Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұжымдық оқытудың тиімділігі
Ұжымдық оқытудың тиімділігі.
Өміржанова Сайран Еспайқызы
№15 мектептің биология пән мұғалімі
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты - денсаулығы зор, білімі терең, адамгершілігі бар, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына жолдауында болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңістігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға, білім саласындағы қызметкерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән береді, өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де, әлемге танымал ететін де білікті, білімді жастар екені айтпасада түсінікті. Мұғалімдерді 12 жылдық білім беруге сапалы маман ретінде даярлауға үлкен жауапкершілікпен қарауда. Ақпараттану көздерімен жақсы жұмыс жасай алатын білімді де білікті маман даярлау мақсатында қаламызда арнайы мұғалімдерді қайта даярлау курстары жүргізілуде. Мектептерде тәжірибелі мұғалімдер семинарлар өткізуде.
Қазіргі таңда жаңа технологияларды игеру әрбір мұғалімге қиын емес. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кез келген сабақтарда жиі қолдануға болады. Ал, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізсе, ол оқушының ойлау, есту, көру, ынталану, бақылау, қабылдау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Оқыту үрдісінде таңдап алған әдістемелік жұмысымның тақырыбы оқытудың ұжымдық сипаты мен оқушының дербес ерекшеліктерін ұштастыру. Күтілетін нәтиже шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алатын тұлға даярлау. Пән апталығында бір топ оқушының жоба әдісімен дайындалған <<Тіршілік және даму>> ғылыми іс-шарасы жоғары сынып оқушылары үшін шығармашыл тұлға ретінде оң нәтиже берді.
Сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалім үздіксіз ізденіп, шыңдалып, шығармашылықпен айналысып, білімін жетілдіруі қажет. Соның нәтижесінде жаңа технологиялар көптеп шығарылуда. Өз тәжірибемде жаңа технология түрлерін оқушылардың қабылдау қабілеттеріне және жас ерекшеліктеріне байланысты пайдаланып отырамын. Биология және химия пәндерінде саралап деңгейлеп оқыту мен топтасып оқыту оқушылар үшін қызықты, ал мұғалім үшін тиянақты. Себебі, оқушы білімді толығымен меңгереді және өздері қабылдап, әрі қарай пайдалана алады. Қосымша деректер іздеп, білімдерін толықтырады. Оқушыларға тест және бақылау, жұмыс дәптерлерімен жұмыс жасағанда қиындықтар туғызбайды.
Еліміздегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан оқушылардың білімінің қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарымен сусындату басты міндеті болып отыр. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстар мынадай мақсатта болуы керек. Біріншіден, оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау. Екіншіден, білімі мен білігіне сай бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу. Үшіншіден, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Төртіншіден, саралап ойлау қабілетін дамыту.
Қазіргі мектепте білім беру ісіндегі басты басымдылық - оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеттері көптеген мінез-құлық ерешеліктерімен сипатталады, жеке зияткерлі жағынан дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы бағаланады.
Оқушы өз нәтижелерін бағалай білуге үйренеді. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Сабақ барысында қолданып жүрген бағалау парағы екі жақты тиімділікті көрсетеді. Оқушы өз қателерін көріп жөндеуге кіріседі және болдырмауға тырысады, ал мұғалім уақытты үнемдейді және барлық баланы бағалай алады.
Биология сабақтарында әдістемелік тақырыбыма сәйкесті топпен жұмыс жүргізіп отырамын. Әсіресе, қайталау, жаңа білімді меңгеру сабақтарында жиірек пайдаланамын. Өз тәжірибемде топқа бөлгенде тақырыпты толық меңгере алатын, ізденімпаз оқушыларды <<Шығармашыл>>, бағдарламаға сәйкес білімді толылығымен меңгере алатын, күнделікті тақырыпқа дайындықпен келетін оқушыларды <<Мақсатты>>, мүғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларды <<Міндетті>> деп бөлемін. Сабақты талдау кезеңінде топ арасынан жетекшісі және кеңесшісі өзінен өзі бөлініп шығады. Онда оқушылардың жауапкершіліктері артып, бір-біріне жанашырлық танытады.
Ұжымдық оқытудың ерекшелігі - ұжымда және шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде, мұндай шағын топта оқушы өзін жоғалтпайды. Қажет болса, мұғалімнің ұйғаруымен де олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды. Мұндай жағдайда әр оқушының жетістігі мен кемшілігі бағаланып қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Ал, жеке жұмыс істеуде әр оқушы жеке тапсырмаларға жете үңіліп, оларды орындауға өзі де тырысады. Оқушының өзіне деген сенімі, өзін-өзі сыйлау мен құрметтеу сезімі пайда болады. Ұжымдық оқытуды енгізу нәтижесі мектепішілік семинарда берілген ашық сабақ өте жоғары деңгейде өткізілуімен, <<Ең үздік құрастырылған Онлайн жүйесіндегі сабақ>> атты қалалық сайыста берілген сабақ ІІ орынға ие болуымен көрінді.
Оқушылардың танымдық белсенділігі олардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің дұрыс бағытталуы мен ұйымдастырылуы шарттарына байланысты болады. Осындай шарттардың ең бастысы дидактикалық міндеттердің айқындығы мен танымдық қызметінің күштілігіне тәуелді болады. Оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу үрдісі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді. Әр деңгейде өткізілетін сайыстарға және ғылыми жобаларға қатысатын оқушының саны көбейуде. Қосымша тапсырмаларды алуға ынталанатын да оқушылар бар. Бұл олардың пәнге деген қызығушылықтарының және белсенділіктерінің артуын көрсетеді.
Аталмыш педагогикалық технология қазіргі заман мектебінде білім беруге арналған және қажет әдіс-тәсілдердің бірі. Сондықтан пән мұғалімдері білімді берер оқушының саналы да сапалы білімді болуына кепілдік берер еді. Алған білімдерін өмірде пайдалана отырып дамытар еді. Педагогикалық технологиялар оқушыны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының бірі-бірімен тығыз байланысқан әдістер мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал.
Әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол жоғарғы шеберлікті керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Ал, мұғалімнің негізгі мақсаты-сабағын тартымды әрі қызықты етіп өткізу, оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, пәннің ғылымилығына мән беру. Осы орайда түрлендіру технологиясын пайдалана отырып өткізген сабақтардың ықпалы зор. Ондай сабақтар арқылы оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығая түседі, сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, пәнге қызығуы артады. Әр пәннің мұғаліміне де керегі осы.
Орысша резюме жазу керек
Қостанай облысы
Рудный қаласы
№ 15 орта мектеп

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz