Анықтама

Сабақтың тақырыбы :: Анықтама.
Мақсаты:
Білімділік: . Оқушыларға анықтама жазудың негізгі мәтіні, мақсатын, жазылу үлгісімен таныстыру.
Дамытушылық :алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік :Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:: Оқулық, үлгі, компьютер, презентация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Резолюция дегеніміз не ?
- Резюме жазудағы мақсатыңыз не ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Анықтама
- Құжат мәтіні
- Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет
- Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет
- Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы.
Анықтама - қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т. б. ) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.
Анықтамаға тиісті деректемелер:ұйымның аталуы, құжаттың аталуы, күні, индексі, шыққан жері, тақырыпша, мәтін, қол қою, мөр.
Анықтаманың үлгісі.
АНЫҚТАМА № 1
Осы анықтама « Егіндібұлақ ауылының №17 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінің Авто1-12 тобының оқушысы Ержанов Елдостың осы лицейде оқитынын растау үшін берілді.
Анықтама 2012 жылдың қыркүйек айына дейін жарамды.
№ 17 кәсіптік лицей директоры қолы Темиржанов Б. Т.
Мөр орны
15. 05. 2012.
АНЫҚТАМА № 3
Осы анықтама Жандосова Айжан Саулетқызының 2011-2012 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.
Анықтама талап етілу орнына көрсету үшін берілген.
«№30 орта мектеп» ММ директоры қолы Таңатаров М. А.
Мөр орны
15. 09. 2006.
АНЫҚТАМА
Асқаров Нұртас Жарасұлына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында тұратыны және жанұясында 5 адам бар екені туралы берілді:
1. Асқарова Гүлжан - әйелі, 1974 ж
2. Асқарова Жансая - қызы, 1996 ж
3. Асқар Нұрдәулет - ұлы, 2000 ж
4. Асқар Бақдәулет - ұлы, 2004 ж
Анықтама талап еткен жерге тапсыру үшін берілді.
Кәсіпорынның атауы Әлеуметтік қамсыздандырудың
Кәсіпорынның мекен-жайы аудандық бөліміне
Тел. ұсынуүшін
Факс. қаласы
АНЫҚТАМА
00. 00. 0. №
Леонова Оксана Анатольевна кәсіпорынының маркетинг
(кәсіпорынның атауы)
бөлімінде жалақымен экономист болып қызмет істейді.
(санмен және жазбаша)
Директор қолы аты-жөні
Бас бухгалтер қолы аты-жөні
М. О.
Кәсіпорынның атауы Директорға
АНЫҚТАМА
00. 00. 00 №
г.
Жиһаз және жабдықтар сатып алу туралы
200 жылдың тоқсанында кеңсе жиһазы мен жабдықтарын жаңалау туралы жоспарға
сәйкес төмендегі жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды:
Комплектінің түрі Саны (дана) Құны (теңге) Қоятын орны
Анықтама негізінде жасалды.
Бас бухгалтер қолы аты-жені
№ іске
Орындаушының қолы 00. 00. 00
ІҮ . Практикалық тапсырма:
1. Анықтаманың үлгісін компьютерде жаз.
2. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыздар.
- Анықтама Лаура Касымованың лицейде оқитыны туралы әлеументтік қамсыздандыру бөліміне тапсыруға керек.
- Анықтама Жандос Оспановтың лицейде оқитыны туралы әскери комиссариатқа керек.
- Анықтама осы мекемеде жұмыс істейтіні туралы Сабитов Калымжанға керек.
- Қатесін түзетіңіз.
Осы анықтама лицей оқушысы Түкітаева Дианаға берілді. Түкітаева Диана шын мәнінде «Іс жүргізуші және мұрағаттанушы» тобында 1 курста оқиды. Анықтама № 17 кәсіптік лицей берілді.
Оқу ісінің меңгерушісі А. К. Молдакашева
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Анықтама құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
2. Анықтаманың негізгі мәтіні не ?
3. Анықтамалар кімге беріледі?
4. Не үшін беріледі?
5. Қайда тапсыру үшін беріледі?
6. Анықтама кімнің атынан беріледі?
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ . Үйге тапсырма : Анықтама оқып келу. Бірнеше жағдаяттар жазып келу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz