Ойыншықтар әлеміне саяхат

Білім саласы : «Таным, Қатынас, Денсаулық»

ҰОІӘ: «Тіл дамыту, Дене шынықтыру, Қ. М. Ұ. Қ. қоршаған

орта»

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Ашық іс әрекет мақсаты:

а) Балалар бұрыңғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

б) Не? Нелер? Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

в) Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар, слайд сызбасы.

Әдіс - тәсілдер: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету және сергіту.

Пәнаралық байланыс: Қатынас (Тіл дамыту)

Денсаулық (Дене шынықтыру)

Таным (Қ. М. Ұ. Қ. қоршаған орта)

Сөздік: Ағаштан, шүберек, резеңкеден. SDC12631

ҰОІӘ барысы:

Шаттық шеңбері:

Ойыншықпенен денеміз,

Шынығамыз өсеміз.

Жылдан жылға бір жылға,

Үлкен болып өсеміз.

Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар?

Балалар: Ойыншықпен

Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.

SDC12632 Балалар: Қуыршақ, машина, доп т. б.

Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Ия, ұнайды.

Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығын

жоғалтып алып.

Тәрбиеші: Балалар Ақзереге көмектесеміз ба

ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін

өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?

Балалар: Ия, алып шығамыз.

SDC12633 Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше

ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.

Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса

мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.

Балалар мына жердегі не екен қарайықшы

жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің

ойыншығын іздейік?

Балалар : Ия қарайықшы.

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық? Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.

Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына еөрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.

SDC12640 Балалар: Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған. Сары. Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.

Тәрбиеші: Үшінші столды қарайықшы

Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден

жасалған? Түстері қандай? Ақзере осының

ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды.

Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.

Балалар: Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар тц\уралы тақпақтарымызды айтайықшы.

SDC12641 Жансая: Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары көк,

Сенімен ойнайтын бала көп.

Санжар: Ойыншықтар қандай, қандай,

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Түрлі - түсті түстері

Көз тартады өздері. SDC12642

Алдияр: Мынау ойыншық әлемі,

Ойыншықтары әдемі.

Таңдап алып біреуін

Бөпеме алғым келеді

Сынып қалса бір жері

Жөндеп бергім келеді

Жылатпаймын бөпемді

Үлкенмінғой себебі.

SDC12645 Қызғалдық: Добым, добым, домалақ

Қайда кеттің домалап.

Секіртейін келе ғой,

Маған билеп бере ғой.

Слайд сызбасы:

Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген

слайд сызбасына сүйене отырып

ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың

түсін, пішінін, қалай сипаттауға

болатынын айтады көлемін ажырата білу

біліктілігін қалыптастыру. Ойыншықпен

ойнауды, сындармауды және ойнап болған соң жуып сүртіп орнына жинауды үйрету.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?

Балалар: Ойнаймыз.

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.

Ойын: «Поезд» тақпағымен ойын ойнау.

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравоз ол пойыздың.

Қатар - қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Шалқар қаласы №12 балабақша тәрбиешісі: М. Жумагулова

II- кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

Технологиялық картасы

Өтілетін күні: 02. 05. 2012 ж

Тәрбиешісі: Жумагулова Маншук Амангельдиевна

Білім беру саласы: «Таным, Қатынас, Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Тіл дамыту, Дене шынықтыру, Қ. М. Ұ. Қ. қоршаған орта»

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Мақсаты: а) Балалар бұрынғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік

қорларын молайту.

б) Не?Нелер?Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге,

байланыстырып сөйлеуге үйрету

в) Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Ұқсас жұмыстар
Балалар мынау қандай ойыншық
Ойыншықтар әлемінде
Сөздер аралы
Тақырып Сандар әлеміне саяхат
7 саны және цифры математика 1-сынып
Қолданыстағы хлор аймағы
Ғажайып әуе шарына саяхат
Дыбыстық құбылыстар
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz