Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ескерткіштің ашылу рәсімі

Тақырыбы: <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткіштің ашылу салтанаты.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен өскелең ұрпақ! Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. 9 мамыр Жеңістің 66 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткішіміздің ашылу салтанатына қош келіпсіздер!

Музыканың ырғағымен АӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.

(Әнұран орындалады).

Жүргізуші: Аталарымыздың ерлігін жыр ету, оны өнеге ретінде ұрпақ бойына сіңіру, ең алдымен ұстаздардың міндеті болмақ. Ондағы батыр тұлғалардың бойындағы қасиеттерді ашып көрсету, тәрбие жұмысының негізгі міндеттерінің бірі.

Дыбыстық ролик: (День победы әні орындалып тұрады)
Еліміздің қорғаны, халқымыздың қалауы болып...
Биыл даңқты мереке жылы болып отыр, сондықтан да егемендік пен тәуелсіздік алып өркениетті демократиялық қоғам орнатуға батыл қадам басқан ұлттар мен ұлыстар мекендеген халқы бар, ынтымағы жарасқан, ой парасатты азаматтары бар, Қазақстан Республикасында, сондай - ақ Түлкібас ауданындағы бұл мейрамды терең жан толғанысымен, жүрек сыздауымен, мақтаныш сезіммен, қуаныш сезіммен атап өтпейтін бір де бір адам және отбасы жоқ.
Иә, Отан - ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Даубаба ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті. Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен награтталды. Ал, 500-і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.
66 жыл толып отырған Жеңісті жақындатуға біздің ауылымыздың халқы да өзіндік үлес қосып, тарих шежіресінде өз іздерін қалдырды.
Қазіргі ұл - қыздарымыздың қызығын көріп отырған ардақты ақ шашты әжелеріміз тылда еңбек етіп, соғысқа өз үлестерін қосты. Жауынгерлерді киіммен, азықпен, қарумен қамтамасыз етуде жанқиярлықпен үлестерін көрсетті.
Мінеки, бұл күндері соғыстың аяқталғанына 66 жыл уақыт өтті, бірақ соғыс әкелген қайғы мен азапты біздің халқымыз ешуақытта есінен
шығармайды.
Аудан бойынша әлі де болса, санын анықтауды қажет ететін деректерге жүгінсек, мыңдаған жауынгер майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс бауырларымыз бар екендігін естен шығармаймыз. Бұдан артық қайғы мен қасірет бар ма?

Ескерткіштің ашылу рәсімі. (Муз. День победы)

Жүргізуші: Ескерткіштің ашылу рәсімін Ауданымыздың әкімі Абдуалиев Қайрат мырза, мектеп директоры Әлібаев Сәкен мырза және тыл қызметкері .......... апа(ата) жүргізеді.

От жағу рәсімі жүргізіледі.

Жүргізуші:
Құттықтау сөзін аудан әкімі Абдуалиев Қайрат мырзаға береміз. (сөйлейді)

Жүргізуші: Адам тарих. Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем демін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен өлімнен.

Хор: <<Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген>>. (соңында ақ кептерлер ұшырылады).

Жүргізуші: (музыка Журавли) Ер есімі - ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер - азаматтар естен мәңгі шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері
1.
2. Анарбаев Сағындық
3. Айтбаев Әлтай
4. Айтбаев Құдайберген
5. Аблаев Ысырайыл
6. Айтбаев Қожатай
7. Әшірбеков Сарыбай
8. Әшірбеков Кенжебай
9. Баймырзаев Дауылбай
10. Байдауылов Жақсыбай
11. Бұғыбаев Ыбырайым
12. Бижанов Үсіпбек
13. Бердібаев Ақылбек
14. Бердібаев Ағабек
15. Баймбетов Н
16. Дәуірбаев Тұрғынбай
17. Дәуірбаев Кәрібай
18. Дабаев Тұңғышбек
19. Дүйсебаев Ділдәбек
20. Есдәулетов Айдарбек
21. Ермағанбетов Әбдірәсіл
22. Ембердиев Ордабек
23. Ембердиев Өмірбек
24. Есмұратов Өстемір
25. Есімбеков Жүнісбек
26. Жөргенбаев Жұман
27. Жәрімбетов Өскенбай
28. Жауғашбаев Әлмеш
29. Жауғашбаев Тойшыбек
30. Жақыпов Қырықбай
31. Жақыпов Аман
32. Жақыпов Орынбек
33. Жаулыбаев Тойшыбек
34. Жаулыбаев Зәуірбек
35. Жаулыбаев Мақай
36. Жарқынбаев Сейдалы
37. Исаев Кенжебек
38. Көмекбаев Исабек
39. Керімбаев Дәулет
40. Құмғанбаев Спабек
41. Қошанов Матыш
42. Қарамұрзаев Төребек
43. Қылқанов Таңатар
44. Қылқанов Тоқсанбай
45. Қырықбаев Абылай
46. Қисықов Мүсірәлі
47. Қисықов Үсенәлі
48. Қуанышбаев Жиенбек
49. Құлымбетов Кәдірқұл
50. Құдасов Дәрібай
51. Құмғанбаев Затыбек
52. Қаратаев Өмірбек
53. Мендекеев Асан
54. Мадияров Бажақай
55. Мырзақұлов Әлібек
56. Мәмиев Қилыбай
57. Нұржанов Мырзайыл
58. Нарбаев Жүнісәлі
59. Наурызбаев Байтөле
60. Наурызбаев Төретай
61. Наурызбаев Сапарбай
62. Наурызбаев Жұмәділ
63. Наурызбаев Лесбек
64. Нарымбетов Әліқұл
65. Нарымбетов Жексенбі
66. Оразбаев Рысқұлбек
67. Оразымбетов Құлибек
68. Оразымбетов Жүнісбек
69. Өтеулиев Тұратай
70. Өтеулиев Тұрақұл
71. Өтегенов Әбдеш
72. Өтегенов Ерназар
73. Пұшанов Ынтымақ
74. Рашев Ақылбек
75. Рашев Талдыбек
76. Садықов Бәйірбек
77. Сыдықов Ағабек
78. Сыдықов Қаныбек
79. Сұлтанов Әуесхан
80. Сұлтанов Сейтхан
81. Станбаев Батыр
82. Станбаев Мамыт
83. Сазаев Кенжебек
84. Сазаев Төтей
85. Станбаев Құрбан
86. Садықов Зиябек
87. Тәукебаев Болысбек
88. Төлебаев Рүстем
89. Тоқымбаев Жұмағұл
90. Тұрабаев Өтеулі
91. Төлебаев Жүнісбек
92. Төлебаев Тастан
93. Тналиев Айдарбек
94. Тоқымбаев Тасыбек
95. Тоқымбаев Тілеуқұл
96. Төлепбергенов Мамырбек
97. Төлеев Түктібай
98. Төлеуов Тілеуқабыл.
99. Жұмабаев Қаратай
100. Дәуітбеков Сейітбай
101. Салыбеков Әбдірахман.
102. Байжігітов Құлыбек.
103. Бөртекеев Намаз
104. Қыдыралиев Бегалы
105. Есімбеков Сейдалы
106. Отарбаев Есімбек
107. Жауғашбаев Төрехан
108. Құрманалиев Құдайқұл
109. Құрманалиев Бүркітбай
110. Пірімжаров Ақылбек
111. Пірімжаров Мақұлбек
112. Бөртекеев Әлімбек
113. Қуанышбаев Б.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Әлібаев Сәкен Сармантайұлына беріледі.

Жүргізуші: (музыка Однополчане)
<<Көк түтінге көмемін>> - деп көгімді,
<<Ес жидырмай еземін>>, - деп елімді.
Келді фашист - жеңе алмады бірақ - та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Көрші үйіне қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті.
Ерлігіне ескерткішті орнатып,
Жолдастары басына гүл қойыпты

Венок әкелініп, қойылады. Гүл шоқтары қойылады.

Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Құрметті қонақтар , соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. ( 1 минут үнсіздік )

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық мәслихаттың депутаты Әбдімүтәліп Сапаров мырзаға беріледі.
Бастауыш сынып оқушылары:
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі тыл еңбеккерлері Зиякүл апа пен Бейсеқұл аталарымызға және осындай игі істі басынан соңына дейін ұйымдастырып жүрген Кенжебеков Жанұзақ ағаларымызға беріледі.

Жүргізуші: (Би <<Қара жорға>>) Қазақтың ұлттық биіне айналған <<Қара жорға>> биін тамашалаңыздар.
АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ҚР Мем. Туы әкетілсін.
Жүргізуші: Осыменен бүгінгі <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткішіміздің ашылу салтанаты аяқталды. ....

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні
Қонақтың сөзі
Әлемге әйгілі ескерткіш
Тәуелсіздік мерекесі
Қазақстан спорт сарайы
Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі атты жастардың марафон эстафетасының ашылу рәсімі
Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші - астана
Астана тарихы
Астана
Білесің бе, елорданың тарихын?
Пәндер