Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу

№ 3 Смирнов орта мектебі

Аққайың ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі:

С. С. Мейрамова

2010-2011

Алғы сөз

Қазіргі мектеп мұғалімдері педагогика ғылымындағы жетістіктерді игере отырып, оны мектеп жағдайында қолдану бағытындағы алуан ізденістердің үлгісін көрсетіп отыр. Алдарыңыздағы құрал осы ізденістердің бір көрінісі.

Бүгінгі күні баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыруға бағытталған әр түрлі әдістер, бағдарламалар, технологиялар мектеп практикасына енуде.

Бүгінгі таңдағы барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін әр сала қызметкерлері барынша ат салысып, өз үлестерін қосуы. Бұл тұрғыдан білім беру салаларына да қойылып отырған тапсырма жауапкершілікті талап етеді. Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдалану, мектептерінің білім сапасының деңгейін көтеруі сөзсіз.

Педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-жақты тұлға етіп дамыту үшін бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді: білімді ең жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.

Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үдірісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі.

Қызығушылықты оятуда құрастырылған әдістемелік бастауыш сыныптардағы әріптестеріме көмегін көрсететді деп ойлаймын.

Шығармашылық көзқарас, жаңаша жұмыс істеу - оқушының шығармашылық қабілеттерін, дарындылығын арттыруға өз үлесін қосады.

Құралымның негізгі мақсаты: жас мамандарға іс-тәжірбиемді тарату және мұғалімнің басты мақсаты - терең де тиянақты білім беру, сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау қажеттілігін көрсету.

Бұл жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев бірнеше жыл бұрын «Бастауыш мектеп - тәрбиенің қайнары» деген. Өзімнің алдыма қойылған мақсатым - оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу арқылы оқуға деген қызығушылықтарын, ойлау қабілеттеріне, еркін дамуына жол ашу.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Адамгершілік сабақтары» -Б. Қ. Игенбаева

2. «Бастауыш мектеп» журналы -№2 №6 №8-1996ж

3. «Сынып жетекшісі» журналы №2-2004

4. «Ұстаздан ұлағат» кітабы. С. А. Назарбаева

5. «Ата-аналарға арналған кітабы . . . » А. С. Макаренко

6. Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8. -14-17 бет

7. Бантова М. А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М. А. Бантова . - Алматы: Мектеп, 1978.

8. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С. Баржықпаева Бастауыш мектеп. - 1991. -№ 8. - 46-48 бет.

9. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.

10. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.

11 Қайырбекова А. Қазақ тілі. 1 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

12. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 2 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

13. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 3 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

14. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 4 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

Мазмүны

1. Алғы сөз

2. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

3. Сабақ үлгілері

4. Ата-аналар жиналысы

5. Қосымша тапсырмалар

6. Білім сапасының диаграммасы

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларды меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекеттер туады:

  • математика тілін меңгеру;
  • математикалық түсінікті меңгеру;
  • математикалық білік, дағдыларды меңгеру;
  • математикалық жалпы интеллектуадық біліктілігін меңгеру;
  • оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру, - деп есептейді И. Ф. Тесленко.

Математиканы оқытудағы білім берудің негізгі міндеті - жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Жаңа технологияны сабақ үрдісінде қолдану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

Математиканы оқытудағы төменгі сыныптар оқушыларының қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен бірге қазіргі кезде жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі түсті жұмыстар жүргіземін. Солардың бірі: оқушыны деңгейге бөліп оқыту. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді. Оқушы өз қабілетіне қарап есеп шығарып, оның оңай жолын қарастырады, есепті өз бетімен құрастырып, схемалық есеп шығарады, тестік жұмыстар арқылы білім деңгейлері тексеріледі.

Шығармашылық дамыту мақсатында логикалық есептер, кроссвордтар, ребустар шешу сияқты тапсырмалар беріледі. Соның нәтижесінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары деңгейдегі және екінші деңгейдегі оқушылар саны көбейе түседі.

Қазіргі жаңа оқулықтардағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп берілген.

Математика пәніне осы технологияны қолданып жүрмін. Мұндағы мақсатым: өз бетімен дами алатын, білімді оқушыны тәрбиелеу. Жаңа технологияны сабақ үрдісінде жүзеге асыру үшін көп ізденіс қажет. Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады. Оқушының қабілетін байқау оны ары қарай дамытуға көмегін тиеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі бастауыш мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігін, дүниетанымын қалыптастыру, оқуға қызығушылығын оятып ынтасын арттыру болып табылады.

Бала ақыл-ойының дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару - баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.

Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Басты мақсат: жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру. Математика сабақтарында дидактикалық ойындар қолдану, оқушыларды табандылыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Еліміз үшін жас ұрпақтың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айырықша маңызды. Мысал ретінде, математика сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану өте тиімді және де балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.

Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді әділ би.

Қорқақтың қолы қысқа.

Аз сөз - алтын, көп сөз - көмір.

Мұндай мақал-мәтелдер: «көп», «аз», «тар», «ұзын», «қысқа» тағы басқа математикалық ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.

Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертегі, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады.

Ертегілер сюжеті бойынша берілген есептер балаларға ұнайды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп, проблеманы шешкісі келеді. Қызықты математика сағатына математикалық ертеңгіліктерге ертегілерді көп пайдаланамын. Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады.

Ойындарды ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.

Осы аталып өткен жұмыстар арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алатын болады. Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр сабақта осы жұмыс түрлерімен қолданып, оны қызықты ету жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев : “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Оқытудың мәңгілік сауалы: “нені оқыту, қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс:

-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;

-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат мазмұн --- форма әдіс --- оқыту көрнкілігі болса, бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрену меңгеру --- өмірге ендіру --- дамыту болып өзгеріп отыр.

“Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн. шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп санаймын. Бастауыш сыныптарда қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушылары үшін сабақты қызықты да мазмұнды етіп жүргізу мұғалімнің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты.

Сабақтың тақырыбы: «Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу» (242х2 және968:4)

ІІ. Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. 242х4 және 968:4 туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп шығара білуге машықтандыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

ІІІ. Сабақтың дамытушылығы: Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.

IV. Тәрбиелік мәні: Алғырлыққа тәрбиелеу, Отанды сүюге, табиғат байлық-тарын қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

V. Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Ғарышқа ұшамыз.

VI. Сабақтың көрнекілігі: таблица, сурет, ребус, сандар, карточкалар, геометриялық фигуралар.

VII. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақ
  • Балалар, Қазақстан жер көлемінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
  • Тоғызыншы орын.
  • Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?
  • Байқоңырдан.
  • Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?
  • Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.
  • Тұңғыш ғарышкер кім?
  • Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?
  • Неше планета бар?

Осы сұрақтарға жауап ала отырып, олай болса, біздер сол ғарышкерлер ағаларымыз сияқты аспан әлемін өз білімдерімізбен зерттеуге ұшамыз.

Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы «Ғарышқа ұшамыз».

Оқушыларды 3-экипажға бөліп олардың ұшудағы мақсаттарын айтқызу.

І-экипаж ІІ-экипаж ІІІ-экипаж

Мақсаты: мақсаты: «Біріміз мақсаты: «Білікті

«Болашаққа жол бәріміз үшін, бәріміз бірді жығар, білімді

бастау» біріміз үшін» мыңды жығар»

Командир: Экипаж ұшуға дайындал

Алыс айға Марсқа

Біз ұшамыз ғарышқа

а) Өткен сабақты қайталау есебінде

1) 1- сек- 2 қадам. 2) Екі қолда қанша бармақ?

5сек - ? -

10 сек - ? 5 қолда қанша бармақ?

20 сек - ? 3) 2 мүйіз тұмсықта 2 мүйіз

1 мин - ? 100 мүйіз тұмсықта қанша мүйіз? -

Ал енді мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер, сонда ғана біз «Жаңалық планетасына» қонамыз.

267 345 642

VIIІ. Жаңа сабақ: (түсіндіру)

242х4=968 242 968:4=242 968 4

4 8 242

968 16

16

08

8

0

Ойын: «Кім жылдам»

173х5=865 167х4=668 945:5=189

173 167 945 5

5 4 5 189

865 668 44

40

45

45

0

Тез шығарсақ, келесі планетаға ұшамыз.

а) Ал, балалар алдымызда аспан әлемінде тек планеталардан басқа неше түрлі жұлдыздар бар. Біз өте үлкен, әрі қатерлі құйрықты жұлдыздан өтуіміз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек (1 оқушы оқиды есептің шартын) .

Есептің шартына байланысты оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын.

  • Жануарлар неше топқа бөлінеді?
  • 9 топқа (ататып жіберу)
  • Жер бетінде құстардың неше түрі бар?
  • 8600-ге жуық.
  • Ал Қазақстанда соның ішінде неше түрі бар?
  • 474 түрі.

Есептің шартын құрып шығару.

Сүт қоректілер - 172

Құстар - ? 3 есе артық

бауырменжорғалаушылар - ? 4 есе кем

Шешуі: (172х3) :4=516:4=129

Жауабы: - 129

ә) Ойын: «Ойлау операциясы»

15 9 89 (15:3) +87=92

3 (18:3) +86=92

12 88 (9:3) +89=92

18 86

(логика)

Жарайды, балалар қауіпті жұлдыздан өттік.

б) Шолпан планетасына ұшып, соны зерттейміз.

Х · 6=912 848+х=908 273:х=7

Х=912:6 х=908-848 х=273:7

Х=152 х=60 х=39

152·6=912 848+60=908 273:39=7

гео. тіктөртбұрыш шаршы үшбұрыш

Венн диаграммасын құру. (ауызша)

Қазақ тілімен байланыстырамын. (түрі, түсі, пішіні, көлемі) .

в) Шолпан жұлдызын зерттеу.

- Балалар Шолпан жұлдызы қай кезде туады?

- Таң алдында.

Кімнің әңгімесі еді?

-

Шолпан жұлдызын зерттеу үшін мына ребусты шешуіміз керек.

, , , , , , , , ,

ай ту балық алма

  • Қандай сөз шықты?
  • Ауыл
  • Мынадай сұрақтар қоямын
  • Ауыл несімен көрікті?
  • Ел басымыз кім?
  • Қандай бағдарлама қабылдады?
  • Биыл қандай жыл деп аталды?
  • 2003-2005жыл ауыл жылы.

Мақал-мәтелдер сұрадым (суреттер көрсетем) .

г) Балалар, аман-есен елімізге оралдық. Енді мынандай тапсырмаларды орындаймыз.

Математикалық диктант.

в мен 208 сандарының көбейтіндісінен 208-ді азайтуды өрнек түрінде жаз. в=1, 2, 3, 4. в*2058-208, в=1, 2, 3, 4.

(1·208) -208=0 (3·208) -208=416-208=208

(2·208) -208=208 (4·208) -208=832-208=624.

д) Тест аламын.

1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см, ені 2 см ауданын тап.

а) 3+2=5 см 2

ә) (3+2) =14 см 2

б) (3*2) =6 см 2

2. Ең үлкен үш таңбалы санды тап.

а) 333

ә) 999

б) 100

3. Теңдеу құр және оны шеш.

а) а:4=5

ә) а-4=5

б) а*4=5

4. 602 өрнегіндегі бөліндінің мәні неге тең?

а) 602:2=302

ә) 602:2=203

б) 602:2=301

е) (ауызша) жүздіктерін 3-ке бөлгенде қалдық шығатын 724, 726, 712, 543, 542, 534, 535 ондықтары 3-ке бөлінетін сандар. 534, 535.

ж) Логикалық есеп. Үш таңбалы бір сан ойла. Сол санның бірінші цифрын 2 есе арттыр, шыққан көбейтіндіге 3-ті қос. Қосындының мәнін 5-ке көбейт және оған ойланған санның екінші цифрын тіркеп жаз. Қандай сан шықты? Шыққан санды ата. Одан 150-ді шегер, сонда ойлаған сан шығады.

262 1) 2·2=4 2) 4+3=7 3) 7·5=35 4) 35+6=41

5) 412 6) 412

150

262

ІХ. Сабақты бекіту.

  • Біз не үйрендік?
  • Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуді және бөлуді үйрендік.

Х. Бағалау.

І-экипаж ІІ-экипаж ІІІ-экипаж

«жақсы» «орта» «өте жақсы»

«бәрекелді» «жарайсыңдар»

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды жеке-жеке бағаладым.

ХІ. Үйге тапсырма №5 «Ойлан тап»

Математика

Тақырыбы : Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.

Мақсаты: - Бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге және бөлуге машықтандыру;

  • Сәйкес қалдықпен бөлуді пысықтау;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру;

Тәрбиелік мәні : «Сауаттылық - өмір салты» бағытының мағынасын ашу, СПИД-ке, нашақорлыққа, темекі мен алкогольге қарсы іс-шаралардың бір саласы - спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс 21 ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі : ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ-жауап әдістері.

Пәнаралық байланыс : дене шынықтыру, ана тілі, халық тағылымы.

Көрнекіліктер: спорт ойындарының суреттері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, есептердің қысқаша шарты, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі :

  • оқушылардың сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық:

Алдымыздан кезіккен

Көп кісілерді көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

«Ой шақыру» стратегиясы:

Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуынан басталатыны сияқты сабақты « ой жаттығуынан» бастайық:

  • жылдың бесінші айын ата;
  • бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
  • Жылқының төлін ата;
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Көз адамға не үшін керек?
  • 513 пен 515-тің арасында қандай сан бар?
  • Есік қандай геометриялық фигура?

Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме:

Балалар, біз 1-3 сыныптарда «Ұлттық ойындар» бағыты бойынша жұмыстар жүргіздік. Үш жылдың ішінде бірнеше ұлттық ойын түрлерімен таныстыңдар. Енді естеріңе түсіріп, атап жіберіңдерші?

  • ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т. с. с.

Бұл ойындардың жылдың қай мезгілінде ойналатынын, шартын, мақсатын біз жақсы білеміз. Солай емес пе?

  • ие.

Қазір жылдың күз мезгілі. Дала табиғаты қандай? Қандай өзгерістер?

Қандай ойындар ойнауға болады?

-футбол, волейбол, суда жүзу, бәйге, көкпар.

Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды осы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз және сол ойындарды ойнаймыз. Сендерге күз мезгілінде ойналатын ойындар ұнайды емес пе?

-ие, ұнайды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың үндеуі «Қазақстан 2030» стратегиясының бір тармағы «Салауаттылық - өмір салты» бағытында жас жеткіншектерді 21 ғасыр індеті СПИД, нашақорлық, темекі мен алкогольден сақтандыруға, спортпен шынығуға, яғни денсаулықты қорғау, оның алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.

Сондықтан да дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс азамат пен азаматшылар болып өсу үшін спортпен шұғылдану керек екен.

Енді әр спорт түрімен жақынырақ танысып, білу үшін, берілген тапсырмамаларды орындаймыз. Біздің ойындағы жеңісіміз тапсырмалардың орындалуына байланысты.

Әр тапсырманы орындап, ойын түрімен танысып, ойнап болған соң, әрбір нөмірдің артынан мақал-мәтелдер, жұмбақ оқимыз.

1-тапсырма: ФУТБОЛ

3 *8 24:8

30* 8 240:8

300* 8 2400:8

3000* 8 24000:8

- әр бағанның мысалдарын бір-бірімен салыстыр. Не байқадың?


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаттарын бекіту
Менің баламның үрейі
Ата аналарды отырғызу
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Халықтар достығы - ел бірлігі. 8 сынып
Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар сайысы 9-сыныптар
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістері
Отан. тасымал
Дербес компьютердің архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz