Информатика. 11а сыныпқа арналған ашық сабақ: Интернетте ақпарат іздеу

Қаракөл орта мектебі

Ашық сабақ

Интернетте ақпарат іздеу

Сыныбы: 11 а


Информатика пәні мұғалімі: Б. Сабенова

2012 жыл

Сабақтың тақырыбы: Интернетте ақпарат іздеу

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға интернет желісінде ақпарат іздеуді,

ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету;

ә) Әралуан міндеттерді шешуде қажетті ақпаратты өз

бетінше іздеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру;

б) Оқушыларды жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,

эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аукцион сабақ

Сабақтың әдісі: практикалық элементі бар, көрсете - түсіндіру;

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, қазақстан тарихы т. б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, бағалау парағы

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Әр кезең бойынша алған ұпай санын сол параққа жазып отырады.

Аукцион - (латын сөзі) көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.

Оқушылар, аукционға білімдеріңді сала отырып, жоғары баға алуға болады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сұрақ - жауап кезеңі

1. Желі түрлерін атаңыз?

2. Жергілікті желі не үшін қажет?

3. Корпоративті немесе аймақтық желі не үшін қажет?

4. Ауқымды желі дегеніміз не?

5. Интернет қай жылы, қай елде пайда болды?

6. Интернет желісі алғаш қандай мақсатта пайда болды?

7. Интернет желісі алғашында қалай аталды?

8. Қай жылы бүкіләлемдік интернет күні белгіленді? Қай күн деп белгіленді?

9. Интернет хаттамаларын ата?

2. Шығармашылық жұмыс «Интернеттің пайдасы мен зияны»тақырыбында слайдтар дайындау.

3. Топтастыру стратегиясы «Интернет сервистері»

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1. WWW туралы мәліметтер

2. Іздестіру жүйелері

3. Internet Explorer броузері

W W W термині- World Wide Web/дүниежүзілік тор/ бұл дүние жүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген құжаттардың жинағы. Web қызметі-Интернеттегі барлық ақпараттармен мен мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин.
WWW авторлары - Женевадағы элементар бөлшектер физикасының лаборатория қызметкерлері, физиктер Том Бернс-ЛИ және Роберт Кайо.

Internet Explorer броузерінің мүмкіндіктері:

Түрлі терезелерде бір мезгілде ашылған құжаттарды қарау;

Бұрын қаралған құжаттарды жылдам экранға шығаруды қамтамасыз ету;

Құжаттарды экранда бейнелеу режимін басқару;

Электронды пошта қызметін қолдау;

Құжаттарды магнитті тасушыда сақтау;

Ағымдағы Web- бетте ақпарат іздеу;

ІV. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар:

Деңгейлік тапсырмалар.

1. www. Mail. ru сайтынан Атыраудағы бүгінгі ауа -райының болжауын

біліп ал.

2. www. google. kz cайтынан Қазақстан тарихы пәнінен тест ізде.

3. www. sabak. kz cайтына кіріп, математика пәнінен олимпиада материалдарын ізде.

4. www. yandex. kz сайтына кіріп өз еліміздің табиғаты

жөнінде ақпараттар тап.

Ақпараттық диктант

WWW - . . . -тің қарқынды дамып келе жатқан қызметтерінің бірі. Интернеттегі ақпаратты шолу үшін . . . программалар керек.

Windows - та Internet . . . броузер программасы қолданылады.

Тегі, аты:

Дұрыс жауап:

Қате жауап:

Сауалнама. Activote арқылы

V. Қорытынды:

Сын тұрғысынан ойлау . БҮҮ кестесін толтыру

Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
Білемін:
Үйрендім:
Үйренгім келеді:

VI. Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы

Әр жауап - 10 ұпай

Тегі, аты

Сұрақ-жауап
Шығармашылық жұмыс
Топтастыру

Деңгейлік

тапсырмалар

Ақпараттық диктанат
Сауалнама
БҮҮ кесте
Ұпай
Баға
№: 1
Сұрақ-жауап:
Шығармашылық жұмыс:
Топтастыру:
Деңгейліктапсырмалар:
Ақпараттық диктанат:
Сауалнама:
БҮҮ кесте:
Ұпай:
Баға:
  • 100-150 ұпай - ”5”
  • 80-100 ұпай - ”4”
  • 50-70 ұпай - ”3”

VII. Үйге тапсырма: 3. 2 тақырып - оқуға

«Әлем мойындаған компьютерлік желі» мәнжазба дайындау.


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған Информатика және ақпарат сабақ жоспары
3-А сыныптың информатика сабағының өзіндік талдауы: Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу
9-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Генетикалық ақпарат
Информатика пәні, 11а сынып: Желілік этикет және ақпаратпен жұмыс саласындағы ҚР заңнамасы - қысқа мерзімді жоспар
7-сынып информатика пәні: Ақпарат, компьютер және Windows операциялық жүйесі - ашық сабақ жоспары
6-сынып информатика: Компьютерлік байланыс түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернеттен іздеу және электрондық пошта
5-сынып информатика: ақпаратты жазу және өлшеу, ақпарат тасымалдаушыларға арналған сабақ жоспары
Ақпарат және информатика: ақпарат ұғымы, түрлері мен өңдеу әдістері
5-сынып информатика пәні: Ақпарат түрлері - сабақ жоспары
7А сынып информатика сабағы: Интернет және электрондық пошта - негізгі ұғымдар мен ақпаратты іздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz