Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың атауы. Сабақ барысы

Пәні Информатика

Күні 14 .05.2012
Сынып 7
Сабақтың атауы
Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта

Сілтеме
Информатика 7 сынып оқулығы, Электрондық оқулық 7 сынып

Жалпы мақсаты

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Компьютерлік желі тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру.

Оқу нәтижелері

* Интернет браузерлер, желі топологиясымен жұмыс жасауды түсіндіре алуға үйретеді;
* Сабақ бойындағы іс-әрекетін бағалай алуға үйретеді;.
* Құнды пікір айтуға үйренеді;
* Пәнге деген қызығушылығын тәрбиелейді.

Түйінді идеялар

* .Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы қызығушылықтарын ояту (Ы.Алтынсарин <<Өнер білім бар жұрттар>> өлеңі бойынша постер қорғау), топпен жұмыс жасау барысында бірлескен жұмыс атмосферасын құру, бірін- бірі тыңдау, бағалау көзделеді.
* .АКТ - ны қолдана алады
* .Диалог арқылы құнды пікір айта алады

*
Дереккөздер және жабдықтар

Постер, электрондық оқулық, компьютерлер, интернет

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар

-Ы.Алтынсариннің өлеңі бойынша постер қорғайды;
-электрондық оқулықпен өз бетінше жаңа білімді меңгереді;
-жаңа сабақ бойынша алған білімдерін топпен постер арқылы қорғайды
-компьютерде жұппен жұмыс жасайды;
-венн диаграммасы арқылы электрондық пошта мен кәдімгі пошта арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды , маңызы туралы айтады
-электрондық оқулықпен білімдерін тексереді
oo Топқа бөлінеді
oo Постермен жұмыс
oo Электрондық оқулықпен жаңа білімді меңгеру өз бетінше жұмыс
oo Топпен жұмыс
oo Жұппен жұмыс
oo Тестік жұмыс
oo Өздерін бағалау
oo рефлексия

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы сабақ барысында немен айналысады?)
Ұйымдастыру жұмысы. Сәлемдесу. Оқушылардың сабақтың басындағы көңіл-күйін қадағалау. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. Бағалау парағын тарату. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
І. <<Ой қозғау>>

-деген өлең жолдарда не туралы айтылған, Ыбырай қай заманды меңзеп тұр деп ойлайсыңдар?-деген сұраққа оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Әр оқушы осы өлең жолдарынан түсінгендерін постерге салып қорғайды.
ІІ. Мағынаны ажырату.
А) Жаңа сабақты оқушылар өз бетінше әркім компьютерден электрондық оқулық арқылы оқып, қажетті терминдерді дәптерлеріне жазып алады. Орындарына келіп әрбіреуі өздерінің не түсінгендерін бір- біріне түсіндіріп, одан кейін ұжымға не түсінгендерін айтады.
Б) Постерге бір топ электрондық пошта, екінші топ кәдімгі поштаның маңыздылығын жазып, суретін салып қорғады.
В) Венн диаграммасы арқылы айырмашылығы мен ұқсастықтарын толтырды.

Г) Локальдық желі арқылы бір-бірімен хабар алмасу .Жұппен жұмыс
ІІІ.Ой толғаныс сатысы
Электрондық оқулықпен. Тестік жұмыс
Бағалау шкаласы <<5>> - 100-85 %, <<4>>- 70-85 %, <<3>> - 55-70%, <<2>> - 55% -дан төмен
кейінгі тапсырмалар,

Үйге: желі, интернет тақырыптарын оқу;
Осы тақырыпқа сөзжұмбақ құрастыру
Сабақты талдау
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал орнатылды.
Балалар сабақта белсенді жұмыс жасады. Барлық бала бірдей қатысып отырды. Балалар компьютермен, постермен қызығып жұмыс жасады. Өздерін емін-еркін, жақсы сезінді. Жақсы көңіл-күймен сабақ аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Тригонометриялық тепе-тендіктерді, өрнектерді ықшамдау. 9 сынып
Құқықтық сана
Заттың атын білдіретін сөздер. 82-84 жаттығулар Көктем. Жазғытұрым. Ережемен таныстыру
Xiv-xv ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
Хаттама үлгісі
Махамбет өмірі мен шығармашылығы
Пән атауы
Дүниетану пәнінен ашық сабақ. бауырымен жорғалаушылар. 3 сынып
Алтын қақпаның тапсырмалары
Алтын адам. зат есім. 10 сынып
Пәндер