Қасқырдың тапсырмасы

Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: МАД «А»

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап

табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,

дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.

3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру .

Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.

ІІ. Өткенді қайталау.

1-слайд.

а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Әріп деп нені айтамыз?

- Әріптерді не істейміз?

2-слайд.

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.

Алмұрт - А, шар - Ш, піл - П, радио - Р, нан - Н, уық - У, лақ - Л, тарақ - Т, йогурт - Й, ғарышкер - Ғ т. с. с.

ІІІ. Жаңа сабақ. 3-слайд.

а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.

  • Олар қайда өмір сүреді?
  • Орманда.
  • «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • О дыбысынан.
  • Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.

Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

4-слайд.

1. Қоянның тапсырмасы.

« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
  • Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.

5-слайд.

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?

  • Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

6-слайд.

2. Қасқырдың тапсырмасы.

«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.

Орамал, ою, отырғыш - сөз басында;

Доп, моншақ, домбыра - сөз ортасында;

Пальто, кресло - сөз соңында.

Сөздерді буынға бөлу.

7-слайд.

3. Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

8-слайд.

4. Түлкінің тапсырмасы.

ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

- Отанымыз қалай аталады?

- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

5. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:

9-слайд.

О-й ой ой т-ой той той

О-р ор ор т-ор тор тор

О-л ол ол т-ол тол тол

Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

10-слайд

«Кім зерек?» ойыны.

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV. Қорытынды.

Сұрақ-жауап:

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • О дыбысы қандай дыбыс екен?
  • Әріп таңбасы неге ұқсас?
  • О дыбысына байланысты сөздер айту.

Мадақтау.

Пән мұғалімі: Құрмашева Н.


Ұқсас жұмыстар
Қасқырдың бірінші тапсырмасы
Б дыбысы мен әрпі
Қызыл телпек бізде қонакта
А дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Ертегілер елінде
Ю дыбысының жазылуы
Аюдың тапсырмасы
Оқулықтағы суреттер
О дыбысы мен әрпі
Қиянат жасамайық өмірге, Қиянат жасамайық табиғатқа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz