Тіл білімі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сулейменова Алия Зейнулгабденовна

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 29. 02. 2012ж.

Тобы: ПВ-101

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен берілген білімді қайталау. Қазақтың би-шешендері.

Сабақтың ұраны: «Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен қоса қажеті жоқ нәрсені айтпау»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:

А Проблеманы шешу

Студенттерден Сөйлем модуліндегі сын есім тақырыбы бойынша өткендерін сұрап, ерекшеліктеріне тоқтала кету. Белсенді әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, түйіндеу.

Ә) Ақпараттық

Студенттердің ақпарат көздері, ойын арқылы білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Б) Коммуникативтік

Студенттердің сұрақ- жауап арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтау және қайталау сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, топтық жұмыс әдіс- тәсілдерін қолдану

Пәннің интеграциялық мүмкіндігі: Қазақстан тарихы, Әдебиет, Философия, Тіл білімі, Психология

Оқыту құралдары: Activ- тақта (интербелсенді тақта), POWER POINT бағдарламасы негізінде презентациялық слайдтар, аудио-видио бейне материалдары, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Психологиялық ахуал:

Амандасу, аудиторияның тазалығын тексеру, студенттерді түгендеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Біз қай модуль бойынша, қай тақырыпты өттік?
  2. Морфология бөлімі нені қарастырады?
  3. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу?
  4. Сын есім дегеніміз не?
  5. Сын есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?(дара, күрделі)
  6. Тұлғасына қарай?(негізгі, туынды)
  7. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (сапалық, қатыстық)

ІІІ Пысықтау және қайталау сабағына дайындық:

Сабақтың «Алтын Ережесімен» таныстыру

  • Тапсырманы жауапкершілікпен атқару
  • Берілген сұрақтарға белсенді жауап беру
  • Шығармашылық деңгейде сұрақ қоя білу
  • Өзгелердің пікірін құрметтей білу
  • Мәдениетті көркем тілде сөйлеу
  • Тыныштықты сақтау

Кең далада сай мен сала жыра көп,

Ескілерден бізге қалған мұра көп,

Бағаласақ, қадірлесек қанекей

Сәніменен мәнін бұзбай жаратып

Сол мұраның бір бөлігі нақыл сөз.

Аталардан бізге жеткен ақыл сөз,

Мықтыларды тәубасына келтіріп,

Әлсіздерге қорған болған батыр сөз,

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Есі барға бір ауыз сөз жетеді,

Жетесізге аталы сөз айтсақ та,

Шіміркенбей бірақ аттап өтеді, - демекші

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени- рухани жетістіктерді келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі- тәрбиеде.

Өскелең ұрпақтың туған тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, сөз мәйегін ұғындырып, туған тіліміздің құмарлығын арттыруда шешендік өнердің маңызы зор. Ал сендердің «Сөйлем» модулі бойынша өткен сын есімдер тақырыбын бүгін осы қазақтың би-шешендері лексикалық тақырыбымен байланыстыра отырып пысықтаймыз.

Сабақ пысықтау, қайталау сабағы болғандықтан, «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізіліп отыр. Осы оқытудың мақсатында мынадай жүйе алынған.

І «Қазақстан тарихы» бөлімі:

  1. Бейнесұрақ

Сұрақты дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы М. С. Байкенова

І топқа

Сұрақ: Қазақтың би-шешендері қай ғасырларда өмір сүрген?

  1. Берілген шешендік сөздің ішінен сын есімдерді тауып жазыңыздар. Оларды ажыратыңыздар.

Арқаң қара нардай жауыр болсын,

Мінезің қара жердей ауыр болсын,

Өкпең жоқ бауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

(Малайсары би)

  1. Бейнесұрақ

Сұрақты дайындаған Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. А. Шаяханова

ІІ топқа

Сұрақ: Сіздердің бүгінгі қайталап жатқан грамматикалық тақырыптарыңыз тіл білімі саласының қай бөлімеіне жатады?

  1. Берілген шешендік сөздің ішінен сын есімдерді тауып жазыңыздар. Оларды ажыратыңыздар.

Жақсымен жолдас болған,

Ел ұстанған тілектей болады,

Қыз ұстанған жібектей болады,

Жадыраған жаздай болады,

Айдын көлдегі қаздай болады,

Отау ортасындағы оттай болады,

От ортасындағы шоқтай болады,

Тұрағы алтын шырақтай болады,

Тұяғы асыл пырақтай болады . . .

ІІ «Саясат және заң» бөлімі:

І топ сұрағы

  1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы А. А. Жетпісбекова

Сұрақ: Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын атаңыздар.

  1. Берілген сын есімдерді тұлғасына қарай екі топқа бөліп жазу.

Таза, жақсы, сөзшең, өнерпаз, үлкендеу, биік, сусыз, үлкенді-кіші, әдемі, ақ, көкпеңбек, білімдар, хабардар.

ІІ топ сұрағы

  1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Л. А. Абубакирова

Сұрақ:Шешендік өнердің түрлерін атаңыздар.

  1. Берілген сын есімдерді тұлғасына қарай екі топқа бөліп жазу.

Атақты, сұлу, жеңіл, мол, қоғамдық, пайдасыз, ақылсыз, тар, турашыл, пікірлес, мәдени, тарихи, жалақор, жағымпаз.

ІІІ «Философия» бөлімі:

І топ

Төменде берілген би-шешендердің ой-пікірлерінен сын есімдерді тауып, оларды шырай түрлеріне айналдырыңыздар.

  • Білімдіадам ашпай көріп, айтпай сезеді,

Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?

Ақтайлақ би

  • Біріншіден, ғылымартық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелкердің мирасы; ал мал- перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.

Әзірет әлі шешен

  • Қалам-ең жақсыұстаз, жазылған сөз тап қазір ойлаған сөзден артық.

Цицерон

ІІ топ

Төменде берілген би-шешендердің ой-пікірлерінен сын есімдерді тауып, оларды шырай түрлеріне айналдырыңыздар.

  • Сараңболар кісіні қабағынан танимын.

Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын.

Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын.

Іші сұйық әйелді күлісінен танимын.

Бапан би

  • Жақсымінез, жарқынжүрек, парасат

Әм денсаулық әркімге де жарасат.

Алла кімге бұл төртеуін сыйласа,

Ол өмірден табар мәңгі рахат.

Рудаки

  • Жаманболса- жақын жау,

Шабан болса- атың жау,

Шайпау болса- әйелін жау,

Кетеген болса- түйең жау,

Тебеген болса- биең жау,

Тіл алмаса- ұлың жау,

Бай алмаса- қызың жау

Малайсары би

ІҮ «Тіл білімі» бөлімі:

Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып, оларды мағынасына қарай ажыратыңыздар.

І топ

  • Шешендік тілі ғана емес, ойы . . . , білімі де . . . , тілдік сезімі . . . , . . . адамдарға тән қасиет.
  • Төле би - өз заманының . . . , . . . азаматы, халық қадірлейтін дәрежеге жеткен .
  • . . . болса, ағайын жақын,

. . . болса, інің жақын,

. . . болса, келінің жақын,


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Қазақ тіл білімі лингвистика
Стиль және сөз мағынасы. арнаулы курс 9 сынып
Ер есімі-ел есінде 11-сынып
Ғылым мен білімнің дамуы. 7 класс
Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді айту
Өз қолың жетсе өзіңе,тіліңді қорға қазағым!
Мемлекетіміз көпұлтты мемлекет болып келетініне қарамастан тіліміздің аясы одан әрі кеңейіп басқа ұлт өкілдеріне танылып, даму тұрғысында
Қазақ тіл білімі
Фонетика қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz