Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көктем (Қасым Аманжолов) жайлы ақпарат
Сабақтың тақырыбы: <<Көктем>> (Қасым Аманжолов)
Сабақтың мақсаттары: 1)Білімділік:Өлеңнің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға үйрету.Қ.Аманжоловтың өмірімен таныстыру;
2) Дамытушылық: Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту;
3) Тәрбиелік: Сабаққа белсене қатысуға, табиғат өзгерістерін түсіне білуге, нақышына келтіре оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тусіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, Қ. Аманжоловтың суреті, оқулық, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ән-күй, бейнелеу.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер
Жамандықтан қашатын
Жақсы іске басатын
Біз болашақ гүліміз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді? Олжас Сүлейменов кім? Оның қандай өлеңімен таныстық? Өлеңді оқыдық па? Өлең не туралы екен?
3. Үй тапсырмасын қорыту. Сұрақ-жауап арқылы.
М. Ғарыш дегеніміз не?
О. Ғарышта шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денесінің бір-бірінен қашықтығын жердегі өлшеммен (мыс-ы; км) өлшеу мүмкін емес.Жерді қоршаған дүние - Әлемді Ғарыш деп атайды.
М. Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
О. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.
М.Тұңғыш ғарышкер кім?
О. Юрий Гагарин.
М. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
О. Ол ғарыш сапарына 1961 жылы 12 сәуірде ұшты.
М. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен <<ала бөтен>> дейді?
О. Өйткені Гагарин ғарышты дүние жүзіне танытты.
М. Дүние жүзіне әйгілі ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
О. Тоқтар Әубәкіров. Ол ғарышқа 1991 жылы 2 қазанда ұшты.
М. Тағы қазақтың қандай ғарышкерін білесіңдер?
О. Талғат Мұсабаев. Ол ғарышқа 1994 жылы 1 маусымында
М. Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ, даланы және табиғатты анаға теңейді?
О. Барлығы анадан жаралған. Сондықтан Жер-Ана деп бекер айтпаған.
4. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салада ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
- Балалар, алдымызда қай жыл мезгілі келе жатыр? <<Көктем туралы пікір алысу>>.
М. Көктем мезгіліне тән табиғи құбылысты ата?
О. Күн жылынып, жаңбыр жауады.
М. Көктемде құстар қайтадан............?
О. Құстар күн жылынған соң ұшып келеді?
М. Көктемде тіршілік атауы не істейді?
О. Көктемде тіршілік көзі оянады.
М. Төрт - түлік мал не істейді?
О. Малдар төлдейді.
М. Көктемде ағаштар қайтеді?
О. Ағаштар бүршік жарады.
М. Егін алқабында не істеледі?
О. Егін егіледі.
(Өлеңнің авторымен таныстыру)
Қасым Аманжолов - 1911 жылы Қарағанды облысы. Қарқаралы ауданында дүниеге келген, 1955 жылы 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болған. Ол кедей отбасында туған. Ата - анасынан жастай жетім қалады. Кейін интернатта оқып, бастауыш кластық білім алады. Мал дәрігерлік техникумда оқиды. (1927-1930). Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститутта оқып жүріп, Ленинград орман шаруашылығы институтына ауысады. Осы жылдар-да өлең жазуға талаптанған жас ақын 1932 жылы Алматыға келіп, <<Лениншіл жас>> газетіне қызметке тұрады. Алғашқы өлеңі 1931 жылы Орал облысы <<Екпінді құрылыс>> газетінде басылады. Алғашқы өлеңдер жинағы <<Өмір сыры>> 1939 жылы жарық көрді.
Қасым Аманжолов жаратылысты табиғат көрінісін көлденең көзбен көруші болып жырламайды. Дәуірді, Отанды айта ма, ауыр күндер мен сын сағатты айта ма, қуана ма, күйіне ме - соның бәрінде ақын табиғат суреттері мен мінезін өз суретіне, өз мінезіне айналдырады. Сол өлеңдерінің бірі <<Бірінші май>>, <<Орал>>, <<Сарыарқа>>, <<Көктем>> сияқты өлеңдерінде табиғаттың сұлу бейнесін үлкен суреткерлік
пен, терең сезімталдықпен көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс. <<Көктем>> өлеңі Қ. Аманжолов.
а) мұғалімнің оқуы;
ә) оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқыту.
- Балалар, өлеңде не туралы айтылған. Әр шумағын сипаттап көрейік. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:
а) Бұлақ туралы не делінген?
ә) Өзен туралы ше?
б) Көктемгі жаңбырды сипатта.
в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?
г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
Сергіту сәті.
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Жыршы құстар көп келді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар әнменен.
Қарсы алайық көктемді.
5. Сабақты қорыту. <<Кім шапшаң?>> ойыны. (Оқушыларға қима қағаздар тарқатып беру)7 Оқушыларға тірек сөздерін пайдаланып, шапшаң көктем туралы өлең құрастыру.
Көктем келді.........
Құстар ұшты.........
Нөсерлетіп............
Тірек сөздер: далаға, селдетіп, көлдетіп, сайрады.
Бәйшешектер...........
Көбелектер көп........
Аспан шайдай...........
Дала гүлге.................
Тірек сөздер: келеді, гүлдеді, ашылып, белсенді.
Қар............
Сай-саланы...........
Гүлдер...........
Ағаш басы бүршік...........
Тірек сөздер: басты, еріді, жайнап, шашты.
6. Үйге тапсырма. <<Көктем>> өлеңін жаттау (240-241-бет).
7. Бағалау.
ҮІІІ. Мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz