2-сынып математика: ондықтарды қосу мен азайту әдістері (26+30, 56-30)

Пән: математика

Сынып : 2

Сабақтың тақырыбы : Қосу мен азайту 26+30, 56-30

Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік . Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру;

2. Дамытушылық. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды есептерді шапшаң, тез шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Бекіту кезеңі

V Қорытынды

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Тірек білімді еске түсіру

а) -1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)

-Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.

-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.

-Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, . . . , 40) .

-Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

ә) Зейінділікке есеп.

Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

III Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

Ондықтарды ондықтардан азайтады.

№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді. (53+30, 83-30) .

Мысалы:

-53 және 30 сандарының қосындысы;

-Бірліктерге бірліктерді қосу;

-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;

-Ондықтарды ондықтарға қосу;

-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;

-Қосындының мәні 83.

Сергіту сәті

№3. Өзіндік жұмыс. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап, тексергенде кеткен қателерді талдайды.

ІV Бекіту кезеңі

№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады. Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды. Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.

Болғаны-? 12 12

Бергені-2қ. 2 ?

Қалғаны-10қ. ? 10

10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.

№5. Көрнекілікке сүйеніп, уақытты ауызша анықтайды.

Рефлексия. Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы. 57-бет. №6


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып: 3+56 және 30+24 арқылы қосу мен азайту сабақ жоспары
2-сынып математика: 23+7 және 30-7 түріндегі ауызша қосу мен азайту әдістерін меңгерту
1-сынып математика: кестелік қосу және ондықтарды қосу мен азайту
1-сынып математикасы: Ондықтарды қосу және азайту - сабақ жоспары
2-сынып математика: Ауызша қосу және азайту тәсілдері мен теңдеулерді шешу
Ондықтарды қосу және азайту: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
26+34 және 60-26 жағдайындағы екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Ондықтарды қосу және азайту: ғарышқа саяхат тақырыбындағы бастауыш сабақ жоспары
2-сынып математика: 7 санын қосу және азайту тәсілдерін тиянақтау
2-сынып: Жазбаша қосу және азайту тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz