кішіпейілділік, кешірімділікке бейім қабілеттерін дамыту.
2
13-14
Келісім түбі - жарастық
Келісім, жарастық туралы түсінік беру. Достаса білу, қасиеттерін дамыту. Өзара татулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
2
15-16
Күш бірлікте
Бірлік туралы түсінік беру, көпшіл болу іскерліктерін дамыту. Бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу. Өзара түсінісе білу іскерліктерін дамыту, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
2
ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
17-18
Текті білу тегін емес
Ата-тек, жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. Атадан өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие алу. Ата-текті құрметтеу, қастерлеу. Ұрпақ жалғастығы.
2
19-20
Обал мен сауап
Мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Обал мен сауап туралы түсінік беру. Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
2
21-22
Еңбек бәрін жеңбек
Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік. Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. Алдына қойған мақсат жолында қажыр-қайрат, жігерлілік, өзіне-өзі талап қоя білуге үйрету.
2
23-24
Жүрек жылуы
Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінік. Өзгелерге қамқорлық жасау, ата-анасына, бауырларына деген сүйіспеншілік.
2
IV-тарау. Әсемдік әлемінде
25-26
Халық даналығы
Даналық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі халық даналығы екендігін түсіндіру. Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны құрметтеп, сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.
2
27
Халқым менің қонақжай
Туған халқының дәстүрін танып-білуге қызығушылық, қонақжайлылық дәстүрі, қонақты күтіп-сыйлау, бата алу. Отбасылық дәстүрлерді қастерлеу, жалғастыру.
1
28
Табиғат - әсемдік әлемі
Табиғат, сұлулық тәрізді адамгершілік құндылықтар туралы түсінік. Табиғат сұлулығы туралы түсінік беру; табиғат әсемдігіне қызығушылықтарын арттыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу.
1
29
Табиғат - денсаулық мекені
Табиғат, денсаулық адамгершілік құндылықтары туралы түсінік. Табиғаттың денсаулыққа әсері туралы түсінік беру; денсаулығын нығайтуға ұмтылысын арттыру; денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.
1
30
Табиғатпен біргеміз
Адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсінік беру. Табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
1
31
Атамекен табиғаты анамдайсың
Атамекен табиғаты туралы түсінік беру. Табиғатқа қамқорлық жасау, іскерліктерін дамыту. Атамекенін қадірлей білуге тәрбиелеу.
1
32
Қазақстан - менің елім
Отан, махаббат адамгершілік құндылықтары туралы түсініктер. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың Отаны Қазақстан екендігін түсіндіру. Отанға сүйіспеншілігін арттыру; Отанын сүюге тәрбиелеу.
1
33-34
Үйренгенім көп менің
2-сыныпта <<Өзін-өзі тану>> пәнінен алған білімдерін жинақтау, жағымды қарым-қатынастарын дамыту.
2
38. 2-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша білім сапасын бағалау 2-сынып бағдарламасында белгіленген <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар>> негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда <<сынақ>> деген баға қойылады.
39. Оқушы 2-сынып бағдарламасындағы <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың>> жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда <<сынақ>> деген баға қойылады.
40. Оқушыға <<сынақ/сынақ емес>> деген баға қойыларда оның <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
41. 3-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.).
№
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мазмұны
Сағат саны
І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты
1
Өзін-өзі тану белестері
Рухани-адамгершілік құнды-лықтар негізінде 2-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан алған білім-біліктерді жинақтап қорытындылау. 3-сыныпта меңгеретін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер туралы жалпы түсінік. Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарды танып білуге қызығушылығын ояту.
1
2
Өмірді танып білуге құштарлық
Өмір ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Өмірді тану, өмірді танып білуге қызығушылықтар.
1
3
Білім ақиқат бастауы
Білім құндылығы туралы түсінік. Білімнің адам өміріндегі маңыздылығы; білімге, оқуға қызығушылық.
1
4
Менің сүйікті ісім
Еңбек құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсінік. Сүйікті іс туралы түсінік; еңбек ету іскерліктері.
1
5
Қиял арманға жетелейді
Жақсы ниетпен армандай білуге баулу. Қиял, арман туралы түсінік.
1
6
Бабалар сөзі - даналық көзі
Даналық құндылығы туралы түсінік. Даналық, ақылдылық туралы ұғымдар; ойлау іскерліктері; ата-баба даналығы.
1
7
Бірлігі жарасқан халықпыз
Достық, бірлік, халық құндылықтары туралы түсінік. Халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктері; өзара сыйластық қарым-қатынастары.
1
8
Отан сүйген ұланбыз
Отан, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімдері; Отанын сүю, мақтан тұту, құрметтеу.

9
Ризашылық пен алғыс
Сыйластық құндылығы туралы түсінік. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасы.
1
10
Өзіңді де, өзгені де аяла
Махаббат, сыйластық құндылықтары туралы түсінік. Өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығы; өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастар.
1
11
Шаңырақ жарастығы
Сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік.
1
12
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Сыйластық, қамқорлық құндылықтары туралы түсінік. Өзара сыйластық қарым-қатынасының адам өміріндегі мәні.
1
13
Ойнай білу де - өнер
Сыйластық, достық құндылықтары туралы түсінік. Шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығы.
1
14
Ұл бала мен қыз бала
Сыйластық, достық құндылықтары туралы түсінік. Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік.
1
15-16
Дос болайық, бәріміз
Достық құндылығы туралы түсінік. Татулық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы; өзара көмек, жолдастық, сыйластық қарым-қатынастары.
2
ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
17
Жылы жүрек - жақсы тілек
Мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсінік. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктер, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.
1
18-19
Ұқыпты бала- әдепті бала
Әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктер. Ұқыптылық, жинақылық туралы түсінік;
2
20-21
Өнерлі бала сүйкімді
Өнер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығы.
2
22
Ақыл жастан, асыл тастан
Даналық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ақыл, ақылдылықтың адам өміріндегі маңыздылығы, ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту, ақылды болу, ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдай алуға баулу.
1
23
Еңбектің наны тәтті
Еңбек құндылығы туралы түсінік. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы.
1
24
Мақтану - мақтаншақтық емес
Кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсінік. Мақтану, мақтау, мақтаншақ болмау туралы қасиеттер; жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктері.
1
25
Мейірімділік - асыл қасиет
Мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктер. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы; өзара сыйластық қарым-қатынастары.
1
26
Жаным толған жақсылық
Жақсылық, махаббат құндылықтары туралы түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасай білу іскерліктері.
1
IV-тарау. Әсемдік әлемінде
27-28
Туған жер ғажаптары
Отан, туған жер құндылықтары туралы түсініктер. Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығы; туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктері.
2
29-30
Табиғат сыйы
Табиғат құндылығы туралы түсінік. Табиғат пен адам үйлесімділігі.
2
31
Жаны саудың тәні сау
Табиғат, қамқорлық құндылықтары туралы түсініктер. Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқор бола білу іскерліктері.
1
32
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық құндылығы туралы түсінік. Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызы; денсаулығын сақтай білу іскерліктері.
1
33-34
Өзін-өзі танудан үйренгенім
Рухани-адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсініктер. <<Өзін-өзі тану>> пәнінен 3-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.
2
42. 3-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша білім сапасын бағалау 3-сынып бағдарламасында белгіленген <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар>> негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда <<сынақ>> деген баға қойылады.
43. Оқушы 3-сынып бағдарламасындағы <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың>> жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда <<сынақ>> деген баға қойылады.
44. Оқушыға <<сынақ/сынақ емес>> деген баға қойыларда оның <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
45. 4-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.).
№
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мазмұны
Сағат саны
І-тарау. Өзін-өзі тану бақыты
1
Өзін-өзі тану - өмірді тану
<<Өзін-өзі тану>>, <<өмір>> құндылықтары туралы түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық.
1
2
Білімге құштарлық
Білім құндылығы туралы түсінік. Білім, даналық ұғымдары туралы мағұлұмат; Білімге, оқуға қызығушылық.
1
3
Ойлы бала озар
Ой ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығы; ойлай білу іскерліктері.
1
4
Менің сыныбым - менің ұжымым
Ұжым, достық құндылықтары туралы түсінік. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығы; өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастары.
1
5
Менің арманым
Жақсы ниетпен армандай білу және оған қол жеткізуге ұмтылу. Арман ұғымы туралы түсінік.
1
6
Ата-баба өнері
Өнер құндылығы туралы түсінік. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығы;
1
7
Тілім менің тірегім
Тіл, Отан құндылықтары туралы түсінік. Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығы.
1
8
Мен елімнің азаматымын
Оқу, Отан, ел, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығы.

Жақсы сөз - жанға қуат
Сөз, бақыт құндылығы туралы түсінік. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығы; жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері.
1
10
Адал достық
Достық құндылығы туралы түсінік. Адал достықтың мәні; өзара сыйластық қарым-қатынастары.
1
11
Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ұстамдылық, сабырлылық адами қасиеттер туралы түсінік. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.
1
12
Қуаныш - жан шуағы
Бақыт, сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.
1
13
Кешірім мен келісім
Достық құндылығы және татулық, кешірімділік адами қасиеттері туралы түсінік. Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктері.
1
14
Ортақ іс табысы
Еңбек, сыйластық, ынтымақ құндылықтары туралы түсінік. Ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызы; бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктері.
1
15
Құрметтей білейік
Құрмет, сыйластық құндылықтары туралы түсінік. Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; ізетті қарам-қатынас жасау іскерліктері.
1
16
Жақсылық жасай білейік
Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсінік. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігі; жақсы істер жасай білу іскерліктері.
1
ІІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
17-18
Талаптыға нұр жауар
Білім, өнер құндылықтары туралы түсінік. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы.
2
19
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Сыйластық құндылығы туралы түсінік. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы.
1
20
Өзімшілдік пен көпшілдік
Бірлік құндылығы және көпшілдік адами қасиет туралы түсінік. Көпшілдік, өзімшілдік ұғымдары туралы түсінік; өзара сыйластық қарым-қатынастары.
1
21
Батылдық пен өжеттік
Халық, Отан, махаббат құндылықтары туралы түсінік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік; шешім қабылдай білу іскерліктері.
1
22
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбек құндылығы туралы түсінік. Еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсінік.
1
23-24
Төзім мен табандылық
Төзімділік, табандылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы.
2
25
Сабыр түбі - сары алтын
Сабырлылық, ұстамдылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік. Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығы; жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері.
1
26
Жақсылықтан жақсылыққа
Жақсылық құндылығы туралы ұғымдар. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасау іскерліктері.
1
IV- тарау. Әсемдік әлемінде
27-28
Табиғатқа қамқорлық
Табиғат құндылығы және қамқорлық адами қасиеті туралы түсінік. Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа қамқорлық жасау түсінігі.
2
29
Жер-Ана
Жер ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Жердің адам өміріндегі маңыздылығы; жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастары.
1
30
Су - өмір көзі
Су ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Судың адам өміріндегі маңыздылығы; суға қамқорлық жасау іскерліктері.
1
31-32
Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Табиғат, денсаулық құндылықтары және табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын күту іскерліктері.
2
33
Денсаулық өмір негізі
Денсаулық құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері.
1
34
Үйренгенім көп менің
Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік. <<Өзін-өзі тану>> пәнінен 4-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау.
1
46. 4-сынып оқушыларының білімін бағалау.
47. Оқушылардың <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша білім сапасын бағалау 4-сынып бағдарламасында белгіленген <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар>> негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда <<сынақ>> деген баға қойылады.
48. Оқушы 4-сынып бағдарламасындағы <<Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың>> жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда <<сынақ>> деген баға қойылады.
49. Оқушыға <<сынақ/сынақ емес>> деген баға қойыларда оның <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
50. Оқушылар 1-сыныптың соңында:
1) адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы түсініктерді біледі;
2) балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;
3) қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді;
4) мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
5) табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады;
6) денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
7) өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
8) Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
9) шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
10) оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.
51. Оқушылар 2-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;
2) оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;
3) адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;
4) қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
5) адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;
6) адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл күйін басқара алуды біледі;
7) денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;
8) өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.
52. Оқушылар 3-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және өзін-өзі тануға құштарлық, білім, іс, қиял, сөз, бірлік, Отан, ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек, мақтаныш, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
2) адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі;
3) мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алады;
4) адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алады;
5) шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
6) денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алады;
7) топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;
8) өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алады;
9) табиғаттың өмір сүрудің негізі ретіндегі маңызын түсінеді;
10) қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай біледі;
11) оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алады.
53. Оқушылар 4-сыныптың соңында:
1) адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге құштарлық, ойлылық, ұжымшылдық, арман, ата-бала өнері, тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, талаптану, тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік, батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
2) өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алады;
3) өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
4) этика ережелерін біледі және іс жүзінде қолдана алады;
5) табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;
6) денсаулықты сақтау және нығайтуды біледі;
7) адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсерін сезіне алады, табиғатқа қамқорлық жасайды;
8) өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінеді, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін біледі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді.
54. Мектептің бастауыш сатысына арналған рухани-адамгершілік білім беру мазмұны <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша БМЖМС-да қабылданған рухани-адамгершілік білімнің жалпы мақсаттарына және оларға сәйкес күтілетін нәтижелер жүйесіне қол жеткізу құралы болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz