Ғұлама білгіш данадан Оқушы жас баладан

Тақырыбы: Ұстаз есімі мәңгі жадымызда Мақсаты: Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту, олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау. Оқушылардың ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге, оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Түрі: Өнеге сағаты. Әдісі: Әдеби - монтаж, кездесу, сазды бағдарлама. Көрнекілігі: Музыкалық аспап, нақыл сөздер, шарлар Өту барысы:
Мұғалімнің сөзі
І жұргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі ұстаздар қауымының мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, шығармашылық шабыт тілейміз. ІІ жүргізуші: Осы ұлы мерекеде біздің ертеңгілігімізге арнайы шақырылған қонақтар- өзіміздің алғашқы ұстаздарымыз -Айгүл апай, Ақтолқын апай. Қош келдіңіздер! І жүргізуші : Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеді! ІІ жүргізуші: Ғұлама білгіш данадан Оқушы жас баладан. Мархаббатты ойшылдан, Мал өсірген қойшыдан Жазушыдан, ақыннан, Ғарышкерден, батырдан. Өнері асқан актерден Ырыс қазған шахтерден. Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден. Оқыған жас кәріден, Оқушының бәрінен Екеуі қосылып: Ұстаздарға мың сәлем! (Бәрі бастарын иеді) Ән «Ұстазым» 1-оқушы Ұстаз! Ұстаз! Ол - қандай ұлағатты сөз. Осы адамның алдынан қаншама адам дәріс алып, оның айтқандарын орындап, үнемі өздері жақсы жағынан көрінуге тырысатын шәкірттер қаншама десеңізші!? 2-оқушы Ең алғаш қолға қалам ұстатып, «А» әрпін жазуды, санауды да үйреткен осы - ұстаз. 3-оқушы Үйретіп бізге алғаш әліппені, Мұғалім ғылымға жол салып берді. Адамның ой - арманы, мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді. 4-оқушы Ұстаз болу - жүректің батырлығы Ұстаз болу-сезімнің ақындығы Ұстаз болу - мінездің күншуағы Азбайтұғын адамның алтындығы 5-оқушы Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да, ғылым дана да. 6-оқушы Қыр- сырын зерттеп заманның, Ұлылығын айтып бабамның Өнерге өріс беретін, Барометрі сенсің адамның 7-оқушы Сағыныш сазы толқытқан, Арнамақ сөздің мәйегін. Шәкірттерің оқытқан, Келіп тұр жолдап сәлемін 8-оқушы Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағы Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. 9-оқушы Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз, Асыға сәлем жолдап жүректен біз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 10-оқушы Ұ стазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 11 -оқушы : Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа, Бірі де жеткізе алмас бағалардың. 12- оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған. 13- оқушы : Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дарыттың адамдықты шәкіртіңе, Дамыттың дарын отын бейімдінің . 14- оқушы: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға, дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын . 15- оқушы: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. Жатталады жан жүректе есіміңіз, Анамның аяулы үні сияқтанған. 16- оқушы : Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Ән «Ұстазыма» І жүргізуші : Оқыттыңдар, ұл-қызым, деп, Күлімдеген ұстаздар. Ән арнадық арнайы Тағзым ете, ұстаздар. ІІ жүргізуші: Қара сөздің дауылы Құрмет еткен ауылы Екеуі хормен: Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz