Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әмір Темір жорықтарының зардаптары

Күні: 6 желтоқсан 2010 жыл
Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер - Ақ Орда, Алтын
Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын
көрсету.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге
тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабықтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, сөзжұмбақтар, суреттер, хронологиялық
кесте, ВЕНН диаграммасы, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:
І топ - <<Түркістан>>
ІІ топ - <<Отырар>>
Үй тапсырмасы <<Кім көп біледі?>> ойыны арқылы сұралады. Интерактивті тақтада 10, 20, 30 сандарынан тұратын үш қатардан ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар қойылады. <<10>> ұяшығының сұрағына жауап берсе сары түсті ұшбұрыш, <<20>> ұяшығының сұрағына жауап берсе көк төртбұрыш, <<30>> ұяшығының сұрағына жауап берсе қызыл бесбұрыш беріледі. Алған балдарын жауап парағына топ басшысы белгілеп отырады.
10 ұяшығының 1- сұрағы: Моғолстанның орталығын ата.
- Алмалық қ-сы
2- сұрағы: Неліктен моғолстан деп аталды?
- Шығыс деректерінде <<монғол>> сөзінің <<н>> әріпі түсіп қалып, <<моғол>> деп аталды.
3- сұрағы: Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?
- Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің
20 ұяшығының 1- сұрағы: Моғолстанның құрылуында дулат тайпасының өкілдері неге басты
рөл атқарды?
- М. Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай - Сүбе жерін берген. Осы аумақты билеген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене ат салысады. Поладшы әмір Моғолстанды Маураннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз жеке хандық құруға бар күшін салады.
2-сұрағы : Моғол хандығының этникалық құрамы туралы айтып бер.
- Монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде өздерінің басымдылығын көрсеткенімен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды.
3- сұрағы: <<Батпақ шайқасы>> туралы не айтасың?
- Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс - Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырап, Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас <<Батпақ шайқасы>> болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған.
30 ұяшығының 1-сұрағы: Тоғылық Темір хан тұсында моғол хандығының саяси жағдайы қандай болды?
- Тоғылық Темір хан тұсында саяси тұрақсыздық орын алды. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Хан елдің ішкі - сыртқы саяси жағдайын жақсартты. Тоғылық Темір хан өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360 - 1361 жж Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс - Қожаны таққа отырғызады.
30 ұяшығының 2- сұрағы: Моғолстанның алып жатқан аумағын картадан көрсет.
- Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы
30 ұяшығының 3 - сұрағы: Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстан мемлекеті қай жерлерді алып жатты?
- Шығыс шеті қалмақтармен шектесіп, Барыскөл, Емел, және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістан, Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғанамен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі.
Үйге берілген жазба жұмысын тексеру: <<Түркістан>> тобына Моғол мемлекетінің хронологиялық кестесін жасап келу, <<Отырар>> тобына Моғолстан мемлекетінің хандары туралы әңгіме құрап келу тапсырылған.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
І. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір 1336 жылы Түркістан қаласында Барлас тайпасының биі Тарағай бектің отбасында дүниеге келген - қолбасшы, мемлекет қайраткері. Әмір Темір алғашында 1361 ж Қашқария уәлаятынның билеушісі болды. 1370 жылы Мауараннахрды өзінің қолына алды. Содан 35 жыл бойы -1405 жылға дейін жеке - дара билік жүргізді. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. ХІҮ ғ 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ - даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол Ақсақ Темір, ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 - 1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания ( Оңт. Әзербайжан, 1384), Иран мен Ауғанстан толық бағындырылды.
Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағын - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь - Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырды.


Уақыты

Болған оқиғалар
Жорық зардаптары
1370 ж
Мауараннахрды басып алады. Содан 35 жыл бойы жеке - дара билік жүргізеді.
Бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы күйрейді.
1376 ж
Ұрұс ханның ұлы Мәлік оғланның 10 мың әскерін талқандайды.
Еларалық байланыс үзіледі.
1391 ж
200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады
Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендері құлдыққа айдалып, Орта Азия қалаларындағы базарларда саудаға түсті.
1395 ж
Тоқтамысқа қарсы тағы жорыққа шығады.

1371 - 1372 жж

Моғолстанға әскер аттандырады
.

Қалалар қирап, жермен - жексен болды.

1371 - 1390 жж
Моғолстанға он шақты рет жорық жасаған

1376 ж
Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады.
Ауа көшу, қоныс аудару етек алады.
1377 ж
Моғол әмірі Қаратау етегінде және Бұғым шатқалында Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілген.
Халықтардың қалыптасу жүйесін бұзды.
1384 - 1391 жж
Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорық жасап, Моғолстанның түкпір - түкпіріне 120 мың әскер аттандырады.
Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына орасан зиян келтірді
1390 ж
Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті.

ІҮ. Сергіту сәті. <<Сырлы күмбезді, шежіресі мол, тарихы терең қалалар>>.
Бұл кезеңде оқушыларға қалаларға байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын тауып, сол қаланы картадан көрсетеді.
№1 сұрақ: Қазақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі - Әбу Наср Мухаммад ибн Тархан ибн Узлағ Әл Фараби қай қалада дүниеге келді?
Жауабы: Отырар (Фараб) қаласында
- Әбу Наср Әл Фараби түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, <<әлемнің екінші ұстазы>> атанған ғұлама.
№2 сұрақ: Жергілікті халықтың салт - санасы мен наным - сеніміне, әдет ғұрпына қайшы келмейтін діни - мистикалық мектептің негізін қалаған, шығармалары сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салған - Әзірет Сұлтан, Қожа Ахмет Йасауи қай қалада дүниеге келді?
Жауап: Сайрам (Исфиджаб) қаласында
- <<Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады>> деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиеттің ұстанымдарын көне түркі әдеби тілі - шағатай тілінде сөйлетті.
№ 3 сұрақ: Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы, пірі болған Арыстан баб - әулиенің кесенесі қай жерде?
Жауап: Ежелгі Отырар қаласының маңында.
- Арыстан бабтың есімі Отырар, Сайрам, Йасы өңіріндегі сопылардың ұстазы ретінде кеңінен жайылады. Ғимараты Әмір Темірдің әмірімен салынады.
№ 4 сұрақ: ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы қай қалада орналасқан?
Жауап: Түркістан қаласында
-Шығыс моншасы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында, ал қазір ол мұражайға айналған.
№5 сұрақ: Шамамен ХІ - ХІІ ғғ өмір сүрген ару қыз Айша бибі кесенесі қайда орналасқан?
Жауап: Тараз қаласының батыс жағында
- Айша бибі кесенесінің күмбезі құлаған, араға ғасырлар салып 2004 жылдың қараша айының соңында қайта қалпына келтірілді.
№6 сұрақ: Қолбасшы, мемлекет қайраткері барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан яғни Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққында қай қалада қайтыс болады?
Жауап: Отырар қаласында.
- Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер.
Ү. Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақтар шешу.
<<Түркістан>> тобына - <<Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорығы>> туралы, <<Отырар>> тобына - <<Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорығы>> туралы сөзжұмбақ беріледі.

<<Түркістан>> тобына берілген сөзжұмбақ:

Б
А
Р
Л
А
С

Т
Ү
Й
Қ
О
Ж
А

Ұ
Р
Ұ
С

С
А
Р
А
Й

С
Ы
Ғ
А
Н
А
Қ

Т
О
Қ
Т
А
М
Ы
С

Т
Е
Р
Е
К

М
А
У
А
Р
А
Н
Н
А
Х
Р

М
Ә
Л
І
К

С
А
У
Р
А
Н

1. Әмір Темірдің шыққан тайпасы. 2. Ақ Орданың ханы Ұрұс Алтын Орданың астанасын басып алуға көмектеспегені үшін кімді жазалайды? 3. 1376 ж дүние салған хан. 4. Алтын Орданың астанасы. 5. Ақ Орданың астанасы.6. Әмір Темір Алтын Орда мен Ақ Орданы бағындыру үшін кімді пайдаланды? 7. 1395 ж Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы шайқасы қай өзеннің жағасында болған? 8. Әмір Темір 1370 жылы қай жерді басып алды? 9. Ұрұс ханның ұлы. 10. Әмір Темір Тоқтамысты қай қалада таққа отырғызды?

<<Отырар>> тобына берілген сөзжұмбақ:

Т
А
Р
А
Ғ
А
Й
А
Л
М
А
Л
Ы
Қ

Ұ
Р
Ұ
С

А
Қ
О
Р
Д
А

Қ
А
М
А
Р
А
Д
Д
И
Н

А
Т
Б
А
С
Ы

К
Ө
К
Т
Е
М

М
О
Ғ
О
Л
С
Т
А
Н

І
Л
И
Я
С
Қ
О
Ж
А

Қ
Ы
З
Ы
Р
Қ
О
Ж
А

1. Әмір Темірдің әкесі. 2. Моғолстан хандығының астанасы. 3. Сасы - Бұға көмек сұраған Ақ Орданың ханы. 4. Моғолстан билеушілері Әмір Темірге қарсы тұру үшін қай мемлекетпен одақ құрды? 5. Сасы - Бұға кімге қарсы жорықты басқарған? 6. Әмір Темірдің Қамар ад-динді қай жерде қуып жетіп, талқандайды? 7. Әмір Темір Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 1376 жылдың қай мезгілінде әскер аттандырды? 8. 1390 жылғы жорықтардан кейін әмір Темірге толық тәуелді болған хандық. 9. "Батпақ шайқасы" Әмір Темір мен кімнің арасында болды? 10. Тоғылық Темірдің соңғы ұрпағы

Ерекше көзден <<Ақсақ Темір>> деген сөз шықты Ол неге ақсақ атанды?
Жауап: Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жараланған. Содан ол Осман империясы мен Орта Азияда Ақсақ Темір деген атпен әйгілі болды.

ҮІ. ВЕНН диаграммасы. Шыңғыс хан мен Әмір Темір.

1. Тарағай бектің отбасында дүниеге келді. 2. Темір мемлекетін құрды. 3. Алтын Орданы күйретті. 4. Моғол империясын бағындырды. 5. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырды.

1.Есугей батырдың отбасында дүниеге келді. 2. Монғол мемлекетін құрды. 3. Қытай жерін басып алып, соғыс техникаларын қолға түсірді. 4. Отырар қаласына сауда керуенін жіберді. 5. Жаулап алған жерлерін ұлыстарға бөліп,
балаларына берді.

1. Жеке дара билік құрды. 2.Қолбасшы 3. Саясаткер 4. Жаулап алушы 5. Қазақ жерінің әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуына көп зардабын тигізді

ҮІІ. Қорытындылау.
Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя - Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн шаршы шақырымға жетті. Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққан жолда Отырар қаласында қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай өмір сүрді. Сүйегі Самархандағы Гүр - Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 - 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 - 1530) сынды атақты адамдар шықты.
Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінде саясаткер ретінде қалған. Орта Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, шөл далалардағы суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салып қалдырды.
Қожа Ахмет Йсауи кесенесі - ортағасырлық тарихи ескерткіш. Түркістан қаласында орналасқан. 1396 - 1399 жж Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басына тұрғызылған. Бұл кесене мешіт, медресе қызметін де атқарған. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Йасауи түрік халықтарының рухани атасына, ал кесенесі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналып отыр.
ҮІІ: Бағалау. Толтырылған бағалау парағы бойынша топтардың бағасын шығарып, сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.
ІХ. Үйге тапсырма: § 25-ті оықп келу, Әмір Темір туралы шағын әңгіме жазып келу.

Біз бүгінгі сабағымызда сыныпты екі топқа бөліп, оны <<Түркістан>> және <<Отырар>> деп атауымыздың мәні зор. Өйткені Отырар мен Түркістан ежелгі тарихи қала. Оны қанша айтсаңда жырласаңда тауса алмайсың. Осы тарихи маңызы зор, ежелгі қалаларымызды ақындарымызда жырларына арқау еткен. М. Жұмабаев <<Ер түріктің бесігі>> деп Түркістан қаласының тарихын тереңнен қозғаса, М. Шаханов Ойрандалған Отырардағы ата - бабаларымызыдың жанқиярлықпен отанын қорғағанын жырлап, сол кезде Отырар қаласынан қашып шыққан жас ақын мен боламын деп Отырар қаласының билеушісі Қайыр бабасына үн қатады. Енді осы өлеңдерден <<Түркістан>> тобынан 1 оқушы М. Жұмабаевтың <<Түркістан>> өлеңінен, <<Отырар тобынан>> 1 оқушы М. Шахановтың <<Отырар>> дастанынан үзінді оқи отырып сабағымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір темірдің басқыншылық жорықтары
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Қазақстанның хiv – xv ғасырлардағы сәулет өнері
Әмір Темір Моғолстан жеріне алғашқы жорығы
Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері
Үндістандағы феодалдық қатынастар
Шіркеу және дін қызметшілері. Крест жорықтары
Қ.Бекхожин Ақсақ Темір мен ақын
Пәндер