Ата-ананың азаматтық борышы: отбасы тәрбиесінің рөлі мен маңызы

Ата - ананың азаматтық борышы

(баяндама)

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасында бірін-бірі түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастары мен мақсаттарының бірлегіне байланысты. Қазақ халқын өз ұрпағын инабатты, ата-бабаларымыздың тарих дәстүрлерімен бірге жасасып келген имандық қасиеттерге тәрбиелеген. Осы сияқты жоғарғы адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыру-ата-ананың азаматтық борышы. Қазақ отбасы, атап айтқанда, әке мен ана өз балаларын, керек десе немерелерін тәрбиелеуде бар күш қуатын, бүкіл қмірін сарп еткен адамдар. «Баламды жанымдай көремін, баламның баласын жанымдай көремін» деген нақыл сөздер босқа айтылмаған.

Халқымыз ұлттық тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткиншектің нағыз азамат болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасаған. Өйткені жас ұрпақ-халықтың ең қымбатты келешегі. Бұл сенімді ақтауда аға ұрпақ, әсіресе ата-аналар алдынды зор міндеттер тұр. Жас ұрпаққа тәрбие беру, Шығыс халықтарының ежелден келе салт- дәстүрлері. Өмірдегі әкенің, ер азаматтың алатын орны ерекше Қазақ елінің тарихи заңы Тәуке ханның «Жеті жарғысында»былай делінген: «Отбасының амандығы әкеге байланысты. Қара шаңырақтың құдіреттің, киелі иесі-ата, әке. Оның тәрбиесі-өнегелі іс. Тұрмыс-тіршілікке, еңбек етуге, кәсіпке бейімдеуде басшылығы күшті. Сонмен бірге әкенің өнеге үлгісі, ел арасындағы адамгершілігі мен ақыл-парасаттылығы, ауыл ақсақалы, ақылшысы ретінде де өресі биік. » А. С. Макаренко «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің әр өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» деген. «Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу-азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы»деп В. А. Сухомлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әрдайым жадында ұстауы керек. Баяндамамды мына қанатты сөзбен қорытындыласам: «Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-ана»

Меңдіғалиева Гүлім Сағидоллақызы

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,

«Көгеріс» жалпы білім беретін орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.


Ұқсас жұмыстар
Ата-ананың азаматтық борышы: қазіргі міндеттер мен болашақ жауапкершілік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен отбасылық тәрбиенің маңызы
Ұлтты тәрбиелейтін ата-ана: отбасы тәрбиесінің рөлі мен әдістері
Отбасы - тұлға тәрбиесінің алтын діңгегі және ата-ана рөлі
Отбасы мен мектептің азаматтық-патриоттық тәрбиедегі рөлі
Ата-анаға алғыс: отбасы тәрбиесінің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы рөлі
Бала тілі - бал: отбасы тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен баламен қарым-қатынасты жетілдіру
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және әлеуметтік-педагогикалық маңызы
Отбасы тәрбие бастауы: ата-ананың рөлі, міндеттері және мектеппен ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz