Сәкен Жүнісовтың Ақан сері романы: 11-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия

11 «А» сынып

Қазақ әдебиеті пәні

Мұғалім: Жирикова Назгүл Байғұлжақызы

Ашық сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; шығарманың негізгі идеясын ашу, кейіпкер галереясын талдау;
  2. Дамытушылық:Көркем оқу шеберлігін, тілін дамыту, ой өрістерін кеңейту; прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту, өзінше ой түюге баулу;
  3. Тәрбиелік:Адами қасиеттерге баулу;

азаматтық бейнесін қалыптастыру, өнерді бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жинақтау стратегиясы, іздену, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа ақпараттық құрал(электрондық оқулық), роман мазмұнына тән суреттер мен портреттер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, бүгінгі күн.
  2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
  3. Жаңа сабақ.

С. Жүнісов туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

С. Жүнісов туралы ой-пікірлерді оқу.

Жинақтау стратегиясы арқылы кластер толтыру(интерактивті тақтада)

С. Жүнісов-публицист, аудармашы, жазушы, әдеби қызметкер, педагог, драматург

Хронологиялық кестемен жұмыс жүргізу. (тақтада беріледі)

«Ақан сері» дилогиясына тоқталу. Электронды оқулықтан Ақан сері туралы мәліметті тыңдау.

Роман мазмұны бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу.

1 топ Ақан сері бейнесін ашады

  • Ақан сері туралы М. Шаханов, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев сөздері тыңдалады.
  • Интерактивті тақта арқылы Ақанның қуанышқа толы өмірін қызыл түспен, қайғыға толы кезеңін қара түспен белгілеп, ақын өмірін, оның сан қырын ашып береді.

2 топ Әйелдер галереясына тоқталады.

  • Ақтоқты, Балқадиша, Ұрқия бейнелерін ашып береді.
  • «Балқадиша», «Сырымбет», «Ақтоқтыға айтқан ау-жары» жатқа айтылады.

3 топ Ақан серінің жан серіктері: Құлагер, Қараторғай, Базаралы туралы әңгімелейді.

  • І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына тоқталу. Оқушылар екі қалам иегерінің шеберлігін салыстырады.
  • Венн диаграмма арқылы екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
  • Поэмадан, дилогиядан Құлагер өліміне байланысты эпизодтар оқылады.
  • Ақан сері «Құлагер» әні тыңдалады.

Ақан сері-тарихи тұлға, тарихи кейіпкер. Сондықтан келес сөз тарихшыға беріледі. Роман мазмұны мен тарихи оқиғаларды салыстырып, талдау жасап береді.

  • Шығарманың композициялық құрылымы.

Дилогияның құрылымын анықтау.

Тапсырма:тақтадағы жасырынып тұрған том мен бөлімді эпиграф арқылы табу, бөлім мазмұнын қысқаша әңгімелеу.

  • Шығармашылық жұмыс.

Биопоэма

  1. Аты.
  2. Мекен-жайы.
  3. Қандай?
  4. Неден қорқады?
  5. Қыр-сыры.
  1. Үйге тапсырма беру.

Шешендік өнерге байланысты үзінді жаттау.

Тілдік талдау.

  1. Сабақты қорыту.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы: зерттеу сабағы
Үш жүзге атым мәлім: Ақан сері өмірі мен шығармашылығына арналған ашық сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған сабақ: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, шығармашылығы және ұлттық мұрасы
Құлагер - Ақан трагедиясы: Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығын талдау
3-сынып: Ел еркесі Ақан сері туралы сабақ жоспары
Ашық сабақ (қазақ тілі мен әдебиеті): Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы - өмірі мен шығармашылығы
Сәкен Жүнісовтың Кімнің мекені жақсы? әңгімесіне арналған 2-сынып интерактивті әдебиеттік сабағы
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл: 11 «Ә» сыныпқа арналған сабақ жоспары
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығын қайталау: 10-сынып қазақ әдебиеті сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz