Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мақалды көрсет

Сауалнама І тоқсан
1. Айтыстың ең көне түрі
А. Жар-жар Б. Бәдік
В.Салт айтысы С. Жұмбақ
2. Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,
Қу шолақты соялық дескеніңде
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді.
Айтыстың қай түрінен алыңған үзінді ?
А. Жұмбақ Б. Жар-жар В. Жануарлар мен адамның С. Өлі мен тірінің
3. Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі
А. Сапарғали мен Нұржан Б. Әсет пен Рысжан
В. Қожахмет пен Әубәкір С. Біржан мен Сара
4. <<Кер құла атты Кендебай>> ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
А. Шыншыл Б. Қиял-ғажайып
В. Хайуанаттар туралы С. Тұрмыс-салт
5. Хайуанаттар туралы ертегіні көрсет
А. <<Боз інген>> Б. <<Кер құла атты Кендебай>>
В. <<Аяз би>> С. <<Үш өнерпаз>>
6.Ауыз әдебиті үлгісіндегі шығармаға жататынын көрсет
А. Сыңсу Б. Қыс В. Әке мен бала С. Туған жер
7.Жоқтау ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
А. Бата В. Жаңылтпаш
Б. Ертегі С. Тұрмыс-салт жыры
8.Мақалды көрсет
А.Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі
Б.Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда
В.Не ексең, соны орасың
С. Жауырды жаба тоқиды
9. Мәтелді көрсет
А. Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Б. Ана алдында-құрмет, ата алдында-қызмет
В.Көппен көрген ұлы той
С. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі
10. Ер Тарғынға <<Аруақты туған ер болсаң,
Неғыласың бір қызды?!>>-деп тоқтау айтқан кім?
А. Домбауыл В.Қартқожақ
Б. Сыпыра жырау С. Ақжүніс
11.Лиро-эпостық жырға тән белгілерді көрсет
А.Көп нұсқалы; ерлік тақырыбында
Б. Әдет-ғұрып; батырлық
В. Көп нұсқалы; сүйіспеншілік тақырыбында
С.Сүйіспеншілік; қиял-ғажайып
12. Қыз Жібектің әкесі кім?
А.Қаршыға Б.Базарбай
В.Сырлыбай С.Сансызбай
13.Мына өсиет сөз кімнің сөзі? <<Өркенім өссін десең, кекшіл болма-кесапаты тиер еліңе>>
А. Төле би Б.Қазыбек би
В. Әйтеке би С. Майқы би
14. Би-шешендерге тән қасиеттерді тап
А.Сөзуар, ойшыл, ғалым
Б. Даугер, заңгер, сөзшең
В. Шешен, тәрбиеші, елші
С. Саясаткер, ғалым, жазушы
15. <<Асырауын тапса адам болар>> деген мақалдың тақырыбын белгіле
А.Тәлім-тәрбие туралы
Б. Еңбек туралы
В. Тіл туралы
С. Өнер-білім туралы
Сауалнама ІІ тоқсан
1. <<Біржан мен Сара>> айтысы айтыстың қай түріне жатады?
А. Жар-жар Б. Салт айтысы
В. Жұмбақ айтысы С. Осы күнгі айтыс
2. <<Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың>> деген үзіндіде кімнің бейнесі суреттелген?
А. Сара Б. Біржан В. Абай С. Жиенқұл
3. <<Біржан мен Сара>> айтысының негізгі түйіні
А. Салт-дәстүрді дәріптеу Б. Өнерді бағалау
В. Әйел теңдігі С. Бір-бірін сынау
4. Айтыскерге тән қасиеттердің қатарын көрсет
А. Іскерлік, ұсталық, білімділік
Б. Талант, суырыпсалушылық, арқа
В. Салқынқандылық, сөзуарлық, парасат
С. Намыс, күш, батырлық
5. Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырларды қамтиды?
А. ІV-Vғ.ғ. Б. Х-ХІІ ғ.ғ. В. VІІ-ХІV ғ.ғ. С. ХV-ХVІІІ ғ.ғ.
6. Орхон ескерткіштерін алғаш тапқан кімдер?
А. Томсон, Радлов Б. Иоганн, Ядринцев
В. Томсон, Иоганн С. Радлов, Ядринцев
7. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын, күйші.
А. Біржан Б.Асан қайғы В Қорқыт С.Күлтегін
8. А. Йасауи өзінің сопылық ілімін қай тілде жүргізді?
А. Түркі Б. Араб В. Парсы С. Қыпшақ
9. А. Йасауидің еңбегін ата.
А. <<Қорқыт ата кітабы>> Б. <<Диуани хикмет>>
В. <<Оғыз-нама>> С. <<Күлтегін>> жыры
10. <<Тәтті, дәмді жегендер,
Түрлі-түрлі кигендер,
Алтын таққа мінгендер
Ол да бір күн болар жер>> Бұл үзінді кімнің ,қандай шығармасынан алынған?
А. Үмбетей <<Бөгенбай өліміне>>
Б. Асан қайғы <<Еділ бол да, Жайық бол>>
В. Қазтуған <<Мадақ жыры>>
С. А. Йасауи <<Диуани хикиет>>
11. <<Әй, хан, мен айтпасам білмейсің.>> Кімнің толғауы?
А. Асан қайғы Б. Қазтуған
В. Ақтамберді С. Жиембет
12. Өзін <<сөйлесе қызыл тілдің шешені>>, <<бидайықтың көл жайқаған жалғызы>> деп таныстыратын қай жырау?
А. Асан қайғы Б. Қазтуған
В. Ақтамберді С. Жиембет
13. <<Менімен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай...>>- деп толғаған өр мінезді, ерен батыр жырау кім?
А. Жиембет Б. Шал ақын
В. Ақтамберді С. Үмбетей
14. Жылқы малының қазақ халқының тіршілігінде алар орнын ерекше жырлаған қай жырау?
А. Жиембет Б. Шал ақын
В. Ақтамберді С. Үмбетей
15. Жыраулардың қайсысы Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлардың ерліктерін өлең жолдарына қосқан?
А. Ақтамберді Б. Үмбетей
В. Асан қайғы С. Шалкиіз
Сауалнама ІІІ тоқсан
1. Абайдың тұңғыш жинағы қашан шықты?
А.1907ж. Б.1909ж.
В.1905ж. С.1904ж.
2.Сұлтанмахмұт Н. Бекбауов деген мұғалімнен не үйренді?
А.Орыс тілін Б. Өлең жазуды
В. Пән негіздерін С. Хат таныды
3.Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын,
Кесіп өтіп кезеңді,
..., қайда барасың?-деп Дулат қай өзен туралы жырлаған?
А.Ертіс Б. Аягөз
В. Іле С. Жайық
4 <<Ханнан қырық туғанша
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға>> Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған?
А. <<Нарын>> Б. <<Бағаналы терек>>
В. <<Жалғыздық>> С. <<Мұнар күн>>
5.Ж. Аймауытов қай жылдары өмір сүрген?
А. 1889-1931 Б. 1945-1904
В.1889-1937 С.1885-1931
6.Жамбылдың қай ақынмен айтысқанын тап
А. Сара Б. Омарқұл
В. Біржан С. Құлмамбет
7. М. Жұмабаевтың поэмасын көрсет
А. <<Қорқыт>> Б. <<Ескендір>>
В. <<Ақбілек>> С. <<Масғұт>>
8. Зар заман ақындары шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсет
А.Торығу, кемшіліктерді сынау
Б. Кемшіліктерді сынау, қуану
В. Өткенді аңсау, болашақтан үміт күту
С. Болашаққа сену, торығу
9. Абайдың пікірлес досы кім?
А. Белинский Б. Михаэлис
В. Потанин С. Веселовский
10. Ы. Алтынсариннің өлеңін белгіле
А. <<Қалың елім, қазағым>> Б. <<Сегіз аяқ>>
В. <<Кел, балалар, оқылық>> С. <<Досыма хат>>
11.М. Өтемісұлының <<Ереуіл атқа ер салмай>> атты өлеңі лириканың қай түріне жатады?
А. Табиғат лирикасы Б. Саяси лирика
В. Махаббат лирикасы С. Элегия
12. С. Торайғыровтың 1918 жылы жазылған поэмасын көрсет
А. <<Қамар сұлу>> Б. <<Тұрмыс>>
В. <<Адасқан өмір>> С. <<Кім жазықты>>
13. Ы. Алтынсариннің <<Қазақ хрестоматиясы>> кімге арналған?
А. Ақындарға Б. Балаларға
В. Билерге С. Тіл мамандарына
14. <<Өтеген батыр>>, <<Сұраншы батыр>> дастандарының авторы кім?
А. Ж. Жабаев Б. Б. Майлин
В. С. Мұқанов С. С. Сейфуллин
15. Жұмабек Ж. Аймауытовтың қай шығармасындағы кейіпкер?
А. <<Ақбілек>> Б. <<Күнікейдің жазығы>>
В. <<Әнші>> С. <<Қартқожа>>

Сауалнама ІV тоқсан
1. <<Қош бол, Гүлсары>>, <<Ана-Жер-Ана>>, <<Шынарым менің, шырайлым менің>> шығармаларының авторы кім?
А. М. Мақатаев Б. Ш. Айтматов
В. Мақтымқұлы С. І. Есенберлин
2. <<Көшпенділер>> трилогиясының қаһарманы кім?
А. Ана Б. Әйелдер В. Ерлер С. Халық
3. Ғ. Мүсіреповтың әкесінің аты
А. Сейфолла Б. Бәкен В. Махмұт С. Мұқан
4. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.
А. Басқа біреудің шығармасын иемдену
Б. Екі нәрсені қатарластырып алып бейнелеу
В. Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату
С. Керексіз , басы артық сөз
5. <<Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен>> деген өлең жолдарының авторын тап.
А. М. Мақатаев Б. Қ. Мырзалиев
В. М. Жұмабаев С. І. Жансүгіров
6. М. Әуезовтың Шыңғыстау өңірінде ХVІІІ ғ.аяғында болған оқиға негізінде жазылған пьесасы.
А. <<Тас түлек>> Б. <<Сын сағатта>>
В. <<Еңілік-Кебек>> С. <<Шекарада>>
7. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар...(Абай) Қолданылып тұрған айшықтау құралын тап.
А. Кейіптеу Б. Метонимия
В. Эпитет С. Антитеза
8. Ақан сері туралы ірі шығарма жазған қаламгер кім?
А. І.Жансүгіров Б. Ғ. Мүсірепов
В. М. Жұмабаев С. М. Әуезов

9. Ғ. Мүсіреповтың М. Горькиден аударған әңгімесін тап.
А. <<Ашынған ана>> Б. <<Қазақ солдаты>>
В. <<Шұғыла>> С. <<Адамның анасы>>
10. Ғ. Мүсіреповтың <<Ұлпан>> романы қашан жазылды?
А. 1974ж. Б.1975ж. В.1976ж. С.1977ж.
11. <<Шыңы-бұлт, екпіні-жел, аттар-қаңбақ>>(І.Ж.)Мұнда көркем бейнелеудің қай түрі бар?
А. Теңеу Б. Эпитет В. Кейіптеу С. Метафора
12. М. Әуезовтың жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын тап.
А. <<Абай жолы>> Б . <<Өскен өркен>>
В. <<Қараш-қараш оқиғасы>> С. <<Қилы заман>>
13.Шыңғыс Айтматов қай ұлттың өкілі?
А. Түрік Б. Өзбек В. Қазақ С. Қырғыз
14. Түркімен әдебиетінің классигі-Мақтымқұлы Фраги қай жылдары өмір сүрген?
А. 1733-1772 Б. 1731-1772
В. 1733-1773 С. 1731-1773
15. <<Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..>> Үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен алынған?
А. <<Қара өлең>> Б. <<Толғау>>
В. <<Автограф>> С. <<Поэзия>>

Сауалнама жауаптары

Нұсқасы

Реті

І
тоқсан

ІІ
тоқсан

ІІІ
тоқсан

ІV
тоқсан

1
Б
Б
Б
Б

2
В
А
В
С

3
А
В
Б
В

4
Б
Б
Б
Б

5
А
В
А
А

6
А
Б
С
В

7
С
В
А
А

8
А
А
А
А

9
В
Б
Б
С

10
Б
С
В
А

11
В
А
Б
С

12
В
Б
В
А

13
Б
А
Б
С

14
В
В
А
А

15
А
Б
В
В

Ұқсас жұмыстар
Септік жалғауын көрсет
Тапқыр достар
Сан есім. 4 сынып
Құмырсқа мен көгершін. жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Термин сөздер қатарын тап
Туған жерге туыңды тік
Біздің отбасымыз. фонетика
Зат есім сұрақтары
Әр бала - болашақ данышпан
Сөйлем мүшелері.2-сынып
Пәндер