Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
БАЛА БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
М. Б. Сатимова
БАЛА БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті
<<Бақыршық орта мектебі>> КММ
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Балқыған жас баланың бойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ел рәміздерін құрметтейтін "Қазақстан азаматы" деген атқа лайық болатын отансүйгіш, азаматтық ұстанымы басым болашақ жас ұландарды тәрбиелеу басты міндет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз етуге бағытталған <<Қазақстан- 2030>> Жолдауында <<біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады>> деп нақты көрсеткен болатын.
Тәуелсіздік - әрбір мемлекеттің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті десек, ал бостандық азаттық пен еркіндік сол мемлекеттің әрбір мүшесінің асқақ арманы мен өмір сүру тәсілі екені аян. Азаматтық тәрбие - азаматтықты адамға өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиет ретінде қалыптастыруы.
Азаматтық қоғам деген атауды Аристотель айтқан болатын.
Азаматтық тәрбиенің негізгі идеялары Ю.П.Азаров,Ш. А. Амоношвили, А.А.Аронов , Н.И.Аполлонов, А. В. Беляев, О.С.Газман, В.П.Киселев, Б.Т.Лихачев т.б. ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. Азаматтық тәрбиелеудің мазмұнын мұғалімдерідің және ата-аналардың патриоттық тәрбиелеу ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру адамгершілік мәдениет бойынша жұмыстары құрайды делінген. И.П. Подласыйдың <<Педагогика>> оқулығында азаматтық тәрбие мақсаты мен міндеттері ашылған. Тұлғаның азаматтық құқықтық салаларын қалыптастыруды Е.В. Агроновская, Ю.Ф. Беспалова, А.Ф. Никитин, В.М. Обухов, Н.Г. Суворова, С.В. Широ, Н.И. Илиасберг сияқты ғалымдар арнайы зерттеу нысанына айналдырған.
Бала бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасының арасындағы қарым-қатынастың алатын орны ерекше.
Баланың алғаш бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектебі. Бұл екі ортаның да мақсат- мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз <<Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата- ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады>> деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
Отбасы - адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Мектеп қызметі қазіргі заман талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген құндылық қатынас орнату керек. Оқушы өзін басқалардың арасынан шығарып, бөлек қарамайынша, өз өмірінің мағынасын, өзін-өзі жете түсінбейінше, толыққанды білім алып, дамуы мүмкін емес.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғам мен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие - алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының түрлі қызметі анықталған.
Мектеп және отбасының қарым-қатынас принциптеріне тоқталатын болсақ. Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.
Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктестік жайында болып отыр. Педагогтың ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.
Мектеп пен отбасы қарым-қатынастарының принциптері:
+ өзара сенім мен құрмет;
+ өзара қолдау мен көмек;
+ бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту.
Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасау үшін күштерін біріктіруге көмектеседі.
Өзара қарым-қатынастағы сынып жетекшісінің негізгі функциялары:
+ ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік процестің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру;
+ ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету;
+ ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту;
+ жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу;
+ ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынаста болу.
Педагогтардың, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеті табысты болу үшін барлығы да бірлескен іске оң көзқарас танытып, ұйымдаса-бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, ол әрекеттің қорытындысын шығарып отыруы тиіс. Қарым-қатынас балаға бірыңғай талап қою, бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру баланың отбасындағы және мектептегі жүріс-тұрысын зерттеу, оның даму бағдарламасын жасаудан да тұрады.
Педагогтардың отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып келеді. Сынып жетекшісі барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағдарланады, ата-аналарды мектеп, сынып істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады. Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық болып бөлінеді.
Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару.
Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.
Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі.
Оқушылардың азаматтылығын қалыптастыру үшін мектеп отбасының өзара әрекетін ұйымдастыруды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу қажет деп санаймыз.
Ол үшін:
+ бастауыш сынып оқушыларының азаматтығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық алғышарттарын айқындау;
+ бала бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудағы мектеп пен отбасынағы өзара әрекет ету моделін жасап, тәжірибеде тексеру.
Бала тәрбиесі себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың сапалы көзқарастары және осы ұстанымға негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақтың жұмысы нәтижелі болды десек, қателеспейміз. Демек, отбасымен мектеп тығыз байланысқанда, бірігіп жұмыс істегенде ғана оқу-тәрбие жұмысы оң нәтиже берері сөзсіз.
Өз ойымызды қорытындылай келе, бала бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасын үздіксіз, дұрыс пайдаланғанда ғана, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланып, жұмысымыздың ілгері жылжуына септігін тигізеріне сеніміміз мол.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы. // Тарих Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.
2. Назарбаев Н.Ә."Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде"Алматы, 2000.
3. <<Тәрбие құралы>>. Республикалық ғылыми - педагогикалық журнал № 5, 2009 жыл
4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. № 1, 2007 жыл
5. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 1999.
6. Милько О.Е. Патриотическое воспитание среди факторов формирования патриотизма. Смоленск, Универсум, 2005 г.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz