П.С. Гранкин концепциясы бойынша тұрақты сөз тіркестер, синонимдер және антонимдер тақырыбындағы сайыс сабақ жоспары

Хромтау тау-кен техникалық колледжі

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Сауанова Г. Қ.

Сабақ П. С. Гранкиннің концепциясы бойынша құрылған. Сабақтан оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырады және сайыс түрінде өтілген соң, бәсекеге қабілеттіліктері артады.

Пәні: Қазақ тілі.

Сабақ тақырыбы : Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру. ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу. Сабақтың типі : Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, қайталау, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі : күнтізбе, интерактивті тақта, түрлі кеспелер, Домбыра.

Сабақтың жүру барысы :

Сабақ барысы Апта күндері
Уақыты
Бағалау
№: 1
Сабақ барысы Апта күндері: Ұйымдастыру бөлімі “Бастапқы сөз”.
Уақыты: 3 мин.
Бағалау:
№: 2
Сабақ барысы Апта күндері: Үй жұмысын сұрау. «Сиқырлы үйшік».
Уақыты: 7 мин.
Бағалау: 5 ұпай
№: 3
Сабақ барысы Апта күндері: «Ой толғаныс сатысы».
Уақыты: 10мин.
Бағалау: 5 ұпай
№: 4
Сабақ барысы Апта күндері: Жаңа сабақ. ТС мен жұмыс.
Уақыты: 15 мин.
Бағалау:
№: 5
Сабақ барысы Апта күндері: Үзіліс «Пантомима».
Уақыты: 5 мин.
Бағалау:
№: 6
Сабақ барысы Апта күндері: Жаттығу жұмысы
Уақыты: 10 мин.
Бағалау: 10 ұпай
№: 7
Сабақ барысы Апта күндері: Ойын «Сөз мерген»
Уақыты: 5 мин.
Бағалау: 5 ұпай
№: 8
Сабақ барысы Апта күндері: Шығармашылық диктант.
Уақыты: 10 мин.
Бағалау: 9 ұпай
№: 9
Сабақ барысы Апта күндері: Тест «Домино»
Уақыты: 7 мин.
Бағалау: 3 ұпай
№: 10
Сабақ барысы Апта күндері: Бағалау . Үй жұмысын беру.
Уақыты: 3мин.
Бағалау:
Сабақ мазмұны
Оқушы қызметі
Нәтиже
Бағалау
№: 1
Сабақ мазмұны:

Ұйымдастыру бөлімі: а) Топ студенттерін түгелдеу; ә) Оқу құралдарын тексеру; б) Сабақ жабдықтарын орналастыру;

Балалар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып, тұрақты сөз тіркестерін, синоним, антоним, тақырыптарын қарастырамыз. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Топ басшылары сайланады.

Оқушы қызметі: Студент сабақ жоспарымен және ұпай сандарымен танысады. Өз алдына мақсат қояды.
Нәтиже: Жұмысты жоспарлау, мақсатқа қол жеткізу талабы қойылады.
Бағалау:
№: 2
Сабақ мазмұны:

II. Уй жумысын сұрау бөлімі « Сиқырлы уйшік» Бұл бөлімде ұй тапсырмасына өтілген тақырыптар бойынша ережелерді жаттап келу болды. Әр топ мүшелері үйшіктен сұрақ алып сол сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1. Көнерген сөз дегеніміз не?және оның түрлерін ата.

2. Архаизм дегеніміз не? мысал келтір.

3. Тарихи сөз дегеніміз не? мысал келтір.

4. Жаңа сөз дегніміз не? мысал келтір.

5. Деалект сөз дегніміз не? мысал келтір.

6. Термин сөз дегніміз не? мысал келтір.

7. Кірме сөз дегніміз не? мысал келтір.

8. Кәсібі сөз дегніміз не? мысал келтір.

9. Табу сөз дегніміз не? мысал келтір.

10. Эвфемизм сөз дегніміз не? мысал келтір.

11. Дисфемизм сөз дегеніміз не? мысал келтір.

Оқушы қызметі:

Тіл дамыту, өз ойларын еркін жеткізу.

Сұрақтарға жауап беру.

Мысал келтіру.

Сөз қолданысынан шығып қалып, мағыналары көмескеленген сөздерді көнерген сөздер деп айтамыз. Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер деп бөлінеді.

Архаизмдер-халықтың тұмысы мен әдетғұрпының заман өзгеруіне байланысты басқа сөздермен ауысуы немесе қолданыстан шығып қалуы.

Тарихи сөз - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз.

Жаңа сөз (неологизм) -ғылым мен техниканың дамуын байланысты қолданысқ енген жаңа сөз.

Диалект өз-белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Кіме сөз-ана тілімізге шет тілінің енген сөз .

Кәсіби сөз-белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа өнерге байланысты

Қолданатын және негізінен сол кәсіппен айналласатындарғ ғана түсінікті сөз .

Табу сөз (бұмалау ) қазақ дәстүрі бойыша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.

Эвфемизм-мағынасы тұрпайы (дөрекі) сөздің орнына сол ұғымды жұсартып қолданылатын сыпайы сөз.

Нәтиже: Тілдерін дамытады, ойларын еркін жеткізге үйренеді.
Бағалау: 5 ұпай
№: 3
Сабақ мазмұны: «Ой толғаныс» бөлімінде сөз байлығын толықтыра түсіретін кірме сөздеріне тапсырма орындау. Слайдта көрсетілген тапсырманы орындау
Оқушы қызметі: Мұқият тыңдап, естеріне сақтау. Тапсырманы орындау.
Нәтиже: Кірме сөздерді естеріне сақтайды
Бағалау: 5 ұпай.
№: 4
Сабақ мазмұны:

Жаңа сабақтың тақырыбы айтылып экранда көрсетілген тірек кестелер бойынша Тұрақты сөз тіркестер, Синоним, Антоним тақырыптарына тоқталамын. Тұрақты тіркес-сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауыстыруға келмейді. Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді Антонимдер дейді.

Тілде бір-бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады.

Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әртүрлі сөздерді синонимдер деп атайды. Синонимдердің негізгі белгілерін айтып өтемін.

Оқушы қызметі:

Білім алушылар берілген ережені дәптерлеріне жазып алады.

Тұрақты тіркес-сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді Антонимдер дейді.

Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әртүрлі сөздерді синонимдер деп атайды.

Нәтиже: Жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтырады.
Бағалау:
№: 5
Сабақ мазмұны: Сегіту сәті. Паномима ойыны. Ойыншы қарсы команда ойыншыларына кеспе қағазда жазылған сөзді қимылмен көрсетеді, олар оны табады және ол тапқан сөзге синоним, антоним табады.
Оқушы қызметі: Берілген сөздерді ыммен көрсетеді, екінші топ оқушылары жасырын сөзді табады, синоним мен антоним қатарын айтады.
Нәтиже: Денелерін жазып, серігіп қалады.
Бағалау:
№: 6
Сабақ мазмұны:

Жаттығу жұмысы. Үлгі бойынша берілген тұрақты тіркестеріне балама сөздерді тауып, ретімен қойындар. Төбе шашы тік тұру-

Бетінен оты шығу-

Қабағынан қар жауды-

Іші бауыры елжіреді-

Салы суға кетті-

Қаспен көздің арасында-

Тепсе темір үзеді-

Аузынан суы құрып тыңдады-

Керек сөздер беріледі.

Оқушы қызметі:

Жазбаша орындау.

Төбе шашы тік тұру-қорқу.

Бетінен


Ұқсас жұмыстар
Сөз және оның мағынасы: антонимдер, синонимдер және омонимдер
2-сынып қазақ тілі: Сөз және оның мағынасы (синонимдер, антонимдер, омонимдер)
Тұрақты тіркестер: теориясы мен практикалық қолданылуы
Модульді сабақ: Лексика - омонимдер, синонимдер және антонимдер
Тұрақты сөз тіркестері: сабақ жоспары, тапсырмалар және бағалау
3-сынып қазақ тілі: Сөз және оның мағыналары - көп мағыналылық, синонимдер және антонимдер
5-сынып: Көнерген сөздер, тұрақты тіркестер және неологизмдерді қайталау
Сөз - мерген: мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер арқылы қазақ тілі білімін тексеру және тіл шеберлігін дамыту
Қазақ тілінің практикумы: тұрақты сөз тіркестерінің түрлері
5-сыныпта антонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz