Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру

8 сынып. Химия пәні.

Сабақтың тақырыбы : <<Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары>>

атты тарауды қорытындылау

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі класына жататын заттардың құрамын,қасиеттерін салыстыра білуге,заттарды жіктеп,
олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімін қорытындылау.
2. Бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін дамыту,бекіту.
3.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру және оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: << Бейорганикалық қосылыстардың кластары>> кестесі,тапсырмалар жинақталған <<касса>>, сынауық, тамызғыш,қысқыш, метилоранж ерітіндісі,NaOH,HCI
ерітінділері.

Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа әзірлігін
тексеру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІ. Мақсатын түсіндіру кезеңі :
Сабақ ойын түрінде 3 бөлімнен өтеді.
1- Бөлім <<САЯХАТ>>
Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін тексеру үшін <<Оксидтер>>, <<Қышқылдар>>. <<Негіздер>>, <<Тұздар>> аялдамаларына пойызбен саяхатқа шығатынымызды ескертемін.Бір оқушыны( ол әрине жақсы оқитын оқушы болу керек) <<Баяндаушы>>етіп тағайындап,ол пойыздың қай аялдамаға келгенін және жүретінін хабарлап отырады.
<<Баяндаушы>>: <<Оксидтер,қышқылдар,негіздер, тұздар>> бағытындағы жүрдек пойызы жүргелі тұр.№5 пойыз <<Оксидтер>> аялдамасын келіп тоқтады.Кассадан билет алуды ұмытпаңыздар !

(Сұрақтар саны (билетер ) жолаушылар санына тең)

Билеттерде мынадай сұрақтар бар :

1.Оксидтер дегеніміз не ? Жіктелуі және оған мысалдар келтіру.
2.Негіздік ,қышқылдық ,екідайлы оксидтер дегеніміз не ?
3.Химиялық қасиеттеріне байланысты қышқылдық және негіздік оксидтердің бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар ?
4.Мына берілген оксидтердің қайсысы бір - бірімен әрекеттесе алады ? MgO , H2 O, SO3 , CO2.
<<Баяндаушы>>: Жолдаушы жолдастар ! Пойыз <<Қышқылдар>> аялдамасына келіп тоқтады,біраз кідіреді,билет алыңыздар !
1. Қышқылдар дегеніміз не ? Жіктелуі және оған мысалдар келтіру.
2. Тұз қышқылы мына заттардың : Zn, Cu,Na 2O ,
SO2 қайсысымен әрекеттеседі,тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.
3. Қышқылдардың индикаторларға әсері қандай ?

<<Баяндаушы>>:Пойыз жүргелі тұр.Сақ болыңыздар !
№5 жүрдек пойызы <<Негіздер >>аялдамасының 2-ші жолына келіп тоқтады.
Жолаушылар кассадан билет алады.
1. Негіздер дегеніміз не ? Жіктелуі және оған мысалдар келтіру.
2. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не ?Осы реакция арқылы натрий хлоридін қалай алуға болады ?
3. Екі сынауықтың біреуінде - қышқыл,екіншісінде - сілті ерітінділері бар екнін тәжірибе жүзінеде қалай анықтауға болады ?
<<Баяндаушы>>:
№5 жүрдек пойызы соңғы <<Тұздар>>
аялдамасына келіп тоқтады.
1. Тұздар дегеніміз не ? Жіктелуі және оған мысалдар келтіру.
2. Барий хлориді ерітіндісі мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі,реакция теңдеулерін жазыңдар : H2 SO4 , BaO , AgNO3 , NO2.

2 бөлім <<ЖАРЫС>>
Саяхаттан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында деп ,оқушыларды екі топқа бөліп жарыс ұйымдастырылатындығы хабарланады.
/1 бөлімге қатысқан 8 оқушы және << баяндаушы>> ,
<<касса>>-дағы оқушымен 10 оқушы/
1- тапсырма :
Төменде сызбанұсқалары берілген теңдеулерді орындаңыздар :

1 топ : Р --> Р2 О5 --> Н3 РО4 --> Са3 (РО4 )4
2 топ : АІ --> АІ2О3 --> АІ СІ3 --> АІ(ОН)3

2-тапсырма :берілген формулалар ішінен 3 минутта қышқылдар,
негіздер,оксидтер,тұздар формулаларын теріп жазыңдар.
1 топ : КОН,КСІ,Н2S,N2O5 SO2 H2 SO4 Fe(ОН)2,Na2SO4

2 топ : AIPO4 ,HCI, P2 O5 ,LiOH, CO2, H2SiO3 ,Sr(OH )2 ,КNO3.

3-тапсырма :

Әр топтан екі оқушы шығып,бірі заттың атын атаса,екіншісі сол заттың формуласын жазады.
Мысалы : калий оксиді - КО т.с.с.

4-тапсырма :Капитандар жарысы.Берілген теңдеулер бойынша есептер шығарыңыздар
6,2г хг
1 топ : Na2O + H2SO4 --> Na2 SO 4 + H2O
11,2л хг
2 топ : 2KOH +CO2 --> K2CO3 + H2O

/Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріп,көп ұпай жинаған топ анықталып,марапатталады /.

3 - бөлім

<<Химиялық ойындар>>
/Бұл бөлімде жарысқа қатыспаған оқушылар қатысты/.

1. <<Үшінші артықты сыз>> ойыны.

КОН НСІ СиО
NaNO3 Ag2O NaNO3
CuCI2 Ba(OH ) H2CO3
H3PO4 Mg3 (PO)2 AI (OH)3

2. Кім жылдам ?>> атты эстафеталық ойын.
/Тез ,сауатты әрі жылдам бейорганикалық қосылыстар формулаларын жазады /.

4 - қорытындылау бөлімі.
/ Сабақ қорытындыланып,
оқушылардың барлығы
бағаланады / .

Ұқсас жұмыстар
"Күнделікті сабақ жоспарлары". 1-4 сыныптарға
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу, 10 сынып
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Түсінігін тексеру
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың барысы
Қос теңсіздіктерді шешіңіздер
Қайталау (178- бет)
Интеграцияланған өңдеу ортасы. lazarus бағдарламасы. бағдарлама интерфейсі. 10 сынып,
Сс дыбысы мен әрпі
Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
Пәндер