Иса Байзақовтың Жазғы кеш өлеңіне арналған сабақ жоспары: өмірі, шығармашылығы және сатылай кешенді талдау

Тақырыбы: Иса Байзақов «Жазғы кеш »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақын Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;

Дамытушылық:әдеби -теориялық білімдерін тереңдету, сауатты оқуға, жазуға, байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа, баулу;

Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты сүюге, сұлулығын танып -білуге баулу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, СТО стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. «Ой қозғау» Үй тапсырмасын сұрау.

  • С. Бегалин «Бала Шоқан» Бөлім бойынша мазмұндау
  • Сауалнама жұмысы

1. Сары баланың зарыға күткен досы кім?

А) Шоқан Б) Жақып В) Сыдық

2. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?

А) күзекте Б) үйде В) құдық басында

3. Мүсінші бала кім?

А) Жақып Б) Мысық В) Шоқан

4. Шоқанның ерке, сотқар інісі

А) Мысық Б) Сыдық В) Жақып

5. «Уәде етпеу керек, уәде еттің--- орында» деген кім?

А) Шыңғыс Б) Мысық В) Шоқан

3. «Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша Шоқан мен Мысыққа мінездеме беру

Ш---шыншыл
О---ойлы, оқымысты
Қ---қайырымды, қайсар, қабілетті
А---арманшыл
Н---намысшыл

М---мейірімді, мүсінші
Ы---ынталы
С---сыпайы
Ы---ымырашыл
Қ---қабілетті

ІІІ. Жаңа сабақ. «Нені білуіміз керек?»

1. Иса Байзақовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы

2. «Жазғы кеш » өлеңін сатылай кешенді талдау

Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған. 9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. нағашы ағасы рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.

Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады.

1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә. Қашаубаев, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, т. б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М. Әуезовтің "Еңлік-Кебегі"мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнаған.

"Біржан-Сарада" Біржан рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық, өнерімен жұртты ерекше сүйсіндірген.

Атақты "Гәкку" әні орындауымен ешбір өңдеусіз "Қыз Жібек "операсына енді. Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.

Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын шығарған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап, үгітшілік қызмет атқарған.

Әкесі-Байзақ әжесі-Жанбала

Анасы -Ғазиза Әнші

Ақын

Актер

Күйші Домбырашы

Сазгер нағашы ағасы-Рахмет «Құралайсұлу» дастаны

2. «Жазғы кеш » өлеңін сатылай кешенді талдау

  • Авторы--- Иса Байзақов-ақын, әнші, күйші, әртіс. 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс өңірінде дүниеге келген.
  • Тақырып белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы--- жазғы кештің әдемі, жанды көрінісі, кешкі шапақтың тууы
  • Жанр түрі- өлең. . Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
  • Идеясы дегеніміз ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы---жазғы кештің сұлулығын, кешкі шапақтың қызыл нұрдай боп тууын суреттеп, көз алдымызға елестетеді. Табиғаттың
  • Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 3 шумақтан тұрады.
  • Тармақ дегеніміз---өлеңнің әр жолы 12 тармақты
  • Бунақ дегеніміз---белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны-3
  • Буын саны---дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11-12 буынды.
  • Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді. Өлең қара өлең ұйқасына құрылған. (а-а-б-а)
  • Әдеби теориялық ұғымдар:

Ұқсас жұмыстар
Иса Байзақовтың Жазғы кеш өлеңін талдау және оқытуға арналған сабақ жоспары
Иса Байзақовтың Алтай өлеңіне арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
Сатылай кешенді талдау арқылы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен прозалық шығармаларын оқытуға арналған әдістемелік нұсқау
Иса Байзақовтың Құралай сұлу поэмасы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңін сатылай кешенді талдау арқылы оқыту
Иса Байзақовтың Құралай сұлу поэмасын талдауға арналған 7-сынып сабақ жоспары
Бұрыштардың түрлері мен градустық өлшемдерін сатылай кешенді талдау
Синоним тақырыбын сатылай кешенді талдау арқылы бекіту сабағы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері: сатылай кешенді талдау мен қолданбалы жаттығулар
Етістікті қайталау: есімше, көсемше және күрделі етістіктерді сатылай кешенді талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz