Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сен ізеттісің

--------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы:Мейірімге толы жүрек.

Мақсаты: Балалардың <<мейірімділік>>, <<қайырымдылық>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Әндер
әңгімелеу
Сәлемдесу
Мұғалімнің сабақ бастауы

Тілектер

Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберін құру
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ұнтаспа.
Шаттық шеңбері
Балалар щеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіреді:
- Балалар бәріміз ортаға шығып, <<жылылық шеңберін>> құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қаырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбек-қорсың; ақкөңілсің және т.б.
Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.
Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіріп:
- Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып <<Көңілді балалар әні>> өлеңін айтайық.
Көңілді балалар әні
Әрқашанда біргеміз,
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз.

Әңгімелесу
Оқушылармен төмендегідей сауалдар төңірегінде әңгімелесу.
Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Мейірімділік дегенді қалай түсінесіздер?
Аналарыңыз сіздерді қалай еркелетеді?
Өздеріңізге мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіздер?
Өзіңізді анаңыз қалай жақсы көреді?
Тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын, мейірімділікті сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:
-Балалар денелеріңізді түзу ұстап, еркін отырыңыздар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.
-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.
Мәтінмен жұмыс
Жылы жүрек,мейірімділік, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
<<Жақсы ата>>.

Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын тереңірек ашу, талқылау.
1.Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?
2.Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
3. Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
<<Ойын>>
<<Мейірімді жүрек>>
атты ойын ұйымдастырылады.
Ойынның шарты:
Балалар шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып:
<<Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі>>,- деп айтады.
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы балаға оның жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтып, жүрекшені ұсынады.
Мысалы; Сен мейірімдісің!, Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің! Сен қамқоршысың!
Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын аяқталған кезде бәрі хормен алғашқы өлең жолдарын қайталап айтып, жүрекшені мұғалімге ұсынады.

Дәйексөз
-Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырып, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Тапсырма
Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін тиянақтау үшін тапсырма беріледі. Тапсырмада оқулықта берілген суреттердегі кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Сергіту сәті
Балаларды барлық уақытта жақсы ой ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:
Бәріміз орнымыздан тұрып, барша азаматқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.
Тілек
Шөліркімей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)
Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)
Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)
Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)
Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)
Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)
Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақтағы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі.
Тапсырма: <<Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін>>

арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.
Қорытындылау

Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Жүректен жүрекке
Сабақ соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!
Балалар үнтаспаға қосылып, <<Ару-ана>> әнін айтады.

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназия

Өзін - өзі тану пәні бойынша

Тақырыбы: <<Мейірімге толы жүрек>>

Орындаған: Шымкент қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Салибекова Бибігүл Сейтқызы

Ұқсас жұмыстар
Жіктік жалғау
Сен гүлсің
Тәтті бауырсақ
Апа компьютерді жөндеуге апарайықшы
Қарды көрсетші
Велосипедті көрсетші
Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының негізі
Баланы көрсетші
Мынау Серебрянск қаласы
Сен .....апар
Пәндер