Нұра орта мектебінің Информатика патшалығы сайысының оқу-әдістемелік жоспары

«Информатика патшалығы» сайысы

Тайжанова Тоғжан Жомартқызы

Нұра орта мектебінің мұғалімі

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын және өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылыққа, әділдікке, намысқойлылыққа жетелеу мақсатында өзімнің информатика апталығында өткізген «Информатика патшалығы» атты сайысымның жоспарын назарларыңызға ұсынып отырмын.

І. Кешті өткізуге дайындық

1. Кешке қатысатын оқушыларға компьютер құрылғылары бөлініп берілді.

2. Кеш өтетін орын безендірілді

3. Топқа бөліп сайысқа дайындау

4. Сазды үзіліске арнап өнер көрсету.

ІІ. Сайысты өткізу программасымен таныстыру.

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру
  • Сайысты өткізу
  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялануы

Сайыс жоспары:

1- тур. «Ақпаратты беру» сайысында әр топ өздерін таныстырады. (топ аты және ұраны)

2- тур. «Ақпаратты табу» сайысы. Бұл сайыста әр топқа бірдей тапсырма беріледі.

3- тур. «Ақпаратты қабылдау» сайысы . Бұл сайыста әр топ информатикаға қатысты әзіл айтып жарысады.

4- тур. «Ақпарат алмасу» сайысы. Әр топ өз өнерлерін ортаға салады.

5- тур. «Ақпаратты сәйкестендіру» сайысы . Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табы қажет.

6- тур. «Ақпаратты өңдеу» сайысы . Үй тапсырмасы бойынша компьютер құрылғыларын қатыстыра отырып, киім түрлерін құрастыру. Осы құрастырылған киім бойынша сән көрсету. Жақсы құрастырған киім бойынша, ұпай санын бағалау.

Қорытынды. Сайыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Сайысқа қатысушылар марапатталады.

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Кеншоқы ауылы


Ұқсас жұмыстар
Манашы орта мектебінің физика-информатика апталығы: Не? Қайда? Қашан? сайысының ұйымдастыру жоспары
4-сыныпқа арналған Тіл патшалығы таңдау курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
ОҚО Сарыағаш ауданы №127 Т.Бердияров орта мектебінің Білгірлер тапқырлар информатика білім сайысының өткізу сценарийі
5-сынып информатика: орта мерзімді сабақ жоспары және оқу-әдістемелік нұсқаулық
Павлодар қаласы №25 жалпы орта мектебінің XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары (2012-2013 оқу жылы)
Ақжігіт орта мектебінің 2016 жылғы Әдемі-ай арулар сайысының сценарийі
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің 2012-2013 оқу жылына арналған Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі жұмыс жоспары
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Бабатай орта мектебінің Өнерлі елдің өресі биік атты өнер сайысының сабақ жоспары (2012 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz