Сабақ жоспары: 6-сынып математика - рационал сандарға амалдар қолдану және деңгейлік тапсырмалар

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

Қ. И. Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейі

Пән мұғалімі Ташенова Гулмира Абдиманаповна

Сабақ жоспары

Пәні: математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану, деңгейлік

тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз - «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.

2. Үй жұмысын тексеру. (тақта арқылы) №572

1) 0, 5 * 2 х 5 \ 2х - 5 = - 6, 5 Жауабы : х = 4; х = 1.

2) 9 - 4х : 8 + 0, 875 =1 Жауабы: х = 2; х = 2, 5.

3) 6, 8 : 5х -24 + 2, 3 = 4 Жауабы: х = 4; х = 5, 3.
4) 3х - 16 * 2, 6 + 3, 8 = 22 Жауабы: х = 3; х = 7 2 3 \frac{2}{3}

3. Қайталау сұрақтары

- Таңбалар ережесін жаз

4. Ауызша жаттығулар (есептеулердің жауабында, жақын арада елімізде өтетін елеулі оқиғалар жөнінде мәліметтер жасырулы)

1) - 168 : (-3) (Ертең қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Солтүстік

Американың және Орталық Азияның 56 елін біріктіретін

әлемдегі аса ірі өңірлік құрылымның ЕҚЫҰ- ның

Саммит-і басталады. )

2) -2010 -11 ( Саммит жоғары деңгейдегі кездесу десек, бұл 11 рет өтіп

отырған бас қосу. 1999 жылы соңғы кездесу Ыстамбұлда

өткен. )

3) 13 6 - 13 - 6 ( Тәуелсіздікке 19 жыл. )

4) х- (-5) =18; x 2 x^{2} = ? ( 2011 жылдың 30 қаңтарында басталып Астана мен

Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азия ойындарына

169 қазақстандық спортшы қатысады. )

5) -2 * (- 5, 5) ( бұл додада спортшылар спорттық 11 түрінен бәсекеге

түспек)

5 Деңгейлік тапсырмалар

деңгей
есептер
1 топ
2 топ
3 топ
деңгей:

А

2 ұпай

есептер: №581
1 топ: 2) (0, 25-1) : (-5)
2 топ: 4) 1, 4:(-7) +(- 0, 8)
3 топ: 6) 5, 6:(-4) +0, 4
деңгей: №582
есептер: 2) -6(1, 5+а)
1 топ: 4) 15 ( 1 3 + а ) - 15\left( \frac{1}{3} + а \right)
2 топ: 6) 2 5 ( 5 а + 1 2 b ) - \frac{2}{5} \bullet \left( 5а + \frac{1}{2}b \right)
деңгей:

В

4 ұпай

есептер: №586
1 топ: 1) ( 1 3 5 8 ) ( 6 7 ) \left( \frac{1}{3} - \frac{5}{8} \right) \cdot \left( - \frac{6}{7} \right)
2 топ: 2) ( 5 12 7 30 ) : 13 15 \left( - \frac{5}{12} - \frac{7}{30} \right) :\frac{13}{15}
3 топ: 3) ( 3 4 1 6 ) \left( - \frac{3}{4} - \frac{1}{6} \right) : ( 1 3 8 ) \left( - 1\frac{3}{8} \right)
деңгей: №589
есептер:

4) 9, 1х+2-х-6

= -52, 6

1 топ: 3) 12х-5, 9-7, 5х+3, 2 =-4, 05
2 топ: 2) 4, 8х-5, 5-х= -18, 8
деңгей:

С

6 ұпай

есептер: №592
1 топ: 2) 3 , 5 ( 2 ) 2 , 8 3 , 5 2 , 8 \ \ \frac{3, 5 \cdot ( - 2) - 2, 8}{3, 5 \cdot 2, 8}
2 топ: 3) ( 20 12 5 ) ( 63 ) 20 ( 9 ) \frac{(20 - 12 \cdot 5) \cdot ( - 63) }{20 \cdot ( - 9) }
3 топ: 4) ( 6 , 5 4 1 , 5 ) ( 9 ) 3 1 , 5 \frac{(6, 5 - 4 \cdot 1, 5) \cdot ( - 9) }{- 3 \cdot 1, 5}

Жауаптары интерактивті тақтада біртіндеп ашу арқылы тексеріледі.

6 «Жауабы кімде?» ойынын ойнаймыз.

1. Санақ басынан санды кескіндейтін нүктеге дейін қашықтық

(санның модулі) деп аталады.

2. Кез келген теріс сан нөлден (кіші) .

3. Екі теріс санның қайсысының модулі үлкен болса, сол сан (кіші) .

4. -25 пен -18-дің қосындысының модулі неге тең? (-43)

5. -4 · (-8, 5) көбейтіндісін есепте. (34)

6. -0, 25х=5 теңдеуін шеш. (х=-20)

7. -4·38, 7 · (-2, 5) тиімді тәсілмен есепте. (387)

8. -8+х+(-22) өрнегін ықщамда. (-30+х)

(интерактивті тақтада жауаптарды жылжыту арқылы тексеріледі)

Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Натурал сан, бүтін сан, рационал сандарды Эйлер - Венн дөңгелектерімен көрсетейік. Рационал сандарды оқып-үйрену қажет пе? Өмірде кездесетін мысалдарға назар аударайық. (сурет бойынша)

7. Үйге тапсырма: № 581 (тақ) № 582 (тақ) ; №586 (1) .

8. Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып математика сабағы: Рационал сандарға амалдар қолдану
6-сынып математика пәні: Рационал сандарға амалдар қолдану сабақ жоспары
6-сыныпта рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану: қорытынды сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Рационал сандарға амалдар қолдану - білімді тексеру сабағының жоспары
6-сыныпқа арналған Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Рационал сандарға амалдар қолдану: ойын сабақ жоспары мен бағалау тапсырмалары
6 «а» сыныпқа арналған ашық сабақ: рационал сандарға амалдар қолдану және шығарылған есептердің алгоритмін құру
Рационал сандарға амалдар қолдану және жүйелеу (бекіту сабағы)
6-б сынып математикасы: рационал сандарға амалдар қолдануға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz