Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің алғашқы ұстазым Светлана апай

Алғашқы мұғалім!

Алғашқы мұғалім!
Жүректе сен қалдың.
Тірегім сен болдың
Алғашқы ұстазым...
Сізді мен әрқашан
Есте сақтап жүремін,
Әріптерді тануға,кісілерді сыйлауға...
Үйреттіңіз сіз мені әрқашанда!
Исенов Дұлат -4 сынып

Алғашқы тірегім
Мен №3 Смирнов орта мектебіне келгенде, менің бірінші сынып жетекшім Светлана Сейтжанқызы болған. Мен оған дейін орыс мектебінде оқыдым, сондықтан қазақша сөйле алмадым. Ал Светлана Сейтжанқызы мені оқуға, жазуға үйретті. Мен оған үлкен алғысымды білдіремін.
Қазіргі уақытта мен ата-аналарымның қуанышымын, мұғалімдердің мақтанышымын. Осы барлық жетістіктер үшін мен алғашқы ұстазыма алғысымды айтамын.
Андамасова Мадина

Менің алғашқы ұстазым
Мен Қойлыбаев Байсейіт № 3Смирнов орта мектебінде оқимын. Оқуды өте жақсы меңгердім деп ойлаймын. Менің осындай жақсы білім алуыма себепті болған алғашқы мұғалімім Светлана Сейтжанқызының еңбегі зор деп ойлаймын.Мен алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, қолымнан жетелеп, <<кел, Байсейіт>> деп айтқан сөздері төрт жыл уақыт өтсе де көз алдымнан кетпейді. <<Ә>> деген әріпті танымайтын, алты жасар бала үшін бұл естен кетпес қуаныш еді. Светлана-апай жалғыз маған емес басқа балаларға да өте мейірімді. Мен ұстазыма мына өлең жолдарын арнағым келеді:
Ұстазым менің, ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым
Мен аяулы үстазымды алда келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.
Қойлыбаев Байсейіт - 4 сынып оқушысы

Мұғалім

Үйден алғаш шыққанда,
Анамдай болған мұғалім.
Тәліміңді ұққанда,
Санамдай болған мұғалім.
Өзіңе ұқсап өсемін
Жалықпас жайсаң мұғалім.
Дүйсенбаев Сырым - 3 сынып оқушысы

Хан бол, мейлің қара бол,
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін, бәрі алдынан-
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар- ұлттың тірегі
Ұстаздар- мектеп жүрегі.
Еңбегін жансын, жан ұстаз
Әлиманың тілегі.
Аскерова Алима - 4 сынып оқушысы
Алғашқы мұғалімін әр адам мақтан етіп, өмір бойы есіне сақтайды.Ғалым,ақын, жазушы сияқты парасатты адамдардың бәрі де мектептен білім алған. Білім нәтижесінде үлкен нәтижеге жеткен. Солардың қай-қайсысы болса да өздерінің алғашқы мұғалімдерін мақтанышпен, құрметпен еске алады, ал менің алғашқы мұғалімім Мейрамова Светлана Сейтжанқызы. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, мені жылы сөздерімен, мың ықыласымен баурап алады.Сол апайдың арқасында әріп танып жазу-сызуды үйрендім.Ол кісі менің қылықтарымды кешіріп, маған қатты сөздер айтпай, қолымнан жетектеп білім дариясына шығарды.Мен аяулы ұстазыма мына өлең жолдарын арнағым келеді.
Призваниямен қандай паң-
Білім басқа беру.
Жүрек кішкетай бөлшегін қайтару,
Бос ұрыс-керістерді ұмыту,
өйткені бізбен қиын түсінісу.
өте тіпті зеріктіретін қазып жатырмын
Бәз баяғы қайта айту
Дәптерді түнмен тексеру
Рахмет- сіздерге үшін анау не сөздер?
әр қашан дәл осылай оң болатын.
Біз тілеуді қалап жатырмыз
Сіздер үшін денсаулық, жүз жылға бақыт.
Тұяқбаев Ринат

Егер оқушылар мұғалімді сыйламаса, сол мұғалімдің қадірі жоқ. Мысалы, мен мұғалімдерді сыйлап, құрметтеймін.
Менің сынып жетекшім Светлана Сейтжанқызы - жақсы. өйткені ол мейірімді. Менің сыныптастарым мұғалімімізге құрмет көрсетеді. Егер мұғалім бізге ұрсса, біз ренжімейміз, өйткені біз оны түсінеміз...
Бізді жақсы көреді,
Күнде күліп келеді.
Мағлұматтарды жинақтап
Бізге айтып береді.
Екілікті алмаймыз,
Біз ұстазды сыйлаймыз.
Алдамұратов Артур - 2 сынып

Мен 2006 жылы №3 Смирнов орта мектебінің мектеп алды даярлық тобына бардым. Оны аяқтаған соң бірінші сыныпқа қабылдандым. Менің алғашқы мұғалімім Мейрамова Светлана Сейтжанқызы. Светлана Сейтжанқызы мені бірінші сыныптан бері оқуға, жазуға, ойлауға келе жатыр. Менің ұстазым мейірімді, ақкөңіл, әр баланың көңілін таба біледі. Әр сабақты қызықтырып жақсы береді. Білімімізді жетілдіріп, нығайту үшін қосымша сабақтар өткізеді. Біздің сыныппен тәтеміз ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізеді. Аудандық кітапханаға мен мұражайға дейін тәтемізбен шығып кететіміз. Өмірдің жақсылығын біз мұғалімнің арқасында үйрендік. Мен өзімнің ұстазыма мына өлеңді арнағым келеді:
Тұлғанды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліне қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы: Ұстазым менің, ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым...
Тәтеміз күнде көңілді жүреді. Мен өз ұстазымды мақтан тұтамын, өйткені ол бізді білімді қылу үшін көп терін төкті. Менің ұстазыма деген алғысым шексіз.
Аскерова Алима

Мұғалім - жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Мұғалім - байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
Біздің елде арнаулы <<Мұғалімдер күні>> белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады.
Мұғалім - мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдені өміріндегі белсенді роліне кезінде зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы <<Жақсы мұғалім мектепкае жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді>>,- деген болатын.
Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы, білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Алғашқы мұғалімнің, ұстаздың орны ерекше. Себебі мектеп табалдырығында қанша жыл оқисың, сол кездерде ұстаздар пәні бойынша, оқушылардың жас ерекшелектеріне байланысты өзгеріп отырады. Осы ұстаздардың ішінде сені ең алғаш мектепке келгенде сені жылы шырай, ақ көңілмен қарсы алып, әріптерді үйретіп, жаңа өмірген қадам бастыратын алғашқы ұстазын меңгі есіңде қалады.
Менің алғашқы ұстазым Светлана апай. Мен оны ешқашан ұмытпаймын!!! Ол бізге ұрыспай, айғайламай, тек жылы шырай танытып, білмеген жерімізді үйретіп, әр уақытта бізді қолдап, ақыл үйретіп жүрді. Мен оны барлық уақытта жадымда сақтап, ол кісіге бас иіп өтемін!!!
Исмаков Ниязбек

Мен кішкентай кезімнен Көктерек ауылында 1-3 сыныптар аралаығында біліммен, тәрбие алдым. Қазіргі уақытта №3 смирнов орта мектебігнің жанындағы интернатында тұрып, 4-сыныбында оқып, білім алып жүрмін. Оның барлығы қазіргі менің ұстазым Мейрамова Светлана Сейтжанқызының арқасында. Мен оны қаттыжақсы көремім және сыйлаймын. Ол сондай мейірімді,әдемі, адал, абзал жан. Маған тәрбие бергеңіз үшін МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС білдіремін!!! Рахмет!
Мұқажанов Бахтияр

Ең басында әркімде алғашқы мұғалім болады. Алғашқы мұғалім бізді білімге үйретуге тырысады. Ең алғашында біз әріптерді оқимыз, ал одан кейін сөздерді оқи алатын боламыз. Мұғалім - мейірімді кісі. Ол бәрімізге көмектеседі. Барлық мұғалімдер өз шәкірттеріне тек қана жақсылық тілейді. Біздің мұғалім бастауыш сыныпты жақсы бітіру үшін білім береді. Біз өзіміздің мұғалімімізді жақсы көреміз. Қабдраш Лиана
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деген ән жолдары менің ұстазыма арналғандай ақ. Десе дегндей, ұстаздың бойынан батылдық та, ақындық та, парасаттылық пен кішіпейілдік те табылады.
Мен де өзімнің ұстазым сияқты болғым келеді. Ұстаз болу үшін жақсы оқу керек.
Әшкенова Шырақ

Мұғалімді сыйламаған
Ата-анасың қалй сыйлайды?
Сабағын оның тындамаған,
Ата-анасын тындай ма?
Ей, қазаұтың ұл-қызы -
Бұл не деген масқара?!
Туған жердің ақ сызығы
Сендерден болды тас-жара.
Білімді бол не ғалым,
Ұстазынды сыйла!!!
Адырова Салтанат

Ұқсас жұмыстар
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
Шашу еткен ұстазым
Ұстаздық еткен жалықпас
Мектебім, менің-мектебім!
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Бастауышым - балбұлағым туралы ақпарат
Ұстазым менің, ұстазым
Ұстазым әні жүргізуші
Ұстазым, менің ұстазым жайлы ақпарат
Қош бол, сүйікті бастауышым
Пәндер